Экономика жəне басқару факультеті



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет13/28
Дата04.02.2020
өлшемі0,61 Mb.
#28182
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

Көбіне  мұндай  хаттарда  жеткізіп  беру  бағалары,  мерзімі  жəне  шарттары 

туралы, т.б. мəліметтер болады. 

Баспалық  жарнама  материалдарын  мақсатты  жіберу  қызметтері 

материалдарды  мекен-жайы  бойынша  жіберуді  ұйымдастыру  болып 

табылады.  Жарнама  беруші  немесе  арнайы  жарнама  агенттіктерімен  жүзеге 

асырылады.  

Тікелей  пошталық  жарнаманың  негізгі  белгілері:  аудиторияларды  таңдау 

жəне  тауар  (қызмет)  жарнамасы  үшін  нақты  территориялық  аудан  (аймақ) 

таңдау мүмкіндігі.    

 

Тақырып 8. Ақпарат тарату құралдарындағы жарнама 



 

1. 


Аудиовизуалды  жарнама:  жарнамалық  роликтер,  жарнамалық-

техникалық фильмдер, бейне экспресс-ақпарат, слайд-фильмдер 

2. 

Ақпарат құралдарындағы жарнама: радио жəне тележарнама 



3. 

Радио 


жарнама 

түрлері: 

радиохабарландыру, 

радиоролик, 

радиожурнал, радиорепортаж 

4. 


Теледидардағы  жарнама:  телеролик,  телехабарландыру,  жарнамалық 

телехабар, телезаставка 

 

Аудиовизуалды 



жарнама 

жарнамалық 

кинофильмдерден, 

бейнефильмдерден жəне слайд-фильмдерден тұрады. 

Жарнамалық кинофильмдер келесідей жіктеледі:  

Жарнамалық роликтер – 15 секундтан бірнеше минутқа дейін созылатын, 

тұрғындардың кең ауқымына көрсетуге арналған, халық тұтыну тауарларын 

жарнамалайтын  қысқа  жарнамалық  фильмдер.  Кино  басталар  алдында 

көрсетілуі мүмкін. 

Жарнама-техникалық  фильмдер  –  10  минуттан  20  минутқа  дейін  (кейде 

одан  да  көп)  созылатын,  тек  қана  өнім  туралы  емес,  ең  бастысы  тапсырыс 

беруші  кəсіпорындар  туралы  айтылатын  жарнамалық  фильмдер.  Жарнама 

берушінің  іс-қызметі  туралы  жағымды  пікір  қалыптастыру  жəне  оның 

мүддесін  жоғарылату  мақсатында  əр  түрлі  мақсатты  топтарға  көрсету  үшін 

жасалады. 

Жарнамалық бейнефильмдер кинофильмдер сияқты жіктеледі. 

Жарнамалық бейнеэкспресс – ақпарат – бейнежарнаманың ерекше түрі, ол 

жарнама беруші ұйым өміріндегі қандай да бір маңызды оқиға туралы жедел 

жасалынған бейнесюжет (ірі коммерциялық келісімге отыру, жаңа тауардың 

бірінші партиясын шығару, мерейтой тойлау, т.б.). 

Слайд-фильмдерді  əр  түрлі  тауар  ассортименттері,  өнеркəсіптік  өнімдер 

жəне  қызметтер  үшін  пайдалануға  болады.  Жарнаманың  бұл  түрінің  негізгі 

артықшылықтарының  бірі  болып  жедел  жəне  үнемді  модификациялау 

мүмкіндігі  немесе  бағдарламаның  бүтіндігін  бұзбастан  бір  слайдты  басқа 

слайдпен қарапайым ауыстыру мүмкіндігі табылады.  

Радио- жəне тележарнама тұтынушыларды қамту бойынша ең кең тараған 

жарнама құралы болып табылады.  



Радиожарнама жеңіл қабылданады: радионы тамақ ішіп отырып та, жолда 

келе жатып та, жұмыста да тыңдауға болады. 

Радиожарнаманы дүкен ішіндегі  жəне дүкеннен тыс деп бөлуге болады.  

Радио  бойынша  берілетін  жарнаманың  ең  кең  тараған  түрі  болып 

радиохабарландыру,  радиороликтер,  əр  түрлі  радиожурналдар  жəне 

жарнамалық радиорепортаждар табылады.  

Радиохабарландыру – диктор оқитын ақпарат. 

Радиоролик  –  ұсынылатын  өнім,  тауарлар  немесе  қызметтер  туралы 

ақпаратты əуеннің сүйемелдеуімен айтады (көбінесе қалжың, диалог түрінде 

болады). Кейде өлең түрінде болуы мүмкін.  

Радиожурнал 

– 

ақпараттық-жарнамалық 



сипаттағы 

тематикалық 

радиобағдарлама. 

Радиорепортаж  –    қандай  да  бір  жəрмеңкелер,  көрмелер  немесе  басқа  да 

оқиғалар туралы тікелей немесе жанама жарнаманы қамтуы мүмкін.       

Теледидар жарнамасының ең кең тараған түрлері:  

- телеролик 

- телехабарландыру 

- жарнамалық телехабарлар (телепередачи) 

- телезаставкалар. 

 

Тақырып 11. Интернет жүйесіндегі жарнама 



 

1. 


Интернет жүйесіндегі жарнама: негізгі ұғымдар, құру принциптері 

2. 


Интернет жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері 

3. 


Интернет жарнама аудиториясы 

4. 


Интернет  жүйесіндегі  негізгі  жарнама  түрлері:  баннер,  веб-сайт, 

байрики, мəтін блогы, мини-сайт, коллаж 

 

Компьютерлік  жарнама  қатты  тасымалдаушылардағы  (дискета,  СД-диск, 



т.б.)  жарнаманы,  сонымен  қатар  компьютерлік  желілерде  таратылатын 

жарнаманы қамтиды. 

Компьютерлік желілерде таратылатын жарнама –ең жас жəне ең болашағы 

зор болып табылады. 

1994  жылдың  қазан  айында  ғана  бірінші  американдық  Интернет-журнал 

Hot  Wired  пайда  болды.  Оны  жасаушылар  жарнама  берушілерді  іздей 

бастады, жəне бір айдан соң барлық электрондық жарнама алаңдары сатылып 

кетті.  Жарнамалық  хабарландырулар  адресаттары  болып  компьютерлік 

технология  сферасындағы  мамандар  табылды.  Осыдан  соң  Интернеттегі 

жарнама шығындарының көлемі геометриялық прогрессия бойынша өсті.  

Өкінішке  орай,  мұндай  өсу  негізінен  АҚШ  мен  бірнеше  басқа  да 

экономикалық дамыған елдердің есебінен жүзеге асты.  

Интернет  –жарнама  нарығы  Ресейде  1998  жылы  қалыптаса  бастады. 

Arthur  Andersen  консалтингтік  компаниясының  бағалауы  бойынша  бұл 

нарықтың айналымы 1999 жылы 2 млн $ құрады.  



Интернет  –  жарнаманы  негізгі  тасымалдаушылар:  баннерлер  (banner), 

web-сайттар, web-беттер, электрондық пошта (E-mail), списки-рассылки жəне 

т.б. 

Жарнама  құралының  бұл  типінің  коммуникациялық  сипаттамасына 



келесілер жатады: 

- мақсатты аудиторияға жоғары шоғырлану; 

- коммуникацияның жеке сипаты, интерактивті байланыс мүмкіндігі; 

- икемділік; 

- əр түрлі ықпал ету құралдарын пайдалану (бейне, дыбыс, т.б.); 

-виртуалды қоғамдастық құру мүмкіндігі (Online Communitu); 

- байланыс құнының салыстырмалы төмендігі; 

- желідегі жарнамалық кампанияның тиімділігін толықтай бақылау. 

Бұл  жарнама  құралының  кемшілігі  –  оның  аудиториясының  шектеулігі, 

тек Интернетті пайдаланушылар. 

Тақырып 12. Сыртқы жарнама 

1. 


Сыртқы  жарнама  түсінігі,  түрлері:  щиттер,  стенд,  панно,  афиша, 

фирмалық ілулер, витрина. 

2. 

Сыртқы жарнаманың кемшіліктері мен жетістіктері 



3. 

 Сыртқы жарнамаға қойылатын талаптар 

4. 

Витрина - сыртқы жарнама құралы 



 

Сыртқы  жарнама  тұтыну  тауарларын  жарнамалау  үшін  тиімді  құрал 

болып табылады. Өйткені ол халықтың көп бөлігіне есептелген.  

Сыртқы  жарнаманың  көптеген  түрлерінің  ішінен  афишаларды, 

транспоранттарды,  (световые  вывески),  электрондық  табло  жəне  экранды 

бөліп  көрсетуге  болады.  Сонымен  қатар  сөрелер,  дүкен  ішіндегі  жарнама 

элементтері  (бағалары,  ақпараттық  табло,  т.б.),  офистерді  безендіру, 

персоналдардың арнайы киімдері жатады.  

Сыртқы жарнама үшін 5 неғұрлым маңызды талаптар қойылады: 

1. 


Көзге жиі түсуі 

2. 


Назар аудартатындай болуы тиіс 

3. 


Қысқа болуы тиіс 

4. 


Еш қиындықсыз тез оқылатын болу керек 

5. 


Түсінікті болу керек 

 

Сөре сауда жарнамасының маңызды құралдарының бірі болып табылады. 



Сөренің негізгі міндеттері: 

-  сатылатын  тауарлар  ассортиментімен  таныстыру,  белгілі  бір 

маусымның жақындап қалғаны туралы ескерту; 

-  жаңа тауарларды жарнамалау, моданың жаңа бағыттарын көрсету; 

-  дүкендегі  сауда  əдістері  жəне  сатып  алушыға  ұсынылатын  арнайы 

қызметтер туралы ескерту. 

Тауарлық белгісі бойынша сөрелер келесідей бөлінеді: 



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау