Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет13/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97

29 
 
Әл-Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жӛнінде - «Музыка денені 
шынықтыратын  гимнастика  тәріздес,  ол  адамның  жанын  жетілдіреді.  Алдымен  ләззатқа 
бӛлейді,  одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді»,  - деп пікір  айтқан. Ал ұлы грек 
ойшылы Платон: «Музыка-адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс-тіршіліктің қандайда 
болсын  мұң-заласын  ұмыттыратын  қасиетті  күш»,-деп,  ой  түйіндеген.  Халқымыздың 
бірнеше ғасырлар кӛлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап 
айтар  болсақ:  тарихи  әуендер,  эпикалық  жырлар,  тұрмыс-салт  жырлары,  лирикалық  әндер 
т.б.  Міне,  осы  фольклорымызбен-ақ  ұлттық-тәрбиемізді,  болмысымызды  қалыптастыратын 
тәлім-тәрбие беріп отырған тарихи шындық. 
Ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандаған  тәуелсіздікке  қолы  жеткен  еліміздің 
білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат-рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. 
Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз-ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты 
ояту,  қажетті  құндылық  бағдарын,  соның  ішінде  пайдалы  іс-әрекеттерді  қалыптастыру, 
дарындылық кӛзін ашу деген сӛз. 
Ұлттық  музыкалық  тәрбие  беруде  мектепте  әр  түрлі  үйірмелерді  құру  арқылы  жүзеге 
асады.  Үйірмеге  қатысушы  балалардың  музыкалық  дарынына  қоса  ықыласымен  ынтасы 
болуы  керек.  Мектептерде  мынадай  үйірмелер  болуы  шарт:  Хор,  оркестр,  жеке  аспаптар, 
әншілер,  би  үйірмелері,  фольклорлық,  музыка  театры  және  т.б.  Бұлардың  бәрі  қазақтың 
ұлттық  музыкалық  ӛнеріне,  мәдениетіне  деген  қызығушылықты  дамытуды  және  музыка 
сабағында  алған  білімдерін  толықтырып,  оларды  әрі  қарай  ӛнер  биігіне  жетелуді  қажет 
етеді.  Жаппай  жүргізілетін  ұлттық  музыкалық  тәрбие  жұмыстары  балалрдың  білімділігіне 
байланысты.  Арнайы  дағдыны  талап  етпесе  де,  олардың  музыканы  білуге  деген  ықыласы 
болуы  қажет.  Бұл  салаға  дәріс  концерт,  кӛпшілікпен  бірге  театрға,  музыкалық  киноларға 
бару, музыкалық кешті үйымдастырып жүргізу, карнавал, байқаулар ӛткізу кіреді.  
Ӛткізілетін  тәрбиелік  іс-шаралардың  арнайы  сценарий  құру  онда  мереке  барысында 
болатын  кӛріністер,  тақырыпты  ашатын  фрагменттер  кештің  бір  бӛлігінен  екіншісіне 
ауысуы  оған  қатысушылардың  белсенділігін  арттыру  әдістері,  яғни  байқаулар,  ойындар, 
тосын сәттер, мереке ӛтетін орынды безендіру мен жабдықтау рет-ретімен баяндалуы қажет. 
Әр  халықтың  эстетикалық  дүние  танымы,  кӛркемдік  мәдениеті  ӛзіне  тән  ӛнер 
туындыларымен  ерекшеленетіні  ӛмір  шындығы.  Ұрпақ  тәрбиесінде,  туған  халқымыздың 
ұлттық ӛнерін, оның нәзік те кӛркем сырын ұғындыру  мектепке дейінгі тәрбиеде баланың 
әсемдікті  түйсіне  білуге  баулу  құралы  екені  сӛзсіз.  Сондықтан,  мектепте  ӛнерге  деген 
қызығушылықты қалыптастыруда халық ӛнері мен мәдениетінің саналуан түрлері жайында 
қарапайым түсініктер беру кӛзделеді.  
