Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет42/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58

 
мүшелері мен осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық 
көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.
 
      2. Қызметін өткеріп жатқан жерде немесе тұрғылықты жерінде олар болмаған 
жағдайда немесе ведомстволық медициналық ұйымдарда тиісті бөлімшелер, мамандар не 
арнайы жабдықтар болмаған жағдайда, медициналық көмек тегін медициналық көмектің 
кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарда көрсетіледі.
 
      
Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 
N 379-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2012.01.06 
№ 529-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      136-бап. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған
 
                азаматтарға медициналық көмек көрсету
 
      1. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтар медициналық көмекті 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алады.
 
      2. Иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтардан қан мен тіндерді алу, 
оларды сақтау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
 
      137-бап. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен
 
                азаматтарға медициналық көмек көрсету
 
      1. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген адамдар санаты жатады.
 
      2. Экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтар Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмек алады.
 
      138-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық
 
                көмек көрсету
 
      Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас 
бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған 
азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар айқындайтын 
тәртіппен көрсетіледі. 
 
   23-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕЛЕГЕН 
ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ 
      139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю
 
                және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану
 
                тәртібі
 
      1. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың 
инвазиялық әдістерін қолдану науқастардың жазбаша келісімімен қолданылады.
 
      Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, психикасының бұзылуынан (ауруынан) 
зардап шегуші науқастарға және кәмелетке толмаған адамдарға хирургиялық араласу, 
қан мен оның компоненттерін құю, диагностиканың инвазиялық әдістері олардың заңды 
өкілдерінің жазбаша келісімімен жасалады.
 
      2. Медицина қызметкерлері өмірді сақтау айғақтары бойынша хирургиялық 
араласуға кірісіп кеткен және оны тоқтату пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп 
төндіруіне байланысты мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, келісім кері қайтарып 
алынуы мүмкін.
 
      3. Хирургиялық араласуды, қан мен оның компоненттерін құюды, диагностиканың 
инвазиялық әдістерін қолдануды кідірту науқастың өміріне қауіп төндіретін, ал 
науқастың немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алу мүмкін болмаған жағдайларда, 
дәрігер немесе консилиум науқасты немесе оның заңды өкілдерін қолданылған шаралар 
туралы кейіннен хабардар ете отырып, шешім қабылдайды.
 


 
      140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру
 
                жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары
 
      1. Биологиялық өлім өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм 
тіршілігінің тоқтауын білдіреді.
 
      2. Биологиялық өлімді медицина қызметкері мынадай белгілердің жиынтығы 
негізінде растайды:
 
      1) жүрек қызметінің тоқтауы;
 
      2) тыныс алудың тоқтауы;
 
      3) орталық жүйке жүйесі жұмысының тоқтауы.
 
      3. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шаралар тек қана:
 
      1) биологиялық өлім расталған;
 
      2) консилиум бас миының біржола семуін тіркеген кезде, жақын туыстарының және 
(немесе) заңды өкілдерінің бірауызды жазбаша келісімі болған кезде тоқтатылуы 
мүмкін.
 
      141-бап. Эвтаназия
 
      Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.
 
      142-бап. Анатомиялық сый
 
      1. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) 
ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз 
еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам 
жүзеге асырады.
 
      2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.
 
      3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) 
басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған 
адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.
 
      4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, 
ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.
 
      5. Анатомиялық сыйды жасаудың және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің 
тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 
   6-БӨЛІМ. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ 
САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ 
   24-тарау. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ 
САЛАУАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ 
      143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
 
                жүйесі
 
      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне:
 
      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы 
саласындағы мемлекеттік орган;
 
      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;
 
      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.
 
      144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
 
                нормалау
 
      1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-
эпидемиологиялық қызметтің жұмысы болып табылады және ол:
 
      1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негіздемесі бойынша 
бірыңғай талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;
 
      2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуді (қайта 
әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен жариялауды;
 
      3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеуді, қолданылу 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау