Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның
БӨЛІМ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Бөлім Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледждің
құрылымдық бөлінісі болып табылады. Бөлімде бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар
топтары бойынша оқыту-тәрбиелеу жұмысы жүзеге асырылады және сол мамандықтар
бойынша мамандарды даярлауды басқару қамтамасыз етіледі.
1.2. Бөлім оқыту-тәрбиелеу процессінің сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
мақсатында құрылады.
1.3. Бөлім келесі жағдайларда ашылады:
-
күндізгі оқу үлгісінде бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар бойынша 150
студенттен кем болмаса;
-
сырттай оқу үлгісінде 50 студенттен кем болмаса.
1.4. Бөлім жетекшілігі колледждің жоғары білімі мен (бөлім саласы бойынша)
оқыту-әдістемелік тәжірибесі бар оқытушылар есебінен директормен тағайындалған бөлім
меңгерушісімен жүзеге асырылады.
2. Бөлім жұмысының негізгі бағыттары
2.1 Оқыту-тәрбиелеу процессінің жоспарлануын, ұйымдастырылуын, бақылау мен
талдауын қамтамасыз ету.
2.2 Бөлім оқытушыларының кәсіптік құзыреттілігін жетілдіруге көмек көрсету.
2.3 Колледждің басқа бөлімдерімен, білім беру және мәдениет мекемелерімен біріккен
жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Бөлім жұмысының ұйымдастырылуы
3.1
Бөлім өзінің қызметін колледж директорымен бекітілген жылдық жұмыс
жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
3.2
Бөлімнің келесі құжаттары болуы тиіс:
а) бөлімнің жұмыс жоспары;
б) бөлім қызметінің оқу жылы бойынша аналитикалық материалдары;
в) бақылау жоспары;
г) оқыту
сапасы,
студенттердің
білімі
мен
ептілігінің
сапасы
бойынша
ақпараттық-аналитикалық материалдар;
д) бөлім студенттерінің сандық және сапалық құрамы бойынша мәліметтер;
е) студенттердің жеке құрам бойынша бұйрықтарының көшірмелері;
ж)
бөлім студеттерінің тізімдері;
з) бөлімнің кіші оқтушылар кеңесінің отырыс шешімдерінің хаттамалары.
4. Бөлім меңгерушілерінің міндеттері
4.1
Бөлім меңгерушілері бөлімнің барлық жұмысы үшін жауапты және өзінің
жұмысы бойынша колледж директоры немесе оның орынбасарының лдына оқу ісі бойынша
есеп береді.
4.2
Бөлім меңгерушілерімен келесі міндеттер атқарылады:
-
Бөлімдегі оқу және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырады;
-
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
-
Колледжің жұмыс жопарын есепке ала отырып бөлімнің жұмыс
жоспарын әзірлейді;
-
Оқу
сабақтарын
құрастыру
үшін
материалдардың
дайындалуын
ұйымдастырады және кестенің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
-
Оқу пәндерінің сапалы берілуін бақылайды;
-
Туденттердің үгерімінің есебін ұйымдастырады;
-
Стипендиялық комиссияның жұмысына қатысады;
-
Студенттердің тәртібі мен сабаққа келулерін бақылайды;
-
Оқытушылар (әдістемелік) кеңесінде қарастырылатын атериалдардың
даярлығын қамтамасыз етеді;
-
Үгіт-насихаттау жұмыстарын өткізуге қатысады;
-
Оқушылар контингентінің сақталу шараларын қолданады;
-
Оқытушылардың өзуақтылы есеп берулерін, құжаттамалардың қолданыстағы
нормаларға сәйкес жүргізілуін қамтаасыз етеді;
-
Бөлімде конференциялар, демалыс кештері, олимпиадалар мен басқа да
іс-шаралар ұйымдастырады;
-
Оқу-материалдық базасының жетілуі мен нығаюын, жабдықтар мен мүліктің
сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптар мен еңбекті қорғау ережесінің ақталуын
қамтамасыз ету;
-
Бөлімнің педагогикалық кадрларын іріктеуді жүзеге асыру;
-
Сырттай оқитын студенттерді қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалармен
қамтамасыз ету (сырттай бөлімде);
-
Консультациялар, шолу және бағытты лекциялар, зертханалық-тәжірибелік
сессияларды ұйымдастырады (сырттай бөлімде)
-
Бөлім бойынша жұмыс есебін ұйымдастырып, есеп берулерді ұсынады.
