216
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Ұжымдарды қалыптастыру өзара тартымдылық және психологиялық ұқсастық
негізінде жүреді. Микроұжымда білім мен қабілеттегі айырмашылық оқу аудиториясында
кедергі келтірмейді. Біреу үшін толық орындалмайтын нәрсе, ұжымдық жұмыс көмегімен
жүзеге асуы мүмкін. Білімгерлер туындаған сұрақтарды бірлесіп шешеді және ақылдасады.
Әрбір топ мүшесі
әрі білімгер, әрі оқытушыға айналады.
Микротоптарды қалыптастырудың маңызды сатысы қабілетті білімгерлер арасынан топ
лидерін таңдау, ол өз тобы ішінде оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушысы болып табылады.
Ол оқу тапсырмалары және тәжірибелік жұмыстарды орындау бойынша жалпы жетекшілік
жасайды, оқытушыдан тапсырма алады және оны білімгерлердің қабілетіне қарай өз тобы
ішінде бөліп береді.
Білімгерлердің шағын топтарда жұмыс істеуі, еңбек ортасында жолдастарымен іскерлік
қатынас, коммуникативтік біліктерді бірден көтереді, командада жұмыс істеу және проблема
шешу қабілетін дамытады. Еңбек нарығындағы бәсеке үшін кәсіби даярлық деңгейін көтеру
қажеттілігі туындайды. Білімгер әрқашан өз нәтижелеріне үнемі сыни тұрғыдан бағалауға
бейімделеді, бұл өз кезегінде оны өзіндік дамудың ішкі механизмдері мен резервтерін іздеуге
итермелейді, әрі ойлау дербестігі мен шығармашылық белсенділіктерін дамытуға мүмкіндік
береді.
«Кәсіпкерлік» пәні бойынша әдіс-сабақтарда жобалық әдістерді пайдалану ақпараттық
кеңістікте бейімделуге, ақпараттарды өңдеу алу дағдыларын үйренуге, зерттеу жүргізу
дағдыларын, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, алға қойылған мақсатқа қол жеткізе білу
қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобалық әдістің негізінде білімгерлердің танымдық, шығармашылық дағдыларын
дамыту, ақпараттық ортаға бейімделу және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері
жатыр. Жобалық дәріс жалпы көп уақытты қажет ететін жобадан айырмашылығы ретінде,
ізденіс кезінде нысанның құрылымын анықтау, нысандардың бір-бірімен байланысын айқындау,
теоремалар мен формулалардың дәлелдемелерін келтіру немесе әр түрлі тапсырмалардың
шешімдерін анықтау сияқты жұмыстардан орын алуы мүмкін. Жобалар әдісімен жүргізілген
сабақтар, жаң материалды меңгеру, сондай-ақ оқу тапсырмаларын бекіту және дағдыларды
шыңдауға көмектеседі. Жобалық сабақтар барысында кез-келген зерттеу жобасына тән кезеңдер
бар:
- мәселе қойылады, жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықталады;
- ми шабуылы арқылы зерттеу гипотезасы қойылады;
- зерттеу әдісі таңдалады;
- әр топ өздерінің ізденіс барысында алған нәтижелерін конспект, жоспар, алгоритм және
т.б түрінде әзірлейді;
- әрбір топ өз нәтижелерін ауызша түрінде ұсынады;
- жұмыстар қорытындылап, әрбір топқа өз бағасы беріледі [4].
Жұмыстың орындалуына қарастырылып отырған сұраққа байланысты, сабақтың 15
минутынан 2 академиялық сағатқа дейін беріледі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жеке
тұлғаға бағдарланған білім беру жағдайында рефлексияға қабілетті, зерттеушілік,
коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл
тұлғаны қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім
стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір
жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну оқытушының құзыреттілігіне байланысты
болары сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан
халқына Жолдауы, 2018 жылғы 10 қаңтар-//http://www.akorda.kz.
217
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
2. Байденко, В.И. Компетентностный подход к проектированию ГОСВПО
(методологические и методические вопросы) : метод. пособие /- М.: Исследовательский
центр проблем качества подготовки специалистов, 2005. - 114 с.
3. Колетвинова Н.Д., Бичурина С.У. Речеведческая парадигма профессиональной
подготовки студентов в новых условиях практико-ориентированного обучения //
Современные проблемы науки и образования. – 2016. – № 3.
4. Тахохов Б.А., Отиева Р.Г. Индивидуализация обучения в современной высшей
школе //Вестник Северо-Осетинского государственного университета имени Коста
Левановича Хетагурова. 2012. № 2. С. 156-162.
ӘОЖ 370
ҚАЗАҚ КИНО ТУЫНДЫЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ӘСКЕРИ
– ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУГЕ ДАЯРЛАУ
Тумарбаева А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
tumarbaeva_1994@mail.ru
Идеология - таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық
мүддесін қорғаушы деген түсінік. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы
техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық
жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Кинематография–кинофильмдерді шығару
және оны көпшілікке көрсету ісімен шұғылданатын мәдениет пен экономиканың бір
саласы, өнердің ең бұқаралық түрі.
Кілттік сөздер: патриотизм, отан, сүйіспеншілік, қауіпсіздік, мемлекет
Цель военно-патриотического воспитания молодежи - создать чувство
патриотизма и гордости за свою страну. Важно обучать молодежь посредством
казахского кинемотографий военно-патриотических мер по воспитанию Родины, уважению
к Вооруженным силам и готовности к военной службе. Поэтому необходимо проводить
военно-патриотические действия среди школьников. Поэтому акцент был сделан на
развитии социально-экономических явлений в стране, развитии самообеспеченности и
внедрении потомственного наследия. Продвижение наследия предков способствует
развитию национального наследия, способность применять к прошлому нашей нации
основана на принципах современного образования и обучения.
Ключевые слова: патриотизм, родина, любовь, безопасность, государство
The purpose of the military-Patriotic education of youth is to create a sense of patriotism
and pride for their country. It is important to teach the youth by Kazakh cinematography of
military-Patriotic measures for the education of the Motherland, respect to the Armed forces and
readiness for military service. Therefore, the focus was on the development of socio-economic
phenomena in the country, the development of self-reliance and the introduction of hereditary
heritage. Promotion of ancestral heritage contributes to the development of the national heritage,
the ability to apply to the past of our nation based on the principles of modern education and
training.
Key words: patriotism, patriotism, love, security, state
«Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал
мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда,
патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен
және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді».Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі