«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
357
Қалқабаева Әсемай
Ветеринариялық санитария 3 курс /студент
Ғылыми жетекшісі: PhD А.Б. Абжалиева, к.в.н., қауым.профессор Қ.М.Ромашев
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ІРІ ҚАРА МАЛ ЕТІНДЕГІ АУЫР МЕТАЛ ТҰЗДАРЫН АНЫҚТАУ
Аннотация. Интенсивный сбор солей тяжелых металлов в биосферу представляет
опасность для живого организма. Нормальные уровни микроэлементов в организме человека
обусловлены их присутствием в окружающей среде. Недостаток или избыток некоторых
химических элементов в организме или их соединениях приводит к различным патологическим
состояниям.В ходе ветеринарно-санитарной экспертизы санитарное качество крупного рогатого
скота исследовалось с помощью широко распространенных методов.
Abstract. Intensive collection of heavy metal salts in the biosphere is a danger to a living organism.
Normal levels of trace elements in the human body due to their presence in the environment. Lack or excess
of some chemical elements in the body or their compounds leads to various pathological conditions. During
the veterinary and sanitary examination, the sanitary quality of cattle was investigated using widely accepted
methods.
Ірі қара мал - Республикамыздағы мал шаруашылығының ең ірі салаларының бірі. Барлық
өндірілетін еттің 60 % мөлшерін ірі қара шаруашылығынан аламыз. Ірі қараның көпшілігі
республиканың Солтүстік облыстарында орналасқан. Себебі, жер жағдайы, жем шөп, азық қоры
басқа облыстарға қарағанда ірі қара үшін өте қолайлы. Ет өндіру ірі қараның ішінде арнаулы етті
асыл тұқымды бағыттағы ірі қара малдарды өсіріп өркендету бағытының маңызы зор. Етті тұқым
басқаларына қарағанда тез өсіп жетіледі, қысқа мерзімде етке тапсыруға жарамды, сойыс
шығымдылығы және еттің сапасы жоғары. Сонымен қатар етті бағыттағы малдарды бағып күту аса
зор қаржыны қажет етпейді, сүтті бағыттағы сиырларға қарағанда анағұрлым арзан. Бұл малдардың
өсіп өнуіне Қазақстандағы адамдар аз қоныстанған далалық шөлейт, табиғи жайылым жақсы. Кейбір
ғалымдардың келтірілген мәліметіне қарағанда, қыстың желсіз 32ºC суығына етті бағыттағы сиырлар
өздерінің қоңдылығын төмендетпейтіндігі айтылған [1,2].
Зерттеу жұмыстары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының “Рахман” шаруа
қожалығындағы ірі қара мал етінің сапасын “Ветеринария” заңнамасын негізге ала отырып,
“Сойылатын малдарды сояр алдында қарап тексеру, ет және ет өнімдерін ветеринариялық
санитариялық сараптау” ережелеріне, “Малды сою алдында тексеру және ұша мен ағзаларды
санитариялық бағалаудың” халықаралық заңдылықтарына, “Тағамдық өнімдердің сапасы және
қауіпсіздігі” туралы заң талаптарына, “Малды ет шыңымы және сапасы бойынша тапсыру, қабылдау,
есеп айырысудың”бірыңғай ережесіне сай зерттелді.
Зерттеу нәтижелері. Іpi кара мал ұшаларынан алынған сынамалардан анықталған ауыр металл
тұздарының мөлшерлері көрсетілген, Төменарық аймағынан әкелілген ipi кара мал ұшаларының
сынамаларында кадмий мөлшері бұлшык етте МЖД-ден 0,492-ге арткан бауырда 1,011-ге арткан,
бүйректе 1,751-ге арткан және жүректе 0,382-ге артқан, мырыш мөлшері бұлшык ет пен бауырда,
қорғасын бұлшық етте, бүйректе және жүректегі мөлшері қалыптыдан аспаған, тек бауырда МЖД-ден
0,14-ке артқан, мыс мөлшері бұлшык ет пен бауырда аныкталды, бірақ шекті мөлшерден асқан жоқ.
Сунақата елді-мекеннен сатуға әкелінген ipi кара мал ұшаларының сынамаларындағы аныкталған ауыр
металл тұздарының мөлшері кадмий бұлшық етте 0,371-ге артқан, бауырда 0,917-ге, бүйректе 1,832-
ге, жүректе 0,423-ке артканын аныктадық. Қорғасын мен мыс мөлшері шекті мөлшерден артқан жоқ
бірақ, қорғасын бауыр мен бүйрек және жүректе, сонымен бірге бауырда мыс мөлшері анықталды,
мырыш анықталмады. Қожамбердіден сатуға әкелінген ipi қара мал ұшаларының сынамаларындағы
аныкталған бауыр мен бүйректе мырыш және мыс мөлшері МЖД-ден аспаған, кадмий бұлшық етте
0,513-ке асқан, бауырда 1,171-ге және бүйректе 2,841-ге, жүректе 0,302-ге артқаны аныкталды.
Қорғасын мөлшері бауырда 0,149-ға артқан, ал қалған сынамаларда қалыпты мөлшерден аспаған,
мыспен
мырыш
бауыр
және
бүйректе
мөлшерлері
анықталған,
бірақ
шекті
жіберілетінконцентрациядан артқан жоқ. Екпіндіден сатуға әкелінген ipi қара мал ұшаларының
сынамаларындағы анықталған ауыр металл тұздарының мырыш, мыс және қорғасын қалыптан
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
358
аспаған, ал кадмий бұлшык етте 0,412-ге, бауырда 1,192-ге және бүйректе 2,054-ке артык, жүректе
0,302-ге асқаны анықталды. Жайылмадан сатуға әкелінген ірі қара мал ұшаларынан алынған
сынамаларда бұлшык етте 0,423-ке, бауырда 1,62-ге артқан, бүйректе 1,77-ге және жүректе 0,917-ге
артқаны, сонымен қатар қорғасын мөлшері бұлшык етте 0,17-ге артса бауырда 0,442-ге, бүйректе
0,263-ке және жүректен мөлшері 0,155-ке асқанын анықтадық.
Алмаспайтын аминқышқылдарынан валиннің мөлшері«Рахман» шаруашылығының ірі қара мал
етінде 1030мг/100г болса, сол шаруашылыктағы Ақтөбе өңірінің ірі қара мал еті құрамындағы
валиннің мөлшері 1022 мг/100г құрады. Демек «Рахман» шаруашылығының ірі қара мал
етіқұрамындағы валиннің мөлшері 8 мг/100г артық. Изолейцин мөлшері«Рахман» шаруашылығының
ірі қара мал етінде құрамында 780 мг/100г болса, Ақтөбе өңірінің ірі қара мал еті құрамындағы
валиннің мөлшері 781мг/100г құрады. Яғни, тексеру нәтижесі көрсеткендей, изолейцин мөлшері
шамалас.Тексерудегі лейцин аминқышқылыныңмөлшері «Рахман» шаруашылығының ірі қара мал
етінде құрамында 1478 мг/100г болса, салыстырмалы түрде алынган ет құрамындагы мөлшері1470
мг/100г құрап, 8 мг/100г артык екендігін анықтадық.
Ал,
алмаспайтын
аминқышқылдарынын
арасындағы
лизинніңмөлшері
«Рахман»
шаруашылығының ірі қара мал етінде құрамында 1589 мг/100г құраса, Ақтөбе өңірінің ірі қара мал
еті құрамындағы мөлшері 1585 мг/100г екендігі аныкталды. Бұл мөлшер 4 мг/100г артык.Метионин
мен треонин мөлшері «Рахман» шаруашылығының ірі қара мал етінде құрамы Ақтөбе өңірінің ірі
қара мал еті құрамымен шамалас екендігін кестеден байқауға болады.
Зерттеудегі алмаспайтын аминкышкылдары арасынан триптофаннынмөлшері «Рахман»
шаруашылығының ірі қара мал етінде құрамында 205 мг/100г көрсетсе, бұл көрсеткіш Ақтөбе
өңірінің ірі қара мал еті құрамындағы мөлшері 207 мг/100г құрады. Демек бұл мөлшердің 2 мг/100 г
аз екендігін байкадық.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей «Рахман» шаруашылығының ірі қара мал еті құрамындағы
дәрумендер мөлшері, «Рахман» шаруашылығына Ақтөбе өңіріннен әкелінген ірі қара мал етінің
құрамындағы мөлшерінен А, Е, В
2
РР А, Е, В
ь
РР дәрумендерінің мөлшері көп болса, С дәруменінің
мөлшері шамалас, ал В
1
дәрумені кем нәтижені көрсетті. Кальций мөлшері 14 мг болса, «Рахман»
шаруашылығына Ақтөбе өңіріннен әкелінген ірі қара мал етінің құрамындағы бұл мөлшер 12 мг
көрсетті.
Зерттеу нәтижесінде ірі қара мал етіндегі ауыр металл тұздарының мөлшері нормадан
ауытқымады, демек адамзат денсаулығы үшін қауіпті емес. Қазақстан Республикасының
МемСтандарт бойынша зерттеу нәтижесінде алынған сандық мәліметтер ШРК(шекті рұқсат етілетін
концентрация) аспады: Pb — анықталмады (ШРК — 0,5 мг/кг); Cd — анықталмады (ШРК —
0,05 мг/кг); Hg — өнімнен 30 % анықталды , диапазоны 0,014-тен 0,030 дейін (ШРК —
0,03мг/кг); As — өнімнің 50 % анықталды , диапазоны 0,02-ден 0,08 дейін (ШРК — 0,1
мк/кг).
Әдебиеттер:
1.Жанабаева Ж.К., Стратегия развития рынка мяса и мясопродуктов. АР, Казахский
национальный аграрный университет. Алматы, 2008 г. — 27 с.
2.Gorbunov A.V., M.A. Frontasyeva, A.A. Kistanov, S.M. Lyapunov, O.I. Okina, A.B.
Ramadan. Heavy and toxic metals in staple foodstuffs and agriproduct from Contaminated Soils. J.
of Environ. Sci. and Health, Part B, Pesticides, Food Contaminants, Wastes, — Vol. B38, — № 2,
— 2003, — Р. 181—192.