185
ӘОЖ 911 (574.52)
Б 18
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ЖАҒДАЙЫ
Бахтыбекова Ш.М., Кенджебаева Т.Б.
Тараз мемлеккеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Адам мен табиғат арасындағы ӛзара әрекет әр түрлі уақытта күрделі бір ғылыми
проблема болып келеді. Антропогенді процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып
келеді.Адам әрекеті ландшафтыны құрайтын құрамдас бӛліктердің бәріне бірдей әсер
етпейді.Антропогенді факторлар ландшафтының геоглиялық негізін, жер бедерін, климаттың
басты ерекшеліктерін ӛзгерте алмайды.Адам іс-әрекетіне байланысты негізінен
ландшафтының ӛзен жүйесі, ылғал ен жылу балансы,топырақ жамылғысы,ӛсімдіктер мен
жануарлар дүниесі ӛзгереді.
Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында,42
0
-46
0
с.е. мен 69
0
-75
0
ш.б.
аралығында орналасқан. Жалпы алып жатқан жер кӛлемі 145,2 мың шаршы шақырым.
Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылса, ал батыстан шығысқа 500
шақырыға созылады.Облыстың шығысындағы, оңтүстігіндегі және батыстағы шекаралары
табиғи шекара болатын тау жоталарымен ӛтеді. Солтүстік аймағы жазық- Мойынқұм,
Бетпақдалаға ашық тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Айтау(Шу- Іле таулары),
оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау таулары мен шектеседі. Шу және Талас
ӛзендерінің тӛменгі ағысында орналасқан. Негізгі ӛзендері –Шу, Талас. Шу ӛзені бойынша
облыс екі бӛлікке: Шу ӛзенінен солтүстікке қарай Бетпақдала шӛлі, оңтүстігіне қарай
Мойынқұм шӛлі орналасқан. Облыстың солтүстік –шығыс шекарасы бойынан Балхаш
кӛлінің бӛлігі ӛтеді. Ӛлке жер бедерінің 90% жазық, ал 10% таулы болып келеді. Табиғи
жағдайы бойынша Жамбыл облысының территориясы 3 зонаға бӛлінеді: шӛлді; шӛлді –
далалы; таулы далалы.
Жамбыл облысының қазіргі экологиялық жағдайы облыс аумағында бірдей
емес.Территорияның экологиялық жағдайы әртүрлі провинцияда әрқалай. Жамбыл
облысының территориясында экологиялық дестабилизацияның қанағаттанарлық деңгейі -
58,9 %. Территорияның экологиялық шиеленсікен жағдайы -28%. Аса шиеленіскен
территория үлесі -1,3%. Экологиялық қалыпты жағдай-11,8%. Жамбыл облысы
территориясындағы геоэкологиялық жағдайды сараптай келе 13 геоэкологиялық анклавты
ажыратуға мүмкіндік берді. Жамбыл облысы территориясының экологиялық жағдайына
жасалаған сараптама бойынша әр провинциясында экологиялық жағдайдың әртүрлі екенін
кӛрсетеді. (кесте-1)
Антропогенді факторлардың тікелей әрекеті кӛбіне ландшафтының морфологиялық
құрылымдық бӛліктерінің ӛзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен процестерге
жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың кӛшпелі
құм жондарына айналуын және т.б жатқызуға болады.Анторпогенді фактордың әрекет ету
кӛлемі халықтардың қарқыны орналасу тығыздығына, ӛндіріс құралдары мен ӛндіріс
қатынастарын, әлеуметтік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді.
Қоршаған ортаға тигізіп отырған әсері тұрғысынан техногенездің ықпалы зор.Атап
айтқанда, табиғи ортадағы геоэкологиялық жағдайды шиеленістіреді, табиғи шикізат кӛзі
азайып, денсаулыққа үлкен нұқсан келтіреді, табиғи ландшафтының экологиялық қалыпты
орта құраушы қабілетін тӛмендетеді.
Жамбыл облысындағы геосистемалардың экологиялық жағдайын шиеленістіретін
негізгі себептер:
Қоры қалыпна келмейтін табиғи ресурстарды
тиімсіз пайдалану;
Урбанизация мен шаруашылық обектілерінің мейлінше шоғырлануы;
Геосистеманың зиянды қалдық заттармен ластануы;
Табиғи жайылымның дигрессиясы мен суармалы
жерлердің екінші рет тұздануы;
186
Антропогендік шӛл басу
Кесте-1. Экологиялық мәселелерге анализ жассау
Кҥшті жағы
Әлсіз жағы
1.Атмосфера ауа қабатының мемлекеттік
бақылау және мониторинг жүйесі жақсаруда,
ауаны
лабораториялық
бақылауда
қолданылатын техниканың жаңартылуы.
1. Ауа қабатының ластануы жӛнінде
объективті
бағасы
жоқ,
атмосфералық ауаны жақсарту үшін
басқару
мәліметтерінің
аздығы,
Қаратау,
Жаңатас
және
Шу
қалаларында
ауаны
бақылайтын
посттардың
жоқтығы.
Тараз
қаласында мұндай посттар аз.
2.Ауа
қабатын
қорғау
мақсатындағы
қаржыландыру
шараларының
жақсаруы,
осының нәтижесінде ӛсіп келе жатқан
химиялық салалар ,жылу энергетикалық
кешендерден шығатын заттармен ауа қабаты
қатты ластанбайды.
2. Қалдықтар мен улы газдарды бӛліп
шығаратын
орындарда
автоматтандырылған
бақылаудың
жоқтығы.
3.Қоршаған орта мен табиғат ресурстарын
тиімді пайдалану бойынша мониторинг және
мемлекеттік бақылау жүргізеді.
3.Аса, Талас ӛзендерінің, елді –
мекендердегі сулардың ластануы,
Жамбыл
ауданындағы
ауыл
шаруашылық
орындарында
су
деңгейінің батпақтануы (фильтрация
нәтижесінде).
4.
Ӛндірістік
және
тұрмыстық
қалдықтардың
ықпалы
кӛбеюде.
Облыста 96,27 млн тонна ӛндірісік
қалдықтар, 5,87 млн тонна қатты –
тұрмыстық қалдықтар жиналған.
5.Атомобиль транспортының ауаға
шығарылған
газының
мӛлшері
азаймауда (Облыс бойынша оның
мӛлшері 69 пайыз)
Ландшафтардың табиғи қасиеттерін сақтау немесе нашарлаған кешендерді қайтып
орнына келтіру мәселелері – рекультивация проблемасын алдымызға қояды. Кейбір
мемлекеттер тау –кен ӛндірісінің ашық түрде кен ӛндіру бағыты саласында ӛзіндік
қағидалармен жұмыс істейді. Ең негізгісі кен орындарын ӛндірмей тұрып, алдын ала
рекультивация жоспарын ұйымдастыру және қолайсыз үрдістердің кӛршілес табиғи
кешендерге (жер асты, жер
беті суларына, топырақ қабатына) әсер етпеуін қамтамасыз ету.
Бұзылған жерлерге рекультивация мынандай жағдайдан кейін жасалады: мелиорация
жасау; ағаш дайындау; геологиялық шолу; топырақ жамылғысының бұзылуына байланысты
жобалық зерттеулер жұмысы және т.б. (лабораториялық анализдер жасау); ӛндірілген
қалдықтарда рекультивация жасалатын жерді тазалау; химиялық мелиоранттарды,
органикалық және минералды тыңайтқыштарды, бактериялық препараттарды ендіру;
құнарлы топырақ жамылғысын тӛсеу, ӛсімдіктерді дайындау т.б.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы территориясында экологиялық тепе-теңдікті сақтау
үшін шешімін таппай отырған мәселелер: анторпогенді шӛл басудың қарқынды жүруі, уран
радилогиялық
қауіпсіздікті сақтау, мемлекет аралық ӛзендер суын реттеу.
Жамбыл облысының 70% жуық территориясын табиғи шӛлдер алып жатыр. Сондықтан
да, Жамбыл облысының территориясында шӛлбасу геоэкологиялық проблема болып
саналады. Шӛлбасуды тоқтату шараларының ішінде су мен жер ресурстарын, суарламалы
шаруашылық жағдайында тиімді пайдалану жолдарын оңтайландыруды қажет етеді. Облыс