«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет109/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

210 



Сырлыбаева Рузада 

5В010900-Математика 

Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент А.К.Искакова  

                                                            ҚазМемҚызПУ 

 

 



ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ ЭЛЕМЕНТЫ РЕТІНДЕ 

 

 



Abstract. This article is devoted to the problem of self-education specialist at the present stage of development 

of society, discusses the need and relevance of self-education for modern man. The relevance of the problem-in what 

form  should  be  self-education  of  the  current  specialist,  so  that  it  provides  its  professional  and  personal  growth.  The 

article presents the definition of "self-education", discusses the motives, forms of organization of self-education. 

Аннотация.  Статья  посвящена  проблеме  самообразования  специалиста  на  современном  этапе 

развития  общества,  рассматриваются  вопросы  необходимости  и  актуальности  самообразования  для 

современного  человека.  Актуальность  исследуемой  проблемы  -  в  какой  форме  должно  происходить 

самообразование нынешнего специалиста, чтобы оно обеспечивало его профессиональный и личностный рост. 

В  статье  представлены  определения  понятия  «самообразование»,  рассматриваются  мотивы,  формы 

организации самообразования. 

 

 



Заманауи  адам  өз  білімі  мен  қабілетін  үнемі  жетілдіріп,  өз  бетінше  білім  алумен  қатар, 

қызығушылықтың  сан  алуандығына  ие  болуы  тиіс.  Қазіргі  ақпараттық  қоғам  жағдайында  адамның 

өздігінен білім алу мәселесі ақпаратқа қол жеткізу, онымен жұмыс істей білу болып отыр. Жаңа білім 

мен  технологиялардың  көпшілігі  орта  есеппен  бес  жылдан  кейін  өзектілігін  жоғалтатыны  белгілі. 

Сондықтан  шеберлікті  көтерудің  ең  тиімді  тәсілі  -  өз  білімін  жетілдіру.  Өзін-өзі  жетілдіру  -  бұл 

адамның өзі реттейтін мақсатты және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл қызмет саналы, жүйелі 

және дербестікпен сипатталады. Маманның өздігінен білім алуы - бұл кәсіптегі шығармашылық іске 

асыру  процесі  және  ол  сананың  дамуымен,  сондай-ақ  адамның  жеке  басының  белгілі  бір  ішкі 

қасиеттерімен  байланысты  және  жеке  тұлғадан  дербес  танымдық  күштерді  талап  етеді.  Бұл  кәсіби 

құндылықтар мен замануи технологиялар жүйесін өз бетінше меңгеру. 

«Өзін-өзі  ұйымдастыру»  және    «өзін-өзі  жетілдіру»  ұғымдары  ежелгі  уақытта  пайда  болды 

және  қазіргі  уақытта  қарқынды  дамып  келеді.  Олардың  мәні  мен  мазмұны  бойынша  барлық 

замандағы ойшылдар өз еңбектерінде жазды, алайда бүгінгі таңда бірыңғай анықтамалар жоқ. Бірақ 

біз бұл категориялар қазіргі әлемде өз көрінісін табады және өзекті болып табылады деп айта аламыз. 

Адам  өмір  бойы  білім  алып  өтуі  керек.  Үздіксіз  білім  беру  -  өмір  бойы  оқыту  ұғымдары  - 

өткен  ғасырдың  жетпісінші  жылдары  қолданылған,  бірақ  оның  жалпыға  танылған  парадигмадағы 

дамуы тоқсаныншы жылдары ғана жүзеге асырылды. ЮНЕСКО-ның ақпараттық технологиялар және 

білім  беру  Институтымен  құрылған  «өмір  бойы  білім  алу»    2008  -  2013  жылдарға  арналған  орта 

мерзімді стратегиясы қазіргі таңға дейін өз маңыздылығын жоғалтпауда. Педагогтің басты мақсаты - 

білім алушыны үздіксіз білім беруге дайындау, ал дидактикалық міндет - білім алуға үйрету, әмбебап 

дағдыларды  меңгеруге  көмек  көрсету,  бұл  өмір  бойы  өз  бетімен  білім  алу  мен  оқыту  қажеттілігін 

сезінуге мүмкіндік береді. 

Американдық ғалым - педагог Малколм Шепард Ноулз (англ Malcolm Shepherd Knowles) өзін-

өзі  білім  беру  процесс  ретінде  былай  дейді  «...онда  индивидтер  басқалардың  көмегімен  немесе 

көмегінсіз  өздерінің  білім  беру  қажеттіліктерін,  мақсаттарын  анықтау,  адамгершілік  және 

материалдық ресурстармен, оқыту көздермен қамтамасыз ету, тиісті білім беру стратегиясын таңдау 

және енгізу, нәтижелерді бағалау бастамасын өзіне алады»  

Қазіргі  кезде  қоғам  өзінің  тарихында  терең  және  қарқынды  өзгерістер  байқалуда.  Жалғыз 

білім  өмір  бойы  жеткілікті  болған    өмір  сүру  стилінің  орнына  жаңа  өмір стандарты  келуде.  Кәсіби 

болу  үшін  әр  түрлі  көздерден  өз  білімдерін  үнемі  толықтырып,  оларды  тәжірибеде  жүзеге  асырып  

және үздіксіз өз білімін жетілдіру процесі қажет, ал ол үшін уақыт тауып күш салу керек. 

 [1.  c.56].  Ақпараттық  қоғам  білім  қоғамы  ретінде  сипатталады,  онда  ақпаратты  білімге 

айналдыру үдерісі ерекше рөл атқарады. Сондықтан қазіргі өмір маманның білімін үнемі жетілдіруді 

талап етеді. Өзін - өзі жетілдіру - бұл тұлғалық дамудың үздіксіз процесі. 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

211 



Өзіндік  білім  алу  -  әрбір  жоғары  білікті  маманның  ең  басты  дағдысы.  Адамды  өз  бетінше 

білім  алуға  итермелейтін  себептерді  анықтаймыз:  жаңа  ақпаратты  іздеу  және  талдау  қажеттілігі; 

шығармашылық  ниеті  (жұмыс  қызықты  болуы  және  ләззат  алуы  тиіс);  қазіргі  заманғы  талаптарға 

сәйкестігі;  бәсекелестік;  қоғамдық  пікір;  табыс  себептері,  кәсіби  қиындықтарды  жеңу  себептері, 

материалдық  әл-ауқатты  жақсартуға  бағытталған  уәждер,  кәсіби  мойындау,  мансаптық  уәждер. 

Білімді әр түрлі жолмен алуға болады. Өзіндік білім алудың негізгі түрі - ғылыми, ғылыми-көпшілік, 

оқу,  көркем  және  басқа  әдебиеттерді,  баспасөздерді  зерттеу.  Өз  бетінше  білім  алу  түрлі  қосалқы 

құралдарды пайдалану мүмкіндігін қарастырады: біліктілікті арттыру курстарынан өту, дәріс тыңдау, 

мамандардың  кеңес  беруі,  қойылымдар,  кинофильмдер,  телебағдарламалар  көру,  мұражайларға, 

көрмелерге, галереяларға бару, практикалық қызметтің әртүрлі түрлері - тәжірибелер, моделдеу және 

т. б. 

Өздігінен білім алу процесін ынталандыратын және адамның шығармашылық әлеуетін ашуға 



ықпал  ететін  кәсіптік  білімді  тереңдетудің  инновациялық  нысандарына  топтық  белсенді  оқытудың 

түрлерін  жатқызуға  болады,  олар:  дөңгелек  үстелдер,  проблемалық  жағдайларды  талқылау,  кәсіби 

тренингтер,  мастер-класстар  және  т.б.  Өздігінен  білім  алуда  ерекше  орын  іскерлік  ойындарға 

бөлінеді.  Мұндай  формалар  кәсіби  дағдыларды  жетілдіруге,  эрудицияны,  құзыреттілікті  көрсетуге, 

шешім  қабылдау  дағдыларын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық  технологиялардың  тез 

дамуы  өздігінен  білім  алу  жағдайларын  түбінен  өзгертеді.  Интернет  кәсіби  қоғамдастықтардың 

виртуалды  бірігуіне,  өзін-өзі  жетілдіру,  өзін-өзі  дамыту  және  өзін-өзі  білім  берудің  негізгі 

мәселелерін  шешуге  ықпал  етеді.  Өзін-өзі  дамыту  және  өзін-өзі  тәрбиелеу  тұлғаның  өзін-өзі 

қалыптастырудағы маңызды ұғымдар болып табылады. 

Педагогикалық өзін — өзі білім берудің тиімділік көрсеткіштері - бұл ең алдымен мұғалімнің 

оқу-тәрбие  процесінің  сапасы  және  педагогтың  кәсіби-біліктілігінің  өсуі  деп  айтамыз.  Мұғалім  өз 

жұмысында  көп  ақпаратты,  әдістер  мен  құралдарды  қолданған  сайын,  оның  жұмысы  соғұрлым 

нәтижелі  болады.  Ал  үнемі  шығармашылық  ізденісте  жүрген  және  жоғары  деңгейде  "өсуге" 

ұмтылатын педагогтің кәсіби қызметінің көрсеткіші оның табысты және қазіргі әлемде сұранысқа ие 

бола  алатын  шәкірттерін  айта  аламыз.  Өзін-өзі  дамытудың  маңызды  компоненті  өзін-өзі  талдау 

болып табылады [2, c.127]. 

Заманауи  тұлға  өз  алдына  мақсат  қоя  білуі,  әдістерді,  тәсілдерді, формалар  мен  құралдарды 

таңдай білуі тиіс және олардың көмегімен өз өзін ары қарай жетілдірілетін болады. Өз бетімен білім 

алу  процесін  қазіргі  заманғы  техникалық  және  бағдарламалық  құралдарды  кеңінен  пайдаланбай 

елестету  қиын.  Ол  үшін  білім  алушы  тиісті  құзыреттілікке  ие  болуы  тиіс.  Егер  адам  өзін  бағалай 

аласа,  өзгерістерге  дайын  болса,  өзін-өзі  талдау  және  өзін-өзі  тану  тәсілдерін  меңгерген,  өз  іс-

әрекеттерін, сезімдерін есте сақтауға, өз қызметін талдауға бағытталған рефлексия қабілеттілігіне ие 

болған жағдайда өздігінен білім алу нәтижелі болады.  

 

Әдебиеттер 

1.  Hayes  C.  Beyond  the  American  Dream.  Lifelong  learning  and  the  search  for  meaning  in  a 

postmodern world. Wasilla: Autodidactic Press, 1998. 365. р.  

2.  Искакова  А.К.,  Сагынбаева  Э.Е.,  Батырбаева  Г.А.  Математическая  подготовка  в  общем 

образовании  современного  человека.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің 

Хабаршысы. Алматы. 2015. № 2(56). 125-129б.  

3.  Айзенберг  А.  Самообразование:  История,  теория  и  современные  проблемы.  Учебное 

пособие для вузов. М.: Высшая школа, 2006.  

 

 

 



 

 

 

 

 

 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау