37
4. Аупбаева Л. "Мен қазақпын" поэмасын оқыту жолдары. //Қазақ тілі мен әдебиеті. №2.
1994. – 69-74 беттер.
5. Ахметжанов Қ. Найзаны ұзын саптаған //Ана тілі. 5 қараша. 1992. – 5 бет.
6. Байжанов Т. Қолбасшылардың атауы. /XV-XVIII ғ.ғ./. //Жалын журналы. №3. 1993. –
54-58 беттер.
7. Ғабдуллин М. Батырдың мінезі. /Қазақ әдебиеті. 29 қазан. 1993. – 8-10
8. Н.Р.Рамашов, А.Н.Иманбетов. Әскери патириоттық тәрбие негіздері. 2013.- 47-54бет
Аннотация
Жұмыста кӛне түркі, кӛшпелілер тарихындағы жауынгерлік дәстүрлерлі, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ
халқының ерен ерліктерін, бүгінгі ғылыми еңбектерді саралай келе батырлық, батыр, ерлік, ер,
ұлттық, жауынгерлік дәстүр, оның ерекшеліктері және ерлік тәрбиесінің педагогикалық тұрғыда
нақтыланды. Халықтық тәлім-тәрбиелік мұраларды меңгерумен қатар, сол кездегі ӛмір сүрген ірі
тұлғалардың қоғамнан алатын ӛзіндік орындарын айқындауға болады.
Аннотация
Клещей в истории тюркского кочевого населения XIII века казахских героических подвигов
боевых традиций, современные научные труды, анализирующие богатырь, мужество, человек,
национальную, военные традиции, обновленные особенности и отвага педагогический подход к
образованию. Люди учатся учебно-воспитательный наследие, то жили в больших партий будет
определять тип общества.
Annotation
Mites in the history of the Turkic nomads of the XIII century Kazakh heroic feats of martial traditions
and modern scientific papers analyzing the hero, courage, man, national, military tradition, the updated
features and courage pedagogical approach to education. People learn the educational heritage, we lived in
large quantities will determine the type of society.
ӘОЖ 373:76.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛІМНІҢ – ТҦҒЫРЫ
Сыздықова Ғ.А.
Жамбыл медициналық колледжі, Тараз қ.
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік - ең алдымен қазак халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен
қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін
егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі
мерекесі – Тәуелсіздік күні. Бүгінде тӛл тарихымыздың алтын дінгегіне айналған 1991
жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы
конституциялық заңға қол қойылып, ежелден еркіндік аңсаған елімізде азаттықтың арайлы
таңы, шұғылалы шапағатын шашқаны баршамызға аян. Қазақ халқы- тағдырдың талқысы
мен тауқыметін талай рет кӛрсе де, ерлігі мен ӛрлігінің арқасында Ұлы даламызды сыртқы
жаудан қорғай білген, соның арқасында тұғыры биік тәуелсіздікке жетіп отырмыз. Талай –
талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған,
талай ӛзегі ӛртенген ӛкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің
куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Қазақ елі бір
тудың астына жиналып, біртұтас ел болуды армандаған қазақ елінің ұлы ұлдары-Ахмет
Байтұрсынов,Мұстафа Шоқай, Әлихан Бӛкейхановтар және тағы басқалар қазақ елінің
тәуелсіздігі үшін ӛз ӛмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман тілегі іске аспай қалғанымен,
ұлттық сананы оятуда қазақ тарихында рухани түрткі болды.Олар қазақ елінің болуы мен
ӛркениетті ел қатарына қосылуын қалады. Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында
38
қазақ бабам не кӛрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста ӛтті.
Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәулсіздік- ежелден еркіндікті серік етіп, ешкімнің бұйрығынсыз азат ӛмір сүруді ту
еткен қасиетті бабаларымыздың келер ұрпағына сақтаған қасиетті мұрасы.
Бұл күнге дейін
жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық
кӛтерілістердің тарихымызда ӛшпес ӛнеге, ӛлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің
біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың ӛзі
де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып
тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың кӛшеге шығып
үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін кӛрсете білуі барша халыққа
сенім мен жігер берген болатын.
Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді.
Сондықтан да бүгінгі күні халқымыз ӛткеннен қалған тарихи ӛнегені, отансүйгіштікті,
ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге
ерекше кӛңіл бӛлуі керек деп ойлаймын. Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік-деп
У.Годвин атап ӛткендей-
тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан ӛткен сәтсіздіктері
және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты.Ӛйткені
қазақ халқы басқа халықтар сияқты ӛз мемлекеті ӛз тәуелсіздігі болмаса, бодандықта болып,
тарих бетінен ӛшкен талай халықтың кебін кимесіне кім кепілдік бере алады. Еліміздің ұлы
тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық ӛмір жолына құрметпен
басымызды иіп, Отанымыз - Қазақстанға деген құрмет сезімін әкелетін бүгінгідей мереке
күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш ӛмірінің негізін қалау
үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Уақыт деген зымырап ӛтіп жатыр.
Қоғамдық ӛмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай
келе жатқан жаңа талаптарды қойып отыр.
Тәуелсіздік тарихының әрбір парағы жылжыған жылдарымызбен алмасқан
айларымыздың, атқан таңдарымызбен батқан күндеріміздің еншісінде қалған елеулі
оқиғаларға толы. Еліміздің басты таңдаған стратегиялық бағыты – ашық нарықтық
экономикаға кӛшу болды. Түбегейлі құрылымдық ӛзгерістерді жүргізуде шетелдік
инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи шешімдердің арқасында біз
қазіргі таңда әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Бұл, меніңше,
мақтаныш сезіміне бӛлейтін ең маңызды жетістік. Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі
жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Елімізде, ұлттық кауіпсіздік, ішкі саяси
тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық ӛсу сияқты
стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.
2012 жылы желтоқсан айында, Елбасымыз ―Қазақстан – 2030‖ Стратегиясын
қорытындылай отырып, мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы басты мақсат
2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің
негізінде берекелі қоғам құру. қатар болашағы бар ірі жобаларды шетелдік инвесторлар
арқылы қаржыландыруды тоқтатпаған жӛн болар. Осы бағытта жыл сайын ӛткізілетін
―Еуразиялық экономикалық форуммен‖ қатар ―Астана экономикалық форумының‖
айтарлықтай пайдасы бар. Алдымызда ―Еуразиялық кедендік одақ‖, ―Дүниежүзілік сауда
ұйымы‖ сияқты халықаралық сауда-саттық нарығында сынақтар күтіп тұр. Экономикалық,
әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда ӛркендеп келеміз. Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің
басты күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады.
Алдымызда ―ЭКСПО-2017‖ атты халықаралық кӛрме Астанада ӛткізілмекші. Ол Орталық
Азияда және ―Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына‖ кіретін мүше елдерде ӛтетін алғашқы
кӛрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде ӛткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін
кӛрсетеді.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының, сипаты халықтың рухани,
адамгершілік, патриоттық құндылықтар, жастар арасындағы білім мен тәрбиеге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |