Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет27/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129

 
54 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
қарама  –  қайшылықтар,  барлық  дау-дамайлар  адам  үшін  не  тиімді  деген  көзқарас 
тұрғысынан шешіледі, барлық шешімдер осы тұрғыдан қабылданады, ал ол адам қайдағы бір 
қиялдағы,  қандай  да  болмасын  демократиялық  сұлбаға  сәйкес  әсерленген  адам  емес, 
нақтылы мақсаттары мен қажеттіліктері өмірде бар, тірі адам.  
Адамның  құқықтары  –  бүкіл  адамзаттың  ажырамас,  бөлінбес  игілігі.  Бұл  дүниеде 
қандай  да  оқиғалар  мен  әрекеттер  орын  алмасын,  қандай  да  ғылыми  жаңалықтар 
ашылмасын,  олар  адамның  жағдайына,  оның  құқықтары  мен  бостандықтарына  жағымсыз 
әсер  етпеуге  тиіс.  Қоғамдық  процестердің  дамуында  құндылық  бағдар  адам  құқықтарын 
ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні 
осында. 
XX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  көптеген  мемлекеттер  жалпы  адамзаттық 
құндылықтардың,  либералдық-демократиялық  идеялардың  ықпалымен  адам  құқықтарын 
қорғауды көздейтін құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет принциптерінен бағдар 
алды.  Адам  құқықтарын  жан-жақтылау  процесіндегі  мына  төмендегідей  аса  маңызды 
кезеңдерді атап өту қажет. 1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы негізгі 
құқық  қорғаушы  құжат  –  Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясын  қабылдады. 
Адам  құқықтарын  қорғауда  1975  жылы  Хельсинки  және  1989  жылы  Вена  келісімдері  де 
маңызды құжаттар болды. 
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мелекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық 
мемлекеттің  де  қағидалары  дамытылды.  Тұңғыш  рет  мемлекет  пен  тұлғаның  өзара  қарым-
қатынасы сот негізіне қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы 
бекітілді,  заңға  мемлекеттік  органдар,  азаматтар  және  олардың  бірлестіктері  араларында 
туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді. 
1997  жылы  қылмыстық  және  қылмыстық  іс  жүргізу  заңдардың  қабылдануына  орай 
1995  жылғы  Конституцияның  талаптарына  сай  адам  мен  азамат  құқықтары  мен 
бостандықтарына  берілетін  кепілдік  кеңейтілді.  Адамның  құқықтарын,  бостандықтары  мен 
мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам – Қазақстан 
Республикасының Конституциясының қабылдануы болды. 
Конституцияда  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарының  үлкен  тізімі  бекітілген. 
Бұл  арада  ҚР  Конституциясында  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарының  адам 
құқықтарының   халықаралық  стандарттарынан  бастау  алып,  бекітілуінің  аса  маңызды  факт 
екенін  атап  өткен  жөн.  ҚР  Конституциясында  бекітілген  адамның  құқықтары  мен 
бостандықтары  заңдардың,  мемлекеттік  билік  органдарымен  олардың  лауазымды 
тұлғаларының  қызметтерінің  мәнін,  мазмұны  мен  қоданылуын  белгілейді.  Конституция 
құрамындағы  бұл  маңызды  ережелер  мемелекттік  органдардың  қызметін  реттейтін 
бөлімдердің  алдынд  келтірілген,  бұл  мемлекеттің  адамды,  оның  өмірін,  құқықтары  мен 
бостандықтарын  ең  жоғары  құндылықтар  деп  санап,  қоғамның  оның  мүдделерін 
мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді. 
ҚР  Конституциясында  адам  мен  азаматтың  азаматтық  және  саяси  құқықтары  мен 
бостандықтарының  бекітілуінің  арқасында  бұл  құжат  адамның  дербестігін,  жеке-дара 
мүдделердің  әрекет  кеңістігін  қорғаудың  құқықтық  кепіліне  айналды.  Мемлекет  барлығын 
бақылаушы  және  барлығына  қол  сұғушы  ұйымның  рөлін  атқаруға  ұмтылмайды.  Бұл 
Қазақстанда  азаматтық  қоғам  орнатудың  маңызды  алғы  шарты  болып  табылады.  Нақ  осы 
тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен 
мемлекеттің  проблемаларын  шешуге  қатысу  үшін  жағдайлар  жасауы  егеменді  Қазақстанда 
азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. 
Қазіргі  жағдайда  адамның  бостандығы  біршама  басқаша  түсініледі.  Адамның 
бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез келген 
кедергілерді  жоюдан  ғана  құралмайды.  Адамның  бостандығы  көрініс  табатын  маңызды 
тұстардың  бірі  –  жауапты  шешімдерді  қабылдау  еркіндігі.  Бұл  адамның  санасы  мен 
мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. 


 
 
55 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Осылайша,  қазіргі  адам  құқықтарының  тұжырымдамасы  мына  қағидаларға 
негізделеді:  адамның  өзінің  дербес  дүниесі  бар,  оған  ешқандай  биліктің  қол  сұғуына 
болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; 
адамға  оның  құқықтары  мен  бостандықтарын  құдай  да,  мемлекет  те  сыйлаған  емес, 
сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін 
ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол еш  уақытта да мені жарылқап, 
маған  құқықтар  мен  бостандықтар  берді  деп  ешкімге  бас  июге,  ешкімнің  алдында  өзін 
мәңгілік  борышкермін  деп  сезінбеуге  тиіс.  Адамның  қадір-қасиеті  оған,  адамға,  өзінің 
құқықтары мен бостандықтарының түйірмелерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де 
болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана 
тиесілі. 
Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  жариялаған  күннен-ақ  құқықтық  мемлекет  құру  идеясын 
қабылдады.  Құқыққа  мойын  ұсынып,  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған мемлекет осылай сипатталады. 
Ұлттық  құқық  жүйесін  дамытып,  оның  толыққанды  жұмыс  істеуі  үшін  1995  жылғы  30 
тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция содан бергі мерзімде 
елімізде  экономикалық  және  әлеуметтік,  саяси  реформаларды  жүзеге  асырып,  қоғамды 
демократияландыру  ісінде  өзінің  жасампаздық  әлеуетімен  Қазақстан  халқына  қызмет  етіп 
келеді.  Егемен  еліміздің  жаңа  негізгі  заңының  қабылдануы  жаңа  мыңжылдық 
табалдырығында  Қазақстан  тарихындағы  атаулы  оқиға  болып,  тәуелсіз  мемлекеттің 
конституциялық  дамуының  жаңа  сатысына  негіз  салды.  Тап  осы  Конституцияны  ел 
тарихындағы идеялар көрініс тапқан, әрі халықаралық деңгейге сай биік межедегі заң деуге 
толық негіз бар. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарының қорғалу деңгейі жағынан халықаралық стандарттардың барлық талабына 
жауап  береді.  Онда  бекітілген  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары 
заңдардың қолданылуының, мемлекеттік билік органдары мен олардың лауазымды адамдары 
қызметінің мағынасы мен мазмұнын анықтайды. 
Конституцияға  сай,  адамның  және  азаматтың  өз  құқықтары  мен  бостандықтарын 
жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық 
құрылыс  пен  қоғамдық  имандылыққа  нұқсан  келтірмеуге  тиіс.  Дегенмен,  Республика 
Конституциясы  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  шектеу 
мүмкіншілігін  жоққа  шығармайды.  Бұл  шектеулер  ақталған  және  негізгі  халықаралық 
пактілерге,  соның  ішінде  Жалпыға  бірдей  адам  құқықтары  декларациясына  сәйкес  келеді. 
Қазақстан  Конституциясы,  Жалпыға  бірдей  адам  құқықтары  декларациясының  29-бабына 
сай  белгілі  бір  негіздер  болған  кезде  құқықтар  мен  бостандықтарды  шектеу  институтын 
енгізеді.  Мысалы,  Конституцияның  39-бабы  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтары: 
-конституциялық құрылысты қорғау
-қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы 
мен имандылығын сақтау мақсатында шектеулі мүмкін деп белгілейді [1]. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік құқықтың қайнар көзі бола 
отырып,  мемлекеттің  міндеттерін,  оның  саяси  және  экономикалық  жүйелерін,  сыртқы 
саясатты,  мемлекеттік  қорғанысты,  әлеуметтік  және  мәдени  даму  негіздерін  айқындайды 
және  республика  азаматтарының  құқықтары  мен  міндеттері  жүйесін,  ұлттық  мемлекеттік 
билік  пен  әділ  сот  және  прокурорлық  қадағалау  қызметтерінің  ұйымдастыру  қағидаларын 
бекітеді.  
Сол  сияқты,  конституцияда  мемлекеттік  құрылыстың  негіздерін,  оның  шынайы 
гуманистігі  мен  демократияшылдығын  анықтайтын,  маңызды  мемлекеттік-құқықтық 
қатынастарды  реттейтін  нормалар  орын  алады.  Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  басты 
міндеттернің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау 
болып  табылса,  Қазақстан  мемлекеті  адам  құқықтары  жөніндегі  халықаралық  нормаларды 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау