«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
428
Тайтөлеуова Мадина
5В091000-Кітапхана ісі
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Г.И. Нұржанова
ҚазМемҚызПУ
ҚР ІРІ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Аннотация. В данной статье рассматриваются деятельность информации, а также
направления ее развития. В настоящее время в стране функционирует множество крупных
библиотек, в том числе и по направлениям деятельности, многие люди обмениваются
информацией.В данной статье описывается информационная деятельность библиотек страны.
Аbstract. This article discusses the activities of information, as well as directions of its development.
Currently, there are many large libraries in the country, including in the areas of activity, many people
exchange information. This article describes the information activities of libraries in the country.
Кітапхана қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет кітап мекендейтін,
адам ақыл - ойының, парасатының қоймасы болып табылады.
Қазақстан кітапханаларының тарихы 11-12 ғасырларда Отырар кітапханасының пайда
болуымен байланысты.Ал қазіргі таңда жалпы, республикамызда барлығы 12 мыңға жуық кітапхана
бар. Солардың ішінде ірі кітапханларға тоқталатын болсақ, олар: ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық
Академиялық кітапханасы, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана, Республикалық
ғылыми-техникалық кітапхана , Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы,
С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы және т.б
Жоғарыда айтып өткендей,
кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз
шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен,
мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана
атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік;
ә) ғылыми және арнаулы. Міне, мен осы жерде
ҚР Ұлттық кітапханасы мен Республикалық ғылыми-
техникалық кітапхананың айырмашылықтары мен ақпараттық қызметінің даму бағыттарын
салыстырғым келді.Себебі, ҚР Ұлттық кітапханасы- көпшілік кітапхана болса, Республикалық
ғылыми-техникалық кітапхана –
ғылыми кітапхана болып табылады.Бұлардың басты
айырмашылығы , көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін
басылымдарды ұсынса,ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір
ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді.
ҚР Ұлттық кітапханасы «ҚАСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы
қаулысының негізінде 1931 жылдың 12 наурызында ұйымдастырылды.
1991 жылы кітапханаға Қазақ
КСР Министрлер Кабинетінің «Қазақ КСР Ұлттық кітапханасы туралы» 09.12.1991 ж. N775
Қаулысы негізінде «Ұлттық» дәрежесі беріліп, ерекше құнды мәдениет объектісі ретінде мемлекеттік
және қоғамдық маңызға ие болды.
Кітапхана — республика кітапханаларының ғылыми зерттеу және
ғылыми әдістемелік орталығы; Қазақстан баспа басылыдарының міндетті данасының депозитарийі;
барлық ғылым салалары негізінде Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық
десертациялар бойфнша ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің ТМД елдері
авторефераттарының депозитарийі;1993 жылдан бері ЮНЕСКО-ның ғылыми десертацияларының
және басылымдарының депозитарийі.[1.2 б,].
ҚР Ұлттық кітапханасы Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық
федерациясына (IFLA, 1992), Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына (CDNL,
1992) және «Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ, 1993)
мүше. 2002 жылдан ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстандық ұлттық
комитетін басқарады, 2008 жылдан - IFLA/РАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының
аймақтық орталығы болып табылады.Жоғарыда айтып өткендей,
ҚР Ұлттық кітапханасы 1992 жылы
құрамында әлемнің 150 елінен 1680-ге жуық ұйым бар Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен
мекемелері федерациясының (IFLA) толық құқықты мүшесі болды.
IFLA кітапхана ісінің озық
және инновациялық идеяларын шоғырландырады, кәсіби қарым-қатынас жасайды және тәжірибе
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
429
алмасады, интеграцияның жүйелік міндеттері мен мақсаттарын шешеді.
Стратегиялық жоспар
бойынша мынадай жоблар іске асырылуда :
«Ұлы Жібек Жолымен» Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі Қазақстан
Республикасы Ұлттық кітапханасын қайта құрудың эскиздік жобасы «Қазақстанның 2012-2014
жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуын кітапханалық-ақпаратпен қамтамасыз
етудің бағдарламасы» «Қазақстанның қазіргі әдебиеті» жобасы Ресей-Қазақстандық «Шекарадағы
кездесулер» жобасы жәнеде де көптеген халықаралық жобалардың мүшесіне айналды.
Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:
• кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
• сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
• жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
• республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.
Кітап қоры 6,7 млн. астам сақтау бірлігінен тұрады. Оқырмандардың жыл сайынғы келім
саны - 1 млн. астам, кітап берілімі - 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық арнайы 14 оқу
залы қызмет көрсетеді. Жыл сайын кітапханаға 1 млн астам пайдаланушы келеді, 2 млн жуық кітап
беріледі.Осы деректердің өзінен-ақ ҚР Ұлттық кітапханасы республикадағы бірінші кітапхана екенін
дәлелдейді
[2, 45 б].
Келесі ірі кітапханалардың бірі Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана 1960 жылы
құрылған. Кітапхана республикадағы ғылыми техникалық ақпарат қызметін жетілдіру және кітапхана
ісін нығайту мақсатында құрылды.
1965-76 жылдар аралығында РҒТК тікелей бағынышты 18 облыстық ғылыми-техникалық
кітапхана қызметін атқарды .1977-80 жылдары РҒТК Біріңғай аймақтық анықтама ақпараттық қорлар
қалыптастыру жұмысын басқарды.Соңғы 10 жылда РҒТК өзінің 18 ОҒТК және кәсіпорынның 429
техникалық кітапханалармен бірге Қазақстанның ғылыми- өндіріс саласындағы мамандарды
ақпаратпен қамтамасыз етуде .2007 жылдың 10 мамырындағы ҚР үкіметінің 375-қаулысының
негізінде РҒТК Акционерлік қоғам мәртебесін иеленді.РҒТК филиалдары республиканың өндіріс
аймақтарында орналасқандықтан, оның қызмет аясы бүкіл Қазақстан аймағында таралған.
Кітапхананың қазіргі ақпараттық технологияны меңгеруду пайдаланушылардың әлемдік ақпарат
ағымындағы құжаттарға , әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді
[3.25 б].
Қорыта айтқанда, қазіргі жаһандану заманында Казақстан Республикасының ірі
кітапханаларының ақпараттық қызметінің даму деңгейі көңіл толтырарлықтай болып тұр.Сен қазір
қай кітапханаға барсаң да өзіңе керек ақпаратты табарың сөзсіз, тек жалықпай , ерінбей еңбектенсең
болғаны.
Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық кітапхана сайты
https://nlrk.kz/
2. Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана сайты http://www.rntb.kz/
3. Ақпараттық мәдениет негіздері Оқу құралы / С.М. Бекова, Р.И. Якупова, Г.Н.
Тастанбекова.- 6, 11 МБ.- Алматы: Бастау баспасы, 2011.- 232 б.