«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
408
Келдібай Жаңагүл
5В010600 Музыкалық білім
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., проф.м.а. Уразалиева М.А.
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТҰЛҒАЛАРДЫ ӨНЕРГЕ БАУЛУДА СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аннотация. Современная специальная психология и педагогика в поиске эффективных
средств коррекции все больше ориентируются на использование искусства в процессе обучения и
воспитания детей с проблемами. Ученые отмечают, что искусство, а особенно музыка, является
источником новых позитивных переживаний ребенка, рождает новые креативные потребности и
способы их удовлетворения в том или ином виде художественной деятельности. А повышение
эстетических потребности детей с различной недастаточностью, активизация потенциальных
возможностей ребенка в практической деятельности – это и есть реализация социально-
педагогической функции искусства. Основной задачей музыкального обучения и воспитания является
оказание оптимальной помощи воспитаннику в коррекции и реабилитации его личностных качеств,
осмыслению его жизненных задач, развитию творческих способностей восстановления его
индивидуальности, что является важной задачей в подготовке его к самостоятельности и
трудовой деятельности.
Abstract. Modern special psychology and pedagogy in search of effective means of correction are
increasingly focused on the use of art in the process of teaching and raising children with problems.
Scientists note that art, and especially music, is the source of new positive experiences of a child, gives rise
to new creative needs and ways to satisfy them in one form or another of artistic activity. The main task of
musical education and upbringing is to provide optimal assistance to a pupil in correcting and rehabilitating
his personal qualities, understanding his life tasks, developing creative abilities to restore his individuality,
which is an important task in preparing him for self-reliance and work.
Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып,
қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы
заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»
т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды
оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің
дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған
көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған. Арнайы түзету
(коррекциялық) мектептің теориялық-әдіснамалық негізін, ғылыми-тұжырымдамалық ұстанымдары
мен модельдік үлгілерін, даму үрдісін анықтап, қоғамымыздың басты бағытына қарай бұру – бүгінгі
білім жүйесінің осы күндік және болашақтағы ісі. Арнайы түзету (коррекциялық) мектептер
қызметінің әлемдік тәжірибесіне сүйенсек, бала бақшадан бастап, орта кәсіби білім беретін білім
ошақтарына дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын қамтитын, осы
басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін
біртұтас үзіліссіз жүйе болып қалыптасуы тиіс. [1;17]
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-
ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-
психологиялық қару ретінде қолдана білген. Музыка – қоғамдың сананың формасы ретінде
адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық
шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-
сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге
талпындырады. «Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы - көптен бері қолданылып келе жатқан
ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық тәрбие беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен
оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие
құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты
қолданылады. Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау
алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын,
әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
409
педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін
қарастыруға тікелей байланысты.
Қорыта айтқанда, музыкалық білім беру мен тәрбие беру педагогикасының дамып,
қалыптасуы жағдайына көз жіберу, тұтастай алғанда, жалпы педагогиканың, психологияның,
эстетиканың, музыкатанудың, мәдениеттанудың түйісер тұсында дамып, қалыптасқан ғылымаралық,
дербес ғылым саласының пайда болғанын айғақтайды. Соңғы жылдары ақыл-ойында кемістігі бар
балаларға білім мен тәрбие беру орындарында оңтайлы өзгерістер болып жатыр. Арнайы білім
берудің теориялық тұрғыда негіздемесі жасалынып, психологиялық-педагогикалық жіктемелері
кеңейтілді, типологиялық ерекшеліктері айшықталды, осындай ерекше балаларды ерте кезеңде
дифференцияциялау механизмдері анықталды (Л.Б.Баряева, И.М.Бгажнокова, И.А.Грошенков,
С.Д.Забрамная, Р.И.Лалаева және т.б.). Музыка өнерінің бала тәрбиесінде зор мүмкіндіктері мен
тәлімдік қасиеттері мол. Бала бойындағы ең асыл қасиеттерді оятып, айнала қоршаған ортаға әсем
көзқарасын қалыптастыруда музыка өнерінің орындайтын міндет-мақсаты мол деуге болады.
Осындай аса маңызды істі алға қойып отырған арнайы түзету мектептерінің музыка пәні сабағы
көптеген өзекті істерді қолға алып отыр. Ақыл-ойы кенжелеп қалған балалардың айнала қоршаған
ортаға әсеріне ықпал ету, түрлі жағдайларда орынды шешімдер қабылдау мәселесі бүгінгі күні
педагог-ғалымдардың қозғап жүрген көкейкесті мәселелері қатарында. Соның ішінде музыка
өнерінің даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға әсерін зерттеген жұмыстар бар [2;9].
Арнайы мекемелерге келген ақыл-ойы кенже балалардың музыка дыбыстарына зейіні төмен.
Музыка өнеріне эмоциялық көңіл-күйінің жеткілікті деңгейде болмауы оның оқу жүйесінің соңына
дейін созылады. Музыка әуенінің бір сарындылығын би ырғағын немесе марш ырғағынан өзара
ажырату ісіне белсенділігі әлсіз. Арнайы мектеп оқушылары қоршаған орта туралы білім мен икем,
көзқарас пен ой пікірлерін, музыкаға деген ынта-ықыласын тек сабақ арқылы ғана толық меңгере
алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-
қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы
атқаруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс – оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын
ұйымдастыратын мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі [3;41]. Бірқатар зерттеушілердің
пайымдауынша (Л.Р.Болотина, Д.И Латышина, Г.Ф.Суворова, Р.Б. Байназаров) сыныптан тыс
жұмыстар оқу жоспарының кейбір салаларын толықтырады, оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп
үлгірмегенді қайта қарастырып, жүзеге асырады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың балаға жан-жақты ықпал жасаудағы мүмкіндіктері
өте жоғары. Атап айтсақ, баланың:
сабақта ашылмаған дара қабілеттерінің жан-жақты ашылуына мүмкіндік туғызады;
тәжірибесін молайтады, жұмыс түрлерінен білімін толықтырып, іскерлік пен дағдысын
қалыптастырады;
іс-әрекет түрлеріне қызығушылығын, белсенділігін арттырады;
ұжыммен бірлесе отырып жұмыс істеуге дағдыландырады.
Сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі – шығармашылық және танымдық сипатты
ұстанады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқыту, дамыту, тәрбиелеу функцияларын атқарады. Бүгінгі таңда
дүние жүзін шарпып, күнбе-күн қадамын алшаң басқан технология заманы адам өмірінің маңызды
бөлігіне айналғаны рас. Ақпаратты-технология, компьютерлік біліктілік білім жүйесінің түрлі
салаларында кең де жан-жақты бағытта дамып келеді. Бұл жаҺанданудың заңды құбылысы. Осы бір
жаңару, жаңаша білім сапасын ұйымдастыру көшінде ұрпақты тәрбиелеу ісі көлеңкеде қалып, ақыл-
ойы кенжелеп қалған балаларды білімнің қарқынды ағысында жоғалтып алмау мәселесі өзекті де аса
жауаптылықты талап етеді. Жан-жақты да көлемді істі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиесі мен
біліміне арнау жұмысына аса жауапкершілікпен қарау бүгінгі ұстаздар қауымының басты бағыты
болуы тиіс.
Әдебиеттер:
1. Занков Л.В. Психология умственно отсталого ребенка. - М.: Академия, 1999.
2. Уразалиева М.А.Оособенности музыкального воспитания детей с интеллектуальными
нарушениями развития. ҚазмемқызПУ. Хабаршы. №6. -2014.
3. Питерси М., Трилор Р. Маленькие ступеньки. Программа ранней педагогической помощи
детям с отклонениями в развитии. / Пер с англ. М.: 2 Ассоциация Даун-Синдром», 1997. – 100 с.