6.7. Комитеттің өзінің құзыреттілігіне қатысты мәселелер бойынша хаталамасулары
«Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің» атынан
жүргізіледі, құжаттарға колледж директоры және Комитет төрағасының қолдары қойылады.
7. Іс қағаздарын жүргізу
7.1. Комитет өзінің отырыстары мен жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасын
жүргізеді.
7.2. Хаттамалар директордың ТІ жөніндегі орынбасарында сақталады. Ата-аналар
комитетінің отырыстарының хаттамалары Колледждң істерінде 5 жыл ішінде сақталады.
7.3. Комитеттегі іс қағаздарының жүргізілуіне жауапкершілік Комитет төрағасына
немесе хатшысына жүктеледі.
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның
КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикаксының «Білім туралы» Заңы мен «Ы.Алтынсарин
атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің» қызметін ұйымдастыру тәртібі
туралы Ережеге сәйкес әзірленген.
1.2. Ішкі бақылау – оқу процессі мен тәрбиелеу процессінің талдауларымен тікелей
байланысты басқару функциясы. Ішкі бақылау педагогикалық процестің қатысушылары
туралы ақпараттарды айқындауға, алынған деректерді талдап, педагогикалық өзара
әрекеттердң негіздемелі нақты жоспарын анықтауға септігін тигізеді.
1.3.Ішкі бақылаудың жүйесі сабақ беру жағдайын, студенттердің ЗУН деңгейін, бөлім
меңгерушілері мен пәндік-циклдық комиссия меңгерушілерінің, оқытушылардың өз
функционалдық міндеттерін орындау жағдайын, оқыту-тәрбиелеу процессінің апалық
жағдайын анықтайды.
1.4.Колледж әкімшілігі тарапынан ішкі бақылауды жүзеге асыру туралы ақпарат колледжде
білім берумен айналысатын әр қызметкердің мәліметіне жеткізілуі тиіс.
1.5.Ішкі бақылау кестелері колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.
1.6.Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар оқытушылар кеңесімен енгізіледі және өз
отырыстарында бекітіледі.
2.Ішкі бақылаудың негізгі бағыттары
2.1. Колледждің дамуы мен оқыту сапасын арттыру үшін тиімді жағдайлар жасау.
2.2 Оқыту-тәрбиелеу процессі мен педагогикалық процеске қатысушылар туралы
мәліметтердің ақпараттық банкін құру.
2.3.Оқыту-тәрбиелеу жұмысының нәтижелілігін диагностикалау.
2.4.Оқу процессінің қызметі мен жетілуінің оңтайлы бағыттарын анықтау.
1.5. Пелагогикалық ұжымның қызметін жетілдіру. Белгілі бір бағыттар бойынша
нәтижелерді талқылап, талдап, баға беру.
3.Ішкі бақылаудың принциптері
3.1. Ішкі бақылауды жүзеге асыру бақылау мен сараптама ұғымының жиынтығынан
негізделеді. Педагогикалық қызметтердің бақылаы әдістемлік көмек көрсету мақсатымен
өткізіледі. Сараптама мәні оқыту-тәрбиелеу процессінің тексерісі мен нәтижесі болып
табылады.
3.2.
Ішкі бақылау мен сараптаманың негізгі принциптері:
-ғылымилық, жүйелік, тотамалық;
-Демократияландыру, ізгілік, жариялылық, ашықтық және қолжетімділік;
- Оқытшының шығарашылық және кәсіптік өмуін ынталандыру;
- Бақылаудың өзектілігі мен қозғамдамасы;
-әкімшілік пен педагогтың өзара әрекетінің нәтижесінде өзін өзі бақлау деңгейіне жету.
4. Ішкі бақылауды ұйымдастыру
4.1. Ішкі бақылау директормен бекітілген колледждің ішкі бақылау жоспарына сәйкес
жүргізіледі.
4.2. Ішкі бақылау кезеңдер бойынша жүргізіледі:
■ Айқындау: Бақылау нысаны мен мақсатын анықтау. Ұжымды бақылаудың мақсаты және
параметрларымен, оны жүзеге асыру тәсілдері және міндетерімен таныстыру.
■ Диагностикалау (зерделеу): педагогтардың қызметін қадағалап, ақпараттар жинау,
нәтижелерін талдау, қиыншылық себептерін айқындау.
■ Сындарлы (оқыту): бақылау қорытындысы бойынша ұсыныстарды орындау.
4.3.Ішкі бақылауды директор мен оның бағыт бойынша орынбасарлары ұйымдастырады:
Оқу- тәрбие процессі:
- Оқу пәндерінің берілу жағдайын бақылау;
- Студенттердің білімін, ептілігі мен дағдыларының жағдайын бақылау;
- Тәрбие жұмысын бақылау.
Педагогикалық кадрлар:
- нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
- оқытушылар кеңесі, әдіскерлер кеңесі, кафедралық кеңестердің шешімдерінің орындалуын
бақылау;
- ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен өндірістік жиналыстардың ұсыныстарының
орындалуын бақылау;
- оқытушылардың біліктілігін арттыруын бақылау;
- оқытушылардың өзін өзі оқытуын бақылау.
- Оқыту-материалдық база:
- Оқу-көрнекі құралдар мен ТСО есебін, сақталуы мен пайдалануын бақылау;
- іс бөлмелік жүйенің жетілуін бақылау;
- оқытушылардың оқыту-әдістемелік кешендерінің құрылуын бақылау;
- тәрбие жұмысы үшін оқыту-материладық базаның құрылуын бақылау;
- құжаттамалар мен іс қағаздарының жүргізілуін бақылау;
- оқыту-тәрбиелеу персоналының жұмысын бақылау.
4.4. Бақылау бағыты әкімшілік мүшелерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес бөлінеді:
■ Колледж
директоры
әкімшілік-басқарушы
персоналдың
жұмысын
бақылауды
ұйымдастырады,
«Білім
туралы»
Заңның
орындалуын,
саниталық-гигиеналық
жағдайларды, еңбек пен қауіпсіздік техника ережелерінің сақталуын, коллеж ғимараты мен
материалдық-техникалық базаның сақталуын, қатаң есептңк құжаттардың жүргізілуін
(еңбек кітапшалары, оқушылардың журналдары мен жеке істері, қаржылық құжаттар),
оқытуышлар мен әкімшілік кеңестердің хаттамаларының жүргізілуі, оқытушылар кеңесі
мен өндірістік жиналыс шешімдерінің орындалуын бақылайды.
■ Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқу бағдарламаларының берілуі мен
орындалуын, оқу сабақтары режимінің сақталуын, студенттердің үлгерімдер мен сақбаққа
келулерін, есептік құжаттардың жүргізілуін (сынып журналдары, жұмыс және
күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, семестрлік жәе емтихандық тізімдемелер) бақылайды.
■ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілерінің, бөлім
меңгерушілерінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, колледж бойынша топтардың
кезекшілігінің ұйымдастырылуын, жатақханадағы тәрбие жұмысының жағдайын
бақылайды.
■ Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары пәндік-циклдық комиссия
жұмысының бақылауын, жас педагог мектебнің жұмысын, студенттермен ғылыми жобалар
мен курстық, дипломдық жұмыстардың орындалуын, оқытушылардың біліктілігінінің
арттырылуын, өзін өзі оқыту процестерін бақылайды.
■ Директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары тжірибе бойынша оқу бағдарламаларының
орындалуын, студенттер мен оқытушылардың тәжірибеге қатысу жағдайын, әдістеме
бойынша оқу сабақтарның ұйымдастырылуын бақылайды.
■ Директордың
әкімшлік-шаруашылық
ісі
жөніндегі
орынбасары
колледждің
материалдық-техникалық базасы мен оқу іс бөлмелерінің жағдайын, техникалық
персоналдың жұмысын бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |