«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет211/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

412 



Құралбайқызы Мәдина 

5В010600- Музыкалық білім 

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., проф.м.а. М.С.Сұлтанова 

ҚазМемҚызПУ 

 

МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ  

 

Аннотация.  Наиболее  важной  частью  образовательного  процесса  является  ключ  к  его  управлению. 



Оценивание  -  подход,  используемый  для  определения  результатов  обучения,  является  фактором,  который 

помогает ученику преодолеть недостатки в изучении предмета и сделать его более эффективным. 

Аbstract.  The most important part of the educational process is the key to its management. Assessment  - an 

approach used to determine learning outcomes, is a factor that helps the student overcome deficiencies in the study of 

the subject and make it more effective. 

 

Білім  беру  саласындағы  өзгерістер,  реформалар  дәстүрлі  оқыту  мазмұнын  сын  тұрғысынан 



ойлауға  ауыстыруға  әкелді.  Ал  оның  негізгі  мазмұны  –  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуы 

үшін  міндетті  түрде  білім  негіздерін  өз  еркімен  үйреніп,  іс-әрекетінің  мақсатын,  міндетін,  түрін, 

тәсілін,  алған  білімін  өмірде  қолдана  алатындай  жағдайға  жетуі  тиіс.  Оқу  үдерісінің  маңызды  да 

салмақты  бөлігі,  оны  басқарудың  түйінді  кілті  болып  табылатын    -  бағалау  деп  айтуға  болады. 

Бағалау  -  оқыту  нәтижесін  анықтау  үшін  қолданылатын  тәсіл,  оқушының  берілген  тақырыпты 

меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-

ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, 

меңгермеу  фактісімен  қатар  оның  себептерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  оқытудың  маңызды 

құрамды бөлігі болып табылады. 

Мұғалімдер тәжірибесінде оқушының жеткен нәтижесі емес жұмыстың көлемі мен формасын 

бағалау  әдетке  айналған,  бағалауда  оқушыларды  бір-бірімен  салыстыруға  екпін  жасалатындықтан 

оқушылардың  оқуға  ынтасы,  белсенділігі  жойылады,  орта  деңгейде  оқитын  оқушылардың  ынтасы 

мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың жетістікке жетуіне жағдай жасалмайды. Бес балдық 

жүйенің  қазіргі  заманға  сай  білім  жүйесін  қанағаттандыра  алмауы  –  оқушылардың  жетістіктерін 

бүгінгі  күннің  талабына  сай  жаңаша  бағалау  жүйесін  қажет  етеді.  Сол  себептен,  оқытуға  деген 

көзқарас өзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да жаңа бағытқа ие болуда [1, 19 б.]. 



Критериалды  бағалау  жүйесінің  мақсаты  бағалау  критерийлерінің  негізінде  білім 

алушылардың  оқу  жетістіктері  туралы  шынайы  ақпарат  алу  және  оқу  үдерісін  жетілдіре  түсу  үшін 

оны барлық қатысушыларға ұсыну. 

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері: 

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту; 

2.  Жүйелі  кері  байланыс  орнату  арқылы  білім  алушылардың  өзін-өзі  үнемі  жетілдіріп 

отыруына жағдай жасау; 

3.  Бірыңғай  стандарттарды,  сапалы  бағалау  құралдарын,  механизмдерін  қалыптастыруға 

көмектесу; 

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: 

–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы; 

–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; 

–– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; 

–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну [1, 

9 б.]

Бағалау критерийлері Блум таксономиясы (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) 

және  сөйлеу  әрекеті  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  түрлері  негізінде,  әртүрлі  деңгейлік 

тапсырмалар  бойынша  құралады.  Сабақтың  үш  кезеңінде  3  тапсырма  мен  3  әдісті  және  де 

рефлексияға қатысты төртінші әдісті қолдану қажет дегенді озық тәжірибелі ұстаздар алға тартады. 

Ол да болса, сабақтың құрылымын ықшамдап, ауытқудан арылтады деп ойлаймыз.  

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың 

екі түрі жүзеге асырылатынын білеміз, олар: қалыптастырушы және жиынтық бағалау.  

Жиынтық  бағалау  мұғалімдерге,  білім  алушылар  мен  ата-аналарға  ұсыну  үшін  оқу 

бағдарламасындағы ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, 

оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

413 



мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық 

бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау, өзінің оқыту тәжірибесін 

жетілдіру үшін қолданады. 

Қалыптастырушы  бағалау  үдерісінде  мұғалім  оқу  бағдарламасындағы  барлық  оқу 

мақсаттарын қамтуы тиіс. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге: 

• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау; 

• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру; 

• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау 

критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу; 

• бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру; 

•  әр  тапсырмаға  оның  орындалу  кезеңдерін  сипаттайтын  дескрипторлар  құрастыру 

ұсынылады [2, 11 б.]. 

 

 

 



 

 

Сонымен,  музыка  сабағында  қалыптастырушы  бағалау  үдерісін  жүзеге  асыру  үшін  мұғалім:  



сыныптағы  мәдениетті  сақтауға  және  тиімді  өзара  әрекет  ету  дағдыларын  қалыптастыруға  көңіл 

бөлуі,  қалыптастырушы  бағалауда  қолданылатын  әдістердің  әр  түрлілігін  және  сапасын  арттыруы, 

кері  байланыстың  тиімді  формасын  қолдануы,  қалыптастырушы  бағалауды  қолдану  үдерісін 

көрсететін сабақ жоспарын құруы, рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы 

(білім  алушылар  жұмысының  сапасы,  бағалау  құралдарының  сапасы,  білім  алушылардан, 

әріптестерден,  кері  байланыс,  ата-аналармен  әңгімелесу  және  т.б.)  қажет.  Олай  болса,  музыка 

сабағының негізі болып танылатын дұрыс ұйымдастырылған қалыптастырушы бағалау үдерісі сөзсіз 

сабақтың нәтижелілігін, жиынтық бағалаудың әділ де нақты өтетіндігін айғақтайды.  

 

                                                                    

Әдебиеттер: 

1.Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелері:  Оқу  құралы.  –  Алматы, 

2013. 

2.Негізгі  және  жалпы  орта  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша 



нұсқаулық: 

Оқу-әдістемелік 

құрал 

/О.И.Можаева, 



А.С.Шилибекова, 

Д.Б.Зиеденованың 

редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 54 б. 

Өткізу

Оқу үдерісін түзетуге қажетті ақпараттырды жинау

Оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс ұсыну

Ұйымдастыру

Бағалау критерийлеріне сәйкес 



тапсырмалар дайындау

Кері байланыс ұсыну түрлерін 

анықтау


Тапсырмаларға дескрипторлар 

құрастыру



Жоспарлау

Оқу мақсаттарын талдау және оқу 

бағдарламасына сәйкес бағалау 



критерийлерін анықтау

Қолжеткізген нәтижеге сәйкес 



бағалау құралдарын анықтау

Оқыту әдістерін жоспарлау,

Сабақ жоспарын құру

Оқушылар оқудың қандай

сатысында?

Оқушылардың даму бағыттары

қандай?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол

жеткізуі үшін не істеу керек?

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру тәжірибесіндегі түйінді 

мәселелер 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау