Экономика жəне басқару факультеті



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет10/28
Дата04.02.2020
өлшемі0,61 Mb.
#28182
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

 

Жарнамалық агенттіктердің даму себептері: 

1.  Жарнамалық  агенттіктер  əр  түрлі  маркетингтік  жағдайлармен  жүйелі 

түрде  кездесіп  отырады.  Бұл  тұтынушылардың  қызығушылықтарын 

неғұрлым  тереңірек  түсінуді,  дағдыны  игеруді  жəне  компетенттілікті 

жоғарылатуды  қажет  етеді.  Ал  ол  өз  кезегінде  сапалы  жарнамалық 

құралдарды  құруға  жəне  оларды  пайдалану  тиімділігін  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндік береді.  

2.  Жарнамалық  агенттіктер  тəуелсіз  ұйымдар  ретінде  жекелеген 

басқарушылардың  талғамынан  жарнамаға  шектен  тыс  тəуелділік, 

тұтынушылардан  күтілетін  жауап  реакцияға  қатысты  қате  нұсқама  сияқты 

объективті факторлардың жарнамаға теріс ықпалын жояды. 

3.  Жарнамалық  агенттіктер  БАҚ-рымен  тұрақты  байланыста,  олардан 

жарнаманы  орналастыру  үшін  уақытты  жəне  орынды  тұрақты  жəне 

уақытылы  сатып  алып  отырады.  Жарнамалық  агенттіктермен  қызметтестік 

жарнама  берушіге  проблемаларын  тез  шешуге  мүмкіндік  береді,  қаражатын 

жəне уақытын үнемдеуге көмектеседі.  

4.  Жарнамалық  агенттіктердің  қызметтерін  пайдалану  жарнамаға  жүйелі 

ықпалды қамтамасыз етеді. 

Жарнамалық агенттіктердің атқаратын қызметтері: 

БАҚ-рымен 



өзара 

қарым-қатынас 

орнатады, 

оларда 


өзінің 

тапсырыстарын орналастырады жəне олардың орындалуын бақылайды; 

Жарнама  берушілерден  алынған  тапсырыстар  негізінде  жарнамалық 



өнім  жасайды,  шығармашылық  жəне  техникалық  мамандардың  əлеуетін 

пайдалана  отырып  кешенді  жарнамалық  кампания  жоспарын,  басқа  да 

жарнамалық шараларды жасайды; 

Жарнама берушілермен жəне БАҚ-мен есеп айырысады; 



Баспалармен,  студиялармен,  жарнамалық  комбинаттармен,  штаттан 

тыс мамандармен қызметтестік орнатады. 

Жарнамалық 

агенттіктің 

негізін 


əдетте 

төрт 


бөлім 

қрайды: 


хабарландыруды  жасаумен  жəне  өндірумен  айналысатын  шығармашылық 

бөлім; 


жарнама 

құралдарын 

таңдауға 

жəне 


хабарландыруларды 

орналастыруға  жауапты  жарнама  құралдары  бөлімі;  тұрғындардың 

сұранысын  жəне нарық  конъюнктурасын  зерттейтін  зерттеу  бөлімі;  агенттік 

іс-қызметінің коммерциялық жағымен айналысатын коммерциялық бөлім.  

Жарнама  берушілер  мен  жарнамалық  агенттіктердің  қарым-қатынас 

бағыттары: 

1) 

жарнама  беруші  агенттікке  нені,  қалай  жəне  қашан  жасау  керек 



екендігін диктует; 

2) 


жарнама  беруші  жарнама  агенттігінің  нені  жəне  қалай  жасап 

жатырғандығына мүлдем араласпайды; 

3) 

жарнама  беруші  мен  агенттік  ортақ  шешімге  келе  отырып  бірігіп 



жұмыс істейді. 

Жарнама  беруші  мен  жарнамалық  агенттік  арасындағы  келісім-шарт 

келесілерді қамтуы тиіс: 



- жарнамалық агенттіктің көрсететін қызмет түрлерін; 

- жарнама пəнінің тізімін жəне олардың сипаттамаларын; 

- келісім-шарт мерзімін; 

- келісім-шарттың жалпы құнын; 

- мəліметтерді, жарнама пəнінің үлгісін беру жəне оларды қайтару тəртібі 

мен мерзімін; 

- жарнамалық бағдарламаны ұсыну тəртібі мен мерзімін; 

-  жарнамалық  шаралардың  жоспарын,  мəтіндерді,  сценарийлерді  келісу 

тəртібі мен мерзімін; 

-  жарнамалық  шараларды  өткізу  туралы  есептерді  ұсыну  мерзімі  мен 

тəртібін; 

-  келісім-шартты  орындау  тəртібі  мен  мерзімі  бұзылған  жағдайдағы 

жақтардың мүліктік жауапкершілік шарттары; 

-  жарнама  беруші  мен  жарнамалық  агенттіктің  келісім-шартта  қарастыру 

қажетті деп есептейтін басқа да жағдайлар; 

- келісім-шартқа қатысушылардың төлемдік жəне пошталық реквизиттері. 

 

     Тақырып 7. Жарнаманың əлеуметтік-психологиялық негіздері 



 

1. 


Жарнама адамдарды басқару əдісі ретінде  

2. 


Жарнаманың əсер ету жəне жарнаманы қабылдау процесі 

3. 


Жарнамалық  хабарлаудың  мазмұнын  қалыптастыратын  адресаттың 

уəждемелеуі 

  

Жарнаманы 



ұйымдастырушы 

БАҚ-рын 


пайдалана 

отырып 


хабарландыруға  тартымдылық  беру  үшін  көркем  өнер  жəне  графикалық 

бейнелердің  кез  келген  санын  қолдана  алады.  Теледидар  жарнамаларында 

көбінесе  танымал  əртістерді,  теледидар  бағдарламаларын  жүргізушілерді, 

танымал  есте  қалатын  əуендерді  қолданады.  Сондықтан  жарнама  танушы 

тауарға,  оның  сапасына,  тұтыну  қасиеттеріне  жəне  мүмкін  сұранысқа 

байланысты жарнамалаудың неғұрлым тиімді əдісін таңдайды.  

Адамның мінез-құлқы жəне қоршаған ақпаратты қабылдауы үнемі өзгеріп 

отырады.  Адамның  мінез-құлқына  жарнамалық  ортада  ішкі  жəне  сыртқы 

факторлар ықпал етеді.  

Сыртқы  факорлар  –  бұл  нақты  уақыттағы  сіздің  айналаңызда  болып 

жатырғандардың  барлығы.  Мысалы,  жаныңыздағы  адамдар,  ауа-райы  жəне 

т.б. 


Ішкі  факторлар  –  бұл  сол  нақты  уақыттағы  сіздің  ішіңізде  болып 

жатырғандардың  барлығы.  Мысалы,  сіздің  əр  түрлі  заттарға  көзқарасыңыз, 

денсаулық жағдайыңыз, өткен өмір тəжірибесі, көзқарасыңыз жəне т.с.с. 

Сыртқы  жəне  ішкі  факторлардың  адам  мінез-құлқына  əсерін  келесідей 

сызба түрінде көретуге болады: 

   


 

 

Ішкі факторлар 



(тітіркендіргіштер) 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



ПК – ішкі жəне сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасқан адамның 

психологиялық күйі 

СМ – адамның сыртқы мінез-құлқы (поведение) 

Адамға  əрдайым  көптеген  тітіркендіргіштер  əсер  етеді.  Мұндай 

тітіркендіргіштерге  түсті  (цвет),  көлемді,  интенсивтілікті,  жарнамалық 

хабарлардың жаңашылдық дəрежесін, т.б. жатқызуға болады. 

Нарық  тауармен  толысқан  жағдайда  кəсіпкердің  алдында  өткізу  мəселесі 

тұрады.  Тауарды  табысты  өткізу  үшін  тауардың  тартымдылығын,  имиджін 

қалыптастыру  керек.  Мысалы,  «Мальборо»  темекісі  тек  қарапайым  темекі 

емес,  ал  нағыз  ерлерге  арналған  темекі.  «Мерседес»  автокөлігі  тек  қымбат 

машина ғана емес, ал алдыңғы қатарлы адамдарға арналған машина, т.с.с. 

Əлеуетті  тұтынушыға  бұйыруға  болмайды,  өйткені  ол  көп  адамдарға 

ұнамайды.  

Жарнаманың  мақсаты  –  тауардың  пайдалылығына  сатып  алушылардың 

көзін  жеткізу  жəне  оны  сатып  алу  қажеттігі  туралы  ойға  (шешімге)  алып 

келу. 


Жарнаманың ықпал ету күші ақпараттың қайталануы сияқты факторға да 

байланысты. Тиімділікке қол жеткізу үшін ақпаратты тек бір рет айтып қою 

жеткіліксіз,  ақпараттың  бірнеше  рет  қайталануына  жəне  əр  қайталанған 

сайын  жарнама  мазмұнын  беру  нысанын,  əдістерін  өзгертуге  жəне  жаңа  бір 

нəрсе қосуға тырысу керек. Психологтар жарнама берудің келесідей графигін 

ұсынады:  

Екінші публикация – біріншісінен екі күннен кейін      

Үшінші публикация – біріншісінен бес күннен кейін      

Төртінші публикация – біріншісінен он күннен кейін      

Бесінші публикация – біріншісінен жиырма күннен кейін      

Келесі публикациялар – алдыңғысынан жиырма күннен кейін     

 

Жарнаманы  қабылдау  процесінде  назар  аудару  көлемі  маңызды  орын 



алады.  Ересек  адам  бір  уақытта  4  -  6  объектіні  қамти  алады.  Объекті  саны 

азайған сайын назар аудару неғұрлым тереңдей түседі.  

 

Жарнаманы  тұтынушыға  оның  (жарнаманың)  психологиялық  əсер  ету 



механизмі 

 

 



ПК 

Сыртқы факторлар 

(тітіркендіргіштер) 

 

СМ 



Назар аудару 

Қызығушылық таныту 

Эмоция көрсету 



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау