52
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
түрде оқу үдерісінің белсенділігін арттырумен, ой-сана қабілеттерін дамытумен, оларда табысты
болуға деген мотивацияға бағытталуымен байланысты. Сондықтан, болашақ мамандардың
интеллектуалдық дамуының маңызды құраушылары мотивация мен білім алуға деген
құлшынысты дамыту болса, онда кәсіби даярлықты ұйымдастарудың технологиясын қайта ой
елегінен өткізгеніміз жөн.
Студенттер белсенділігінің көзі олардың қажеттіліктері болып табылады, оларды түсіну
мінез-құлықтың себебіне айналады. Алайда, психологиялық ғылымның тұжырымдауынша,
мотив оған ішкі түрткі бола тұрып, нақты іс-әрекет мінездемелерін бермейді. Іс-әрекеттің қандай
болатынын мақсат айқындайды. Іс-әрекеттің әлеуметтік мәні студент үшін жоғары болса, ол іс-
әрекетке әрқашан шын ниетімен қосылады. Бұл факт жоғары оқу орнындағы мамандарды
кәсіби даярлауда мотивация теорияларын қолдану тәсілдерін қайта қарауды, студенттерді
шығармашылық қызметке ынталандырудың әдістерін іздестіруді талап етеді.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің түпкі нәтижесіне ерекше мән берген Н.Д.Хмельдің
идеялары назар аударуға тұрарлық. Оның пікірінше, заманауи кәсіби қызмет табысты
нәтижелермен бағаланады. Бұл білім саласы үшін аса маңызды, себебі мұнда табысты
нәтиже, нарықтық экономика тілімен айтқанда түпкі сапалы өнім – қалыптасқан тұлға.
Егер білім жүйесі табысты нәтижелер беретін болса, онда қоғамның әлеуметтік-
экономикалық өмірінің басқа салаларында жағымды, оң өзгерістер мүмкіндігі белең
алады [5].
Жалпы қоғамда, әсіресе жоғары оқу орнында тұлғаның интеллектуалдық дамуы
туралы кейбір мәселелерді қозғаған мақаламызда келесідей бірнеше қорытынды
шығаруға болады:
1. ҚР Президенті Н.Назарбаев Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқыған дәрісінде
заманауи білім жүйесінің бірінші кезектегі міндеті «сыни ойлауды меңгерген және
ақпараттық ағымда бағыт-бағдар ұстауға қабілетті адамдарды даярлау» [6]. деген
болатын. Бұл сөздің жаны бар, себебі студент ақпараттық ағымның тиімді жақтарын
орынды пайдалана білгені жөн. Ақпарат көздері өте көп, яғни солардан адаспай өзіне
қажетті білімдер мен дағдыларды жинау – интеллектуалдық қабілетті дамытуға әкеледі.
2. Адами капиталдың интеллектуалдық қоғамдағы даму шарттары: жаңа
ақпараттық және ғылыми сыйымды технологияларды енгізу, білім индустриясының
дамуы және өсуі. Адами капиталдың дамуы үшін сапалы білімі бар сауатты, дамыған,
іскер тұлғалар қажет. Бұған әрқашан мән берілген, егер жеткілікті көңіл бөлінбесе, онда
интеллектуалды қоғам да, сәйкесінше капиталдың дамуы да болмайды. Себебі,
интеллектуалды қоғам адами капитал өндірісі және белгілі маман немесе профессордың
ғана емес, барлық рухани-адамгершілік қасиеттер мен мінездерді толық иеленген
адамның жоғарғы құндылығы болып табылады. Егер, адам әлеуетіне инвестиция құятын
болсақ, онда біз қоғамдағы адами капиталдың жылдан-жылға дамуы мен интеллектуалды
қоғамның қалыптасуына әкелетінін көреміз.
3. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылында адамның туғаннан бастап өмір бойы
үздіксіз оқуы үшін қажетті база қалыптасты. Педагогтар мен мамандардың күнделікті
еңбегінің арқасында қазақстандық білім халықаралық білім кеңістігінде өз орнын алды.
Қазіргі білім жүйесі саннан сапаға көшетін үлкен кезең алдында тұр.
Ойымызды жинақтай келе, қазіргі Қазақстан Республикасының 30 дамыған ел
қатарына кіріп, халықаралық бәсекелестік кеңістікте өз орнымызды нығайта түскіміз
келсе, тұтас білім және ғылым жүйесі, тіпті қоғамның әр мүшесі, әсіресе орта және
жоғары оқу орындары барлық күштері мен мүмкіндіктерін болашақ мамандарды
интеллектуалды дамыған, шығармашылық тұлғаларды даярлау бағытында жұмылдыруы
қажет. Интеллектуалдық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік де осыған байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар //http://www.akorda.kz
53
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
2. В рейтинге по ИЧР 2016 года Казахстан занял 56-е место, как и в 2015 году, и
находится в категории стран с высоким уровнем человеческого развития. UNDP in Казахстан.
Пресс-релизы.
08.06.2017
//http://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/ru/home/presscenter/pressreleases/2017/06/08/-2016-
56-2015-.html
3. Шаяхметов Н.У. «Интеллектуалды ұлт» бағдарламасы және білім берудің кейбір
мәселелері. // http://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2633/Intellektualdi%20ult.pdf
4. Маульшариф
М.,
Төребекова
А.
Интеллектуалды
капитал
қоғамның
постиндустриалды даму кезеңіндегі білімге негізделген экономиканың бастауы ретінде.
//ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы. №3 (46). 2013
5. Берикханова А., Ибрагимов Д., Роль системы высшего образования в формировании
интеллектуального потенциала общества. Экономика. Республикалық апталық газет.
29.10.2015. //http://economics.kazgazeta.kz/?p=15557
6. В КазНУ состоялась прямая трансляция онлайн-лекции Н.Назарбаева. Пресс-служба
КазНУ //http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/4450/
ӘОЖ 001
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болат Г.Б., Чукмаитов Д.С.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдыкорган қ.,
zhgu.edu.kz
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес анықталған,
адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделері мен
міндеттерін анықтайтын нормаларға сипаттама беріліп, құқықтық мәртебесі анықталған.
Сондай-ақ, аталған құқықтарға құқықтық талдау жасалып, түсініктеме берілген.
Кілттік сөздер: Конституция, конституциялық құқық, конституциялық бостандық,
мәртебе, заңды мүдде, адам және азамат, конституциялық міндет.
В данной статье рассмотрены конституционные права, свободы, законные интересы
и обязанности, а также сделан подробный правовой анализ и определены нормы
определяющий конституционный статус человека и гражданина.
Ключевые слова: Конституция, конституционное право, конституционные свободы,
статус, человек и гражданин, конституционные обязанности, законный интерес.
This article deals with constitutional rights, freedoms, legitimate interests and duties, as well
as a detailed legal analysis and rules defining the constitutional status of a person and citizen.
Key words:
Constitution, constitutional law, constitutional freedoms, status, person and
citizen, constitutional duties, legal interest.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде
мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл
болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда адамның қоғамдағы орнын, оның
мемлекетпен өзара байланысын анықтайды.ҚР Конституциясының 1-бабында адам, оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп бекітілген [1]. Бұл
конституциялық норма – мақсатта мемлекеттің құқықтық дамуының ұзақ мерзімдік міндеті –
мемлекеттің құқықтық сипатын қалыптастыру жарияланған. ҚР Конституциясының негізгі
идеясы мен адам мүдделерінің жалпыға бірдей презумпциясы болып табылады. «Адам
мүдделерінің презумпциясы [2, 14], - дейді профессор Г.Мальцев, - заң аясында барлық
Достарыңызбен бөлісу: |