Бүгінгі оқушы - ертеңгі біздің болашағымыз Қазақстанның келешегі жеткіншектерінің 
қолында  екені  бәрімізге  мәлім.  Олай  болса,  ХХІ  ғасыр  жас  жеткіншектердің  жан  -  жақты 
терең білімді, интелектуалды деңгейі жоғары болуын талап етеді. Қазақстан Республикасы-
ның  «Білім  туралы  Заңының»  8  -  бабында  былай  делінген.  «Білім  беру  бағдарламасын 
меңгеру  үшін  жағдайлар  жасау,  жеке  адамның  шығарма-шылық  рухани  мүмкіндіктерін 
дамыту; жеке басының дамуы үшін жағдай  жасау арқылы ителлектісін байыту». Сондықтан 
да бүгінгі күні әрбір  оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, білімді  азамат етіп 
тәрбиелеу-біздің парызымыз. Олай болса музыка  саласында  халқымыздың  ӛскеніне терең 
үңіліп,  сол  ӛнер  қазынамызды  оқушыларға  белгілі  бір  жүйелі  бағатта  теориялық  және  іс 
тәжірибеде  қолдана  білсе,  сонда  біз  жас  жеткін-шектердің  рухани  байлығын  шығармашы-
лық бағытта тәрбиелей алуымыз мүмкін.  
Бүгінгі  таңда,  мектепте  жас  ұрпаққа  кӛркемдік  білім  мен  тәрбие    беру  жүйесінде 
кӛркем әдебиет, музыка ӛнері, бейнелеу ӛнері, ұлттық  қолӛнер  сияқты эстетикалық мәнде-
гі  пәндер  арқылы  оның  ішінде,  халықтық  дәстүрлі  ӛнерін  игерте  отырып,  оқушының 
бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, ӛнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес 
бағалай  білу  қаблеттерін,  кӛркемдік  талғам  деңгейінде  қалыптастыру  қажеттігі  маңызды 
мәселенің  бірі.  Сонымен  бірге,  қазақ  халқымыздың  кӛркемдік  мәдениетін,  ӛнердегі  салт  - 
дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр.  


30 
 
Қазіргі  білім  беру  мазмұнын  байыту  мүмкіндіктерін  кеңірек  пайдалану,  білімге, 
шығармашылықпен қарау, жастардың ӛмірінде жасамаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық 
құралдармен  жастардың  бойында  білім  мен  еңбекке  дұрыс  кӛзқарасты,  дүниетанымды, 
адамгершілік пен шынайы эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал 
жасаудың жолдарын белгілеу - бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.    
Ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  музыкалы-эстетикалық  асыл  мұраларды  домбыра 
мен  аңыз  қатар  ӛрбіді.  Халқымыздың  аңыз  әңгімесінің  рухын  күй  сарыны  күшейте  түссе, 
күйлердің  сарыны  аңызды  әсерлеп  жеткізуге  ықпал  ете  алады.  Домбыра  бар  жерде  қазақ 
халқының тілі, ӛнері, тарихы бірге жүреді. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні-
ӛмірдегі, табиғат пен ӛнердің әсемдік-ті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды 
пәрменді  түрде  қалыптастырудың  нысаналы  жүйесі.  Қоғам  дамуының  әрбір  кезеңінде 
эстетика мен кӛркемӛнер, әсемдік пен тоғышарлық, трагедиялық пен комедиялық туралы ӛз 
ұғым-түсініктері қалыптасып, олар жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, әділдік 
пен  әділетсіздік  туралы  ұғымдармен  біте  қайнасып  отырғаны  мәлім.  Сондықтан  да  біз 
Қазақстан  Республикасы  халықтарының,  оның  ішінде  қазақ  халқының  мәдениетінің, 
халықтық-музыкалық  шығарма-шылығының  қалыптасу  және  даму  тарихына  азды-кӛпті 
тоқтала кеткенді жӛн кӛріп отыр-мыз. 
Қазақтың  ұлттық  музыкасының  тәрбиелік  мәнінің  аса  маңызды  құралы  ӛнер  болып 
табылады.  Ӛнердің  тәрбиедегі  ролі  оның  мәнімен,  оның  ӛзіндік  атқаратын  қызыметімен 
анықталады. Себебі, ӛнер ӛмірдің кӛркем образда бере отырып, адамның оны танып-білуіне, 
рухани  баюына,  дүниетанымының  қалыптасуына  себертігін  тигізеді.  Кӛркем  мәдениеттің 
құрамдас  бӛлігі  ретінде  ӛнер  тұтас  алғанда  рухани  мәдениеттің  ӛзегі  болып  саналады. 
Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі ғылыми-зерттеу-лердің 
нәтижелері  қазақ  халқының  дербес  және  бірегей  мәдениетінің  даму  жолын  ӛте  дәл 
болмағанымен,  жеткілікті  дәрежеде  айқын  кӛз  алдымызға  келтіруге  мүмкіндік  береді. 
Ғасырлар  қойнауымен  бізге  келіп  жеткен  кӛркем  шығармашылық  элементтерін  мұқият 
салыстырып,  зерттеу  арқылы  халықтың  рухани  ӛмірінің  тұтас  бітім-болмысын  азды-кӛпті 
жасауға болады.  
Сондықтан  біз  үшін  қоғамның  әлеуметтік  дамуына,  қазақтардың  шаруашылық  құры-
лымына, жан-ұялық қатынасына, қолӛнері мен тұрмысына, дүниетанымына, салт-дәстүріне, 
діни нанымына ғылыми талдау ждасап алу орынды болып кӛрінеді. Ӛйткені қазақ халқының 
музыкалық  шығармашылығы  ӛзіндік  ерекшелігі  осы  айтылғандармен  тығыз  байланысты. 
Білім  беру  мен  тәрбиелеу  саласының  түбегейлі  ӛзгеру  жағдайында  ұлттық  мәдениет-ке, 
халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен даму жолдарына қайта оралып, кӛркем мәдениеттің 
барлық мүмкіндіктерін сарқа жаңа тәрбие жүйесіне қызмен етуге жұмылдыру-бүгінгі күннің 
тәртібіндегі  ең  басты  мәселе.  Ӛйткені  жас  ӛспірімдердің  ұлттық  мәдениет  пен  дәстүрлерді 
меңгергенде  ғана  жалпы  адамзаттық  мәдени  мұраларды  игеріп,  дүниеге  дұрыс  кӛзқарасы, 
қоршаған  ӛмір  шындығына  эмоциялық  қатынасы,  танымдық  ой-санасы  қалыпта-сатыны 
анық.  Ендеше,  әр  кезеңнің  педагогикалық  тәжірибелерін  зерделей  отырып,  эстетика-лық 
тәрбие  жүйесін  жаңаша  қайта  құрудағы  сол  кезеңдерге  тән  тұжырымдардың,  балалар 
қалаған  кӛркем-рухани  мұралармен  жас  ұрпақты  қауыштыру  ісінде-қазақтың  дәстүрлі 
кӛркем мәдениеті маңызды орын алады.  
Мектептегі  тәрбие  шараларының  кең  таралған  формасы  түрлі  тақырыптардағы 
ертеңгіліктер кештер ойын сауықтари болып  табылады. Жастардың  рухани идамуына, осы 
бағыттағы  тәрбие  шараларын  парасатты  ӛткізуге  маңыз  беріп  отырған  қазіргі  жағдайда 
мектеп  мерекелерін  ұйымдастыру  ісі  педагогикалық  ұжымдарға  ерекше  жауапкершілік 
жүктеліп  отыр.  Кез  келген  орта  білім  беретін  мектептерде  халық  аспаптар  оркестрі  болуы 
шарт.  Оркестрдің  негізгі  міндеті  қатысушы  балалардың  эстетикалық  талғамын  музыкаға 
жоғарғы деңгейде тәрбиелеу. Оркестр жетекшісі оқу тәрбие жұмысын сапалы жүргізу үшін 
жоспар  құрып,  алдынала  репертуарын  тағайындайды.  Орындалатын  музыкалық 
шығармалар: ән (халық әндері, кәсіпқой сазгерлердің әндері), күйлер (халық, тарихи, аңыз, 
сазгерлердің) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктелуі керек. 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау