«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
350
қазтабан, шаянмойын таран, шүйгін, көкшегүл, бақ-бақ, атұқлақ қымыздық, жалбызтікен және т.б.
тамыры мен тамырсабақтарын 3-5 жылдан кейін; сүйелшөп, сарыбас шайқурай, бүлдірген,
бақажапырақ, ащы жусан, мыңжапырақ, өгейшөп, кәдімгі жұмыршақ және т.б. жапырақтары мен
шөптерін 2 жылдан кейін жинауға болады.
- итмұрын, долана, бүлдірген, қарақат, мойыл, кәдімгі арша, кәдімгі шәңкіш және т.б.
өсімдіктердің гүлін, жапырағын және жемісін жинағанда бұтақтарын сындармау керек;
- қарағай бүрлері мен ағаш және бұталардың қабықтарын бүйір бұтақтардан (негізгі діңге
тиіспей) кесіп алады;
- дәрілік шөптерді жинағанда барлық бөлігіне тиіспей бір бөліктерін қалдыру қажет. Мысалы,
қарақат, итбүлдірген, қаражидек, аққайың және т.б. жапырақтарын жинағанда барлығын алмай,
олардың бір бөлігін өсімдікте қалдырады.
Дәрілік өсімдік шикізатын дайындағанда жоғарыда аталған ережелерді орындамау
өсімдіктердің азаюына, тіпті қауының жойылуына алып келеді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді (алтын тамыр, дәрмене және т.б.) мүлде жинауға рұқсат
етілмейді.
Дәрілік өсімдіктерді жинағаннан кейін бірден кептіру қажет. Себебі, оларда ылғал өте көп
болады: жапырағы, гүлі және шөбінде – 80-85%, тамыры мен тамырсабағында 45-50% .
Өсімдікті таза төсеніштің үстіне 1 м
2
–ге 1-2 кг шикізаттан келетіндей жұқа етіп жаяды.
Шикізат қызып кетпей жылдам кебу үшін бірнеше рет асты-үстін аударады. Ең дұрысы шикізатты
жақсы желденетін бөлмеде, аспа немесе шатыр астында кептірген жөн. Шикізатты кептіру сипаты
өсімдік түрі мен оның құрамындағы биологиялық белсенді заттарға байланысты. Құрамында эфир
майлары бар шикізаттарды (жалбыз, жебіршөп, киікоты, андыз және т.б.) 30-35
0
С температурада
ақырын кептіреді, жоғары температурада эфир майы ұшып кетеді. Құрамында гликозидтер болатын
шикізаттарды (жанаргүл, меруертгүл, жусан, киікоты және т.б.) кептіру температурасы 50-60
0
С.
Аскорбин қышқылына бай шикізаттарды (шырғанақ, қарақат, итмұрын жемістерін) тез бұзылып
кетпеу үшін 80-90
0
С температурада
кептірген дұрыс. Күзде немесе ылғалды ауарайында
шикізаттарды от жағылатын бөлмелерде, арнайы кептіргіштерде кептіреді.
Кептірілген жапырақ пен гүлдер алақанда жақсы үгілгенде; тамыр, тамырсабақтар және
сабақтар тез сынатын болса; жемістер мен тұқымдардан суылдаған дыбыс шыққанда; жидектер бір-
біріне жабыспайтын болғанда кептіру аяқталды деп есептеледі. Жақсы кептірілген дәрілік өсімдік
шикізатының құрамында гигроскопиялық ылғал 12-15%-дан аспау керек.
Шикізаттарды түрі және жиналған уақыты жазылған этикеткасымен (затбелгі) қағаз немесе
шүберек қаптарда, қалталарда, қораптарда, құтыларда сақтайды. Егер шикізатттың дәрілік қасиеті
эфир майларымен немесе басқа да ұшқыш заттармен байланысты болса, шикізаттарды берік
кептелген тығыны бар шыны құтыларда немесе қақпағы тығыз жабылатын темір құтыларда
сақтайды.
Шикізаттарды құрғақ, жақсы желденетін, тікелей күн сәулесі түспейтін салқын (10-15 °С)
бөлмеде, қамба зиянкестерінен қорғай отырып сақтау қажет. Гүлдердің, жапырақтардың және
шөптерінің сақталу мерзімі – 1-2 жыл, тамыры мен тамырсабағының және қабығының сақталу
мерзімі – 2-3 жыл.
Әдебиеттер:
1. Мухитдинов Н.М., Мамурова А.Т. Дәрілік өсімдіктер: Оқулық. – Алматы: Дәуір, 2013. –
400 б.
2. Кырбасова Э.А., Дюскалиева Г.У. Дәрілік өсімдіктер және оның қоры. (Электронды оқу
құралы). 2018 ж.
3. Жапаркулова К.А. және т.б. Вестник КазНМУ. №3. 2015. С. 243-245. Правила сбора,
заготовки и хранения лекарственного растения Зизифоры бунге (Ziziphora bungeana Juss.)
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
351
Кенжетай Жансая
Ветеринариялық санитария 5 курс /студент
Ғылыми жетекшісі: PhD А.Б. Абжалиева, к.в.н., қауым.профессор А.А. Жумагелдиев
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ІРІ ҚАРА МАЛ БРУЦЕЛЛЕЗІНІҢ ЕТ САПАСЫНА ӘСЕРІ, ҰША МЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Аннотация. В лаборатории ветеринарно-санитарной экспертизы внутреннего рынка
«Алтын Орда» Карасайского района Алматинской области был обнаружен положительный ответ
на бруцеллез, а внутренние органы породы крупного рогатого скота были идентифицированы и
протестированы на внутреннем торговом объекте, положительный ответ на бруцеллез и
нестабильный
Abstract. In the laboratory of veterinary and sanitary examination of the domestic market "Altyn
Orda" Karasai district of Almaty region was found a positive response to brucellosis, and the internal
organs of the cattle breed were identified and tested on the domestic trade facility, a positive response to
brucellosis and unstable
Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық
кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын
индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда
отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар
аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-
техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары,
агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].Халықтың жас мал етіне деген сұранысын
қанағаттандыруда, саны мен сапасын арттыруда әр-түрлі аурулар едергі келтіруде. Сондай
кедергілердің бірі ірі қара мал бруцеллезі. Ол Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ауруға
ірі қара жылдың барлық мезгілдерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім [2].
Зерттеу нәтижесі бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара малы мен салыстырмалы
түрде алынған ауырмаған ірі қара малының дене температурасы қалыпты, ауытқушылық
анықталмады.
Еттің қансыздандыру дәрежесін зертханалық тәсілдермен анықтаудың мал дәрігерлік
санитариялық сараптауда қолданатын тәсілдерді пайдаландық. Оның ішінде бізге қол жетімді Родер
тәсілі, ол бойынша Родер әдісі пробиркаларға 3 граммнан ет салып, үстіне 5 мл дайындалған реактив:
0,1 мл Леффлер көгі, 40 мл дистильденген су және 0,05 мл қаныққан фукциннің спирттегі ерітіндісі
қоспасының бір миллилитрі 10 мл сумен араластырады да, пробирканы шайқап, 5 минут тұндырдық.
Жақсы, қанағаттанарлық қансыздандырылған етте реактив көк күйінде қалады, ал нашар болса
ерітінді қоңыр жасыл түске, өте нашар болса қоңыр күрең түске боялуы тиіс. Біздің
зерттеулеріміздегі сынамалардың жақсы қансыздандырылғандығы анықталды. Қорыта келе
тексерілген ұшалардың қансыздану дәрежесі жақсы, реакциялар көрсеткіштері шамалас
болды.Заманауи құралдың бірі РПЛ-3 арқылы бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан
алынған майдың жарық сәулесін сындыру коэффициенті анықталды. Ол үшін рефрактометрді
дистильденген су арқылы тексеріп (П 1:3333) құралдың төменгі призмасына бір тамшы май тамызып,
жоғарғы призмасын жауып, айна көмегімен жарық призмаға бағытталды. Рефрактометрдің окуляры
арқылы бақылай отырып, жарық сәулесінің қара және ақ түстерінің шекарасы анықталды.
Анықталған шекара арқылы майдың жарық сәулесін сындыру коэффициенті анықталды. Сиыр
майларының сыну коэффициенті біздің зертеуімізде аырмаған ірі қара мал майынан алынған
сынамада 1,41458±0,07, ал бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан алынған майда
1,41456±0,003 екені анықталды, олардан ешқандай ерекшеліктер мен айырмашылықтар байқалмады
(1-кесте).