5. Бөлім туралы осы Ережені бекіту және өзгерту колледж директорының бұйрығы
бойынша оқытушылар кеңесімен жүзеге асырылады.
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның
БӨЛІМ КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж (бұдан әрі –
РӘГК) бөлімдерінің кеңесін ұйымдастыру туралы осы Ереже мемлекеттік білім беру
ұйымының алқалық бақарылуы үшін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын
орындауда әзірленген.
2. Кеңестің міндеті
2.
Кеңестің міндеттері болып табылады:
1) Бөлімнің бар ұжымының күшін сапалы оқу-тәрбие жұмысы үшін бірктіру;
2) Мамандардың сапалы даярлануын үнемі жетілдіру;
3) Студеттердің тұлғалық-бағытты білімі мен тәрбиесі үшін жағдай жасау.
3.
Кеңестің құрамы
3.1. Бөлім кеңесінің құрамына жатады: бөлім меңгерушісі (төраға), топтардың сынып
жетекшілері, оқытушылар, пәндік-циклдық комиссиялардың төрағалары, сонымен қатар
студенттер.
3.2. Кеңестік құрамы колледждің бөлім құрамына сәйкес жаңа оқу жылына бекітіледі.
Кеңес құрамының есебінен ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
3.3. Жұмыстары қарастырылатын РӘГК қызметкерлері мен студенттері кеңес отырысына
қатысуға құқылы. Отырыс болатын күн туралы 3 күн бұрын хабарланады.
4.Кеңестің құқықтары
Кеңес қарастырады:
4.1. Колледж әкімшлігінің өкімдерін, директордың оқу-тәрбие процессі бойынша
ережелерін, нұсқаулықтарын, бұйрықтары мен өкімдерін орындау іс-шаралары;
4.2.Бөлім жұмысының жағдайы;
4.3.Бөлмнің оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыс жоспары;
4.4.
Қабылданған студенттердің бейімделуі мен мамандарды шығару мәселелері,
сонымен қатар колледждің түлектер және ата-аналармен байланыста болу мәселесі;
4.5. Семестрлік, көшірме, мемлекеттік емтихандар мен курстық жұмыстарды қорғау
шаралары;
4.6. Студенттердің өндірістік практикаларын ұйымдастырып, өткізу мәселесі;
4.7. Студенттердің тәртіп жағдайы, оларды нашар үлгерімлері үшін оқудан шығару,
емтихандық сессияға рұқсат беру-бермеу мәселелері;
4.8. Студенттер контингентінің сақталуы;
4.9. Студенттердің тұлғалық-бағытты тәрбиесі мен біліміне қатысты мәселелер.
5. Кеңес жұмысының тәртібі
5.1. Кеңестің жұмысы бөлім меңгерушісімен оқу жылына әзірленіп, кеңес отырысында
қарастырылып, колледж директорымен бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.
5.2.
Кеңес сынақтық-емтихандық сессия алдында және қажет болған жағдайда
жналады. Кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі мен
орындауға жауапты тұлғаны тағайындаумен шешім шығарылады.
5.3. Кеңестің шешімдері дайыс беру арқылы қабылданады.
5.4. Кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырыстарына қатысып, оның жұмысына
белсене қатысуға міндетті, өзіне жүктелген міндеттерді өзуақтылы және нақты орындауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |