«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет207/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

404 



Исаева Макбал 

6М010600-Музыкалық білім 

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., проф.м.а. М.С.Султанова 

 

МУЗЫКАЛЫҚ-ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 



ШАРТТАРЫ 

 

Аннотация.  В  статье  рассматривается  педагогические  условия  организации  музыкально-досуговой 



работы  на  основе  содержания  курса  «Музыкальный  досуг  молодежи»  как  составляющий  компонент 

профессионализма будущих специалистов.  

Abstract. The article deals with the pedagogical conditions of organizing music and leisure work based on the 

content of the course «Musical leisure of youth» as a component of the professionalism of future specialists. 

 

Қазіргі  таңда  тұлғаның  тынығу  жұмысын  ұйымдастырудың  тәрбиелік  және  дамытушылық 



әлеуеті  кең  талқыланып  жатқан  өзекті  мәселелер  қатарында  екені  бәрімізге  мәлім.  Осы  тұрғыда 

көптеген  зерттеулер  жүргізіліп,  пікірлер  де  айтылған  (А.Д.Жарков,  Г.А.Аванесова,  М.А.Ариарский, 

М.Б.Зацепина  және  т.б.).  Тынығу  жұмысын  А.Д.Жарков,  «көпқырлы  қоғамдық  феномен, 

адамгершілік  құндылықтарды,  қоғами  қабылданған  этикалық  норма,  танымды  қалыптастыру, 

жинақтау,  көпшілікке  тарату  және  қолдану  концепциясы»  [1,  89  б.]  ретінде  қарастырса, 

М.А.Ариарский,  «тынығу  –  адамзаттың  мәдени  мұраларын  меңгеруге  және  жаңа  мәдени 

құндылықтарды  жасауға  бағытталған,  шығармашылық  қызмет  негізінде  рухани  қажеттіліктердің 

деңгейін  әрдайым  жетілдіру  мен  белсенді  демалыста,  қанағаттануда  жүзеге  асыратын  адамның 

дағдылары  мен  қажеттілігін  бейнелейтін  бос  уақытты  пайдалы  қолданудағы  жеке  тұлғаның 

көпдеңгейлі касиеті», - деп тұжырымдайды [2, 58 б.]. Олай болса, ғалымдар жеке тұлғаның тынығуын 

бос уақытты өз қалауынша түрлі қызметтермен айналысу  қабілеті деп таниды.  Бұл қызмет сыртқы 

факторлардың адамға әсер етуінен емес, қайта тұлғаның жеке қажеттіліктері мен қызығушылығынан 

туындайды  деп  ой  бөліседі.  Мәдени-тынығу  жұмыстар  жастардың  әлеуметтік  белсенділігінің 

қалыптасуына  әсер  ететін  басты  бағыттардың  бірі  болып  танылады.  Ол  жастардың  бос  уақытында 

шығармашылықтың бір түрімен айналысуына,  коммуникативтік қарым-қатынаста болуға, белгілі бір 

құндылықтарды  (рухани,  адамгершілік,  эстетикалық,  әлеуметтік,  шығармашылық  және  т.б.)  тұтыну 

мәдениетін  қалыптастыруға  ықпал етеді. Тынығу  жұмыстар  объективтік және субъективтік  сипатта 

болады,  яғни  оның  объективтілігі  –  жеке  тұлғаның  өзіндік  әлеуетін  ашуға  мүмкіндік  тудыратын 

әлеуметтік-мәдени  шарттарда  байқалса,  оның  субъективтілігі  –  тынығу  барысында  адамның  жеке 

қажеттілігін  қанағаттандыруда  көрінеді.  Тынығу  аясында  тұлға  белсенділіктері  жаңа  қырынан 

көрініп,  оның  түрлері  мен  формалары  ауқымды  бола  бастады.  Ілгеріде  ол  тек  отбасылық,  клубтық 

формада  өтетін  болса,  қазірде  тынығу  қызметі  көлемі  мен  құрылымы  жағынан  кеңейіп,  оны 

ұйымдастырудың  бейресми  жүйесі  әлдеқайда  көп  адамдарды,  көпшілікті  қамтитын  болды.  Алуан 

түрлі  демалу,  тәрбиелеу,  көңіл  көтеру  қызметтерін  өзара  теңестіріп,  реттеп,  оның  қоғамдық 

маңыздылығын  отандық  дәстүрлер  мен  қазіргі  заман  талаптарының  сәйкестендірілуіндегі  жеке 

тұлғаның  тынығуын  тиімді  жүзеге  асыратын  кәсіби  мамандарды  дайындауда  біз  келесідей 

педагогикалық шарттарды алға тартамыз.   

Жалпы, шарттар белгілі бір заттың қоршаған құбылыстарға қатынасын білдіреді, себебі білім 

алушы  субъектінің  белсенді  іс-әрекеттік  қатынасын,  оның  жеке,  орындаушылық,  әдістемелік 

дайындығының  өзгерістерін,  кәсіби  жетілуін  қамтамасыз  етеді.  Басқаша  айтқанда,  шарттар  –  ол 

жұмыс істейтін  педагогикалық жүйенің  тиімділігіне,  оқу  үдерісінің жетістіктеріне  себепші  болатын 

деректер,  жағдайлар.  Ал  педагогикалық  шарттар  алға  қойған  мақсатқа  жету  нәтижесін  қамтамасыз 

ететін  жүзеге  асырудың  материалдық  және  ұйымдастырушылық  формалары,  оқыту  мазмұнының 

мүмкіндіктер  құрылымы  ретінде  анықталынады.  Жастардың  музыкалық-тынығу  жұмыстарын 

ұйымдастырудың  педагогикалық  шарттарын  біз,  оқытушының  педагогикалық  үдерістің  объективті 

мүмкіндіктерін сабақтан тыс уақытта мақсатты қолдануы деп түсінеміз. 

Музыкалық  тынығу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  алғашқы  педагогикалық  шарттары 

қатарына теориялық білімді жатқызамыз, себебі болашақ маманның тынығуға қатысты жұмыстарды 

ұйымдастыруда білімнің алатын орны ерекше. Кез-келген шығармашылық іс-әрекет  толық кешенді 

арнаулы  біліммен  қаруланғанда  ғана  жүзеге  асырылады.  Музыкалық-тынығу  жұмысының  теориясы 

мен практикасына қатысты базалық білімді студенттер жоғары оқу орнында «Жастардың музыкалық 

тынығуы»  курсы  негізінде  меңгеруі  тиіс.  Курс  мазмұнына  сәйкес  студенттер  музыка  стильдері  мен 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

405 



бағыттары  туралы  (дәстүрлі  музыка,  джаз,  рок  музыкасы)  тек  білім  ғана  алып  қоймайды,  сонымен 

қатар әлеуметтік, кәсіби қарым-қатынас тәжірибесін жинақтайды, дүниетанымы, өмірлік ұстанымы, 

кәсіби-құндылық бағыттары қалыптасады.  

Болашақ  мамандардың  музыкалық-тынығу  жұмыстарын  ұйымдастыру  мүмкіндіктерін 

қарастыруда  педагогикалық  шарттар  қатарына  өнер  түрлері  мен  музыкалық-тынығу  туралы 

түсініктер  жүйесін  «шоғырландыруды»  (интеграциялау)  жатқызуға  болады.  Музыка  педагогикасы 

шоғырландыру  үдерісін қайта келтіру,  толықтыру,  бөлшектерді  бүтін жүйеге келтіру,  музыка  өнері 

түрлерінің, музыкалық іс-әрекеттердің өзара әрекеттесуі ретінде қарастырады. А.Б.Гольденвейзердің 

пікірінше,  «кең  музыкалық  және  жалпы  білім  алмаған  музыкант  толыққанды  кәсіби  маман  бола 

алмайды.  Кәсіби  іскерлігі,  дағдыларымен  қатар,  ол  мәдениетті,  қоршаған  ортадағы  білім  беру 

аясындағы  жаңалықтармен  қаруланған  қаруланған,  ...  өз  өнерін  көпшілікке  жеткізетін,  олардың 

талаптарына  жауап  бере  алатын,  нақты  практикалық  жұмысы  арқылы  көпшіліктің  музыкалық 

деңгейін  көтеретін  болуы  тиіс»    [3,  285  б.].  Музыка  мамандарын  теориялық  және  практикалық 

даярлауда  өзара  байланысты  өнер  түрлерінің  түсініктерін  кеңінен  қолдану  керектігін  ғалымдар 

Я.И.Зак, Э.Б.Абдуллин, Л.М.Баженова, А.А.Мелик-Пашаев, Г.П.Нестеренко және т.б. өз еңбектерінде 

қарастырған  болатын.  Олай  болса,  интеграция  болашақ  бакалаврдың  кәсіби  білім  деңгейінің  негізі 

болуы  тиіс.  Яғни  студент-бакалаврлар  курсты  меңгеру  барысында  музыкалық-тынығу  ұғымының 

мәні  мен  оның  заңдылықтарын,  өзге  өнер  түрлерімен  байланыстарын,  музыкалық-тынығу 

жұмыстарының өзекті мәселелерін шешуде оны шығармашылықпен пайдалану қажеттігін түсінуі аса 

маңызды.   

Педагогикалық шарттардың тағы бірі – жоғары оқу орнында музыкалық-тынығу жұмыстарды 

ұйымдастыру  үдерісінің  тиімділігін  арттыратын  оқытушы  мен  студенттің,  студент  пен  студенттің 

бірлескен  нәтижелі  іс-әрекетін  ұйымдастыруы,  яғни  студент-бакалаврлардың  өзбетіндік 

практикалық іс-әрекетін қарастырамыз. Болашақ бакалавр музыкалық-тынығу жұмыстарын өзін-өзі 

тәрбиелеу,  өзін-өзі  реттеу,  өзін-өзі  жетілдіру  саласы  ретінде  қарастырып,  жастардың  рухани 

құндылықтарын  қалыптастырудағы  оның  алатын  орнын  түсініп,  музыкалық-тынығудың  жеке, 

топтық,  көпшілік  формаларының  мазмұнына  сәйкес  бағдарлама  түрлерінің  композициялық 

құрылымы  мен  жүйелеу  принциптерін  құрастыра,  ұйымдастыра  және  талдай  алуды  меңгереді. 

Болашақ  бакалаврға  меңгерген  теориялық  білімін  практикада  тиімді  жүзеге  асыру  мүмкіндіктерін 

толық  анықтау  үшін  практикалық  сабақтар  барысында  қолайлы  жағдайлар  жасалынады.  Сонымен 

қатар практикалық сабақтарда болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін белсендіру мен дамытуды 

қамтамасыз ететін түрлі тапсырмаларды қолдану ауқымы кеңееді.  

Практикалық  сабақтарда  орындалатын  арнайы  жаттығулар  мен  тапсырмалар  болашақ 

бакалаврлар  үшін  оқу  үдерісіне  жеке  шығармашылық  қатынасты  тереңдететін  эмоционалдық, 

психофизиологиялық  жетілдірудің  нағыз  мектебі  болып  табылады.  Педагогика  практика  болашақ 

музыка  мұғалімінің  кәсіби  іс-әрекеті  мен  тынығу  жұмыстарын  ұйымдастыра  алуға  дайындауда 

маңызды  компоненттерінің  бірі  болып  саналады.  Ол  болашақ  мамандардың  оқу  үдерісінде  алған 

теориялық  білімдерін  бекітуге,  өзінің  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  практикалық 

дағдылары мен құзыреттілігін, сонымен қатар озық тәжірибені меңгеруге бағытталады. 

Сонымен, жоғарыда аталған педагогикалық шарттар өзара тығыз байланысты және болашақ 

бакалаврдың  музыкалық-тынығу  жұмыстарын  ұйымдастыруда  маңызды  орын  алады.  Олай  болса, 

мәдениетті,  музыкалық  талғамы  қалыптасқан,  рухани  дүниесі  бай  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  –  оқу 

үдерісімен қатар музыкалық-тынығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асады 

деп  айта  аламыз.  Жастардың  музыкалық-тынығу  жұмыстарын  ұлттық  мәдениетіміздің  бай 

музыкалық мұралары мен әлемдік музыканың озық үлгілері арқылы ұйымдастыру болашақ мамандар 

алдында тұрған зор міндет болып табылады. Сол себептен де ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың 

және тәжірибеге енгізудің нысанына айналуы тиіс. 



 

Әдебиеттер: 

1.  Жарков А.Д. Теория и технология культурно-досуговой деятельности. М., 2007.  

2.  Ариарский  М.А.  Научная  школа  педагогической  культурологии  //Вестник  СПбГУКИ.  – 

март. 2011.   

3.  Гольденвейзер А.Б. О музыкальном искусстве. - М., Музыка, 1975.  

 

 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау