«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
214
Төлеген Оразкүл
Информатика
4-курс бакалавр
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Алиева Г.С.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ
БҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аннотация. Облачные вычисления - одна из самых обсуждаемых тем последних лет,
которая побуждает задуматься о будущем ИТ и продвигает свою систему как услугу. Сегодня
процессы виртуализации, которые позволяют любой компании разработать облачный переход ИТ-
инфраструктуры, можно динамически классифицировать как «облачные вычисления».
Аbstract. Cloud computing is one of the most debated topics of recent years, which prompts you to
think about the future of IT and promotes your system as a service. Today, virtualization processes that allow
any company to develop an IT infrastructure cloud transition can be dynamically classified as “cloud
computing.”
Бұлттық есептеулер – IT болашағы жөнінде ойлануға итермелейтін және оның жүйесін
қызмет ретінде қабылдауға ықпал ететін, соңғы жылдары аса қызу талқыланып жүрген
тақырыптардың бірі. Бүгінгі күні кез келген компанияның IT–инфрақұрылымының "бұлтқа" ауысуын
дайындап, платформа құру мүмкіндігін беретін виртуалдандыру үрдісін "бұлтты есептеулердің"
қарқынды дамып келе жатқан технологияларына жатқызуға болады. Көптеген компаниялар өз
мәлімет орталықтарын "жекелеген бұлттарға" айналдыра отырып, осы технологияны қазірден
қолданып жатқандығын атап өтуіміз қажет. Мәселен, Gartner талдау компаниясының мәліметтері
бойынша "2012 жылы Fortune 1000 тізіміндегі кәсіпорындардың 80 %–ы "бұлттық 17 есептеулердің"
нақты бір қызметтерін қолданды. Басылым пікірінше, тұрмысымызға электр желілері қалай енген
болса, "бұлтты есептеулер" де біздің өмірімізде бекем орын алмақ [1;304].
Елімізде бұлтты–сервистер пайда болып, оны электронды құжат айналымы бағытында
қолдана бастадық. Өткен жылдың жазынан бастап «Қазақтелеком» АҚ Microsoft Hosted Exchange
және Microsoft Hosted SharePoint бұлтты сервистері қолжетімді болды. Сондай–ақ, MyCloud
жобасының бірнеше сервистері бар. Дата орталықтардың бірі ретінде «Қазақтелеком» АҚ мен
Hewlett–Packard компаниясының бірлескен жобасы болып саналатын ТМД–дағы ірі инновациялық
қызмет көрсететін мәліметтер өңдеу орталығын айта аламыз. Мәліметтер өңдеу орталығы
тәжірибелік–өнеркәсіптік пайдаланудан өтуде. Оның базасында хостинг қызметі, сондай–ақ бұлттық
есептеу, бұлттық жүйенің мәліметтерін сақтау, мәліметтерді өңдеу виртуалды резервтік орталығы,
бизнес үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивтік қарым–қатынас жасау және ақпарат
алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа тұжырымдамасы негізінде жасалынған сервистер
ұсынылады [2;736].
Бұлттық есептеулер алдағы 3 жылдықта даму деңгейінің шарқына жетеді деген жорамалдар
бар. Бұл жорамалдардың айтылатындай себептері бар. Сол артықшыларды тізіп көрсетсек:
– Қолданушылар үшін қымбат емес компьютерлер. Қолданушыларға веб–интерфейс
бағдарламаларын қолдану үшін жады үлкен көлемді және дискті қымбат компьютерларды алу қажет
болмайды. Сонымен қатар, бүкіл информация және бағдарламалар «бұлтта» қалатындықтан СD және
DVD–лердің қажеттілігі жоқ. Қолданушылар дағдылы үлкен компьютерлар мен ноутбуктерден
шағын әрі ыңғайлы нетбуктарға көше алады.
– Қолданушылар компьютерларының өнімділігі ұлғайған. Бағдарлама мен қызметтердің
көпшілігі алыстатылған желі Интернетте болғандықтан, қолданушылар компьютері тезірек қосылып,
жылдам жұмыс атқарады. Бұған келтіретін мысалдардың бірі антивирустық шешім Panda Cloud
Antivirus–ты айтып өтсек болады. Бұл бағдарлама алыстатылған қуатты серверлерде вирустарды
сканерлеп, сол арқылы қолданушы компьютеріне түсетін ауыртпалықты 2 есе төмендетеді.
– Шығынның азаюы мен IT инфраструктураның тиімділігінің артуы.
– Қызметке байланысты туындайтын мәселелер азаяды. Cloud Computing–тің енгізілуімен
физикалық серверлер азайып жатқандықтан, оларға қызмет ету жеңіл әрі тез. Бағдарламалық
қамтамаға келетін болсақ, соңғы бағдарламалар «бұлтта» орналасады, жаңартылады, реттеледі.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
215
– Бағдарламалық қамтамаға кететін шығын азаяды. Әрбір желілік қолданушыға қажетті
бағдарламалық пакетті сатып алудың орнына компаниялар қажетті бағдарламаны «бұлтта» сатып
алады. Бұл бағдарламаларды жұмысқа қажетті қолданушылар ғана қолданады. Сонымен қатар,
Интернет арқылы алуға болатын бағдарламалар бағасы дербес компьютер бағдарламалары
аналогтарынан арзанырақ болады. Егер ағдарламалар ұзақ қолданылмайтын болса, сағаттық
төлеммен жалға алуға болады.
– Бағдарламалардың әр кез жаңартылуы. Кез келген уақытта қолданушы алыстатылған
бағдарламаны қосқанда ол бұл бағдарламаның соңғы нұсқасы екендігіне сенімді болуына болады.
– Қолжетімді есептік қуаттың өсуі. Қолданушыға қолжетімді «бұлттық» компьютерлердің
есептік қуаты дербес компьютерлермен салыстырғанда тек «бұлттың» өлшемімен ерекшеленеді.
Яғни, алыстатылған серверлердің жалпы санымен. Қолданушылар өте қиын тапсырмаларды қажетті
жадының үлкен санын орнату арқылы шешуіне болады. Басқаша айтқанда, қолданушылар қалауынша
жеңіл әрі арзан тәсілмен суперкомпьютермен ешқандай артық нәрсесіз қолдана алады.
– Мәлімет сақтау қорының шексіздігі. Cloud Computing–те операциялық жүйелердің
ешқандай рөлі жоқ. Unix қолданушылары Microsoft Windows қолданушыларының немесе керісінше
құжаттарымен еркін алмаса алады.
Бағдарламалар мен виртуалды компьютерлерге қолжетімділік веб–браузерлер мен басқа
қолжетімді құралдармен жүзеге асады.
– Қолданушы топтарының біріккен жұмысының қарапайымдылығы.
«Бұлттағы» құжаттармен жұмыс жасағанда бір–біріне нұсқаларды жіберудің немесе қайта
өзгертудің қажеттілігі жоқ. Енді қолданушылар құжаттың соңғы нұсқасы және бір адам арқылы
енгізілген кез келген өзгерістердің қолдарында барлығына сенімді бола алады.
– Құжат форматтарының жақсартылған үйлесімі. Егер қолданушы «бұлттық» бағдарламаның
бір бағдарламасымен құжат жасап, өзгерткен болса, формат пен нұсқа сәйкес келмеушілігі мұнда
жоқ. Мысалы, Word 2007 –де құжат қабылдап, локальды компьютерде Word 2003 немесе OpenOffice–
та аша алмайтын болса, «бұлттық» бағдарламада ондай келеңсіздіктер жоқ [3;410].
Біздің елімізде жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдар жеке бұлттық есептеу түрін
қолданады. Оның басты себебі эксплуатациялық шығындардың аз болуы, өте жеңіл бапталуы, желі
мен бағдарламалық қамтамасыз етудің арзанға түсуі. Осыған қоса жеке бұлттық есептеуді
қамтамасыз ететін кәсіпорындар жүйені басқарушы жүйелік администратор қызметін өз мойнына
алады. Әрине, бұл тұтынушыларға өте тиімді болыпкеледі. Дегенмен, ортақ бұлтты қолданушы
мекемелер де аз емес. Әр бұлттың талабына қарай, қолданылу орнына қарай, мекемелердің жұмыс
істеу көлеміне байланысты таңдау жасайды.
Онда кез келген тіркелуші өзіне белгілі бір мөлшерде тегін орын ала алады. Яғни ол бұлттық
есептеумен бірге танысуға мүмкіндік береді. Осы жұмыста аталған бұлттардың ішінен ортақ және
жеке бұлттардың мәлімет өңдеуші орталық ретінде толыққанды жұмыс істеуді қамтамасыз етеміз.
Әрбір бұлтқа баптамаларын жасаған кезде әрқайсысының ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалға,
жеке бұлттарға жасалатын қызмет аз мөлшерде және шектеулі болғандықтан, оған жұмсалатын
құрылғылар мен баптаулар мөлшері аз болады.
Бұлттық технологиялар – тұтынушыға өз компьютерінің қуатына, оның бағдарламалық
жасақтамасының мүмкіндігіне тәуелді болмауға мүмкіндік беретін ең заманауи сервис. Осындай
сервисті қолданушы кәсіпорындар саны күннен күнге артуда. Өздерінің ішкі мәлемет өңдеуші
орталықтарын сырқы коммерциялық қызмет көрсететін аутсорсингке тапсыруда. Бұлттық технология
қызметін қолданушы кәсіпорындар өздерінің құнды мәлеметтері қаншалықты дәрежеде сақталып
және өңделіп жатқан процестің қауіпсіздігі туралы уайымдауы мүмкін.
Әдебиеттер:
A. Marks, Bob Lozano. Executive’s Guide to Cloud Computing. Изд–во Wiley, 2010. – 304 с.
1. Дэвид Хьюкаби, Стив Мак-Квери, Эндрю Уитакер. Маршрутизаторы Cisco. Руководство
по конфигурированию. - Вильямс. 2011. -736 с
2. Стивен Б., Виртуальные частные сети. Из-во Лори,2009. – 410c.