2. Өндірілетін өнімнің сапалық сипаттамасын жақсарту (тауарды
жетілдіру тұжырымдамасы)
3. «Итермелеу», тауарды сатып алушыға итермелеу (коммерциялық
күштерді интенсивтендіру тұжырымдамасы)
19
ғасырдың
ортасында
өткізу
мəселесінің
тууы
маркетинг
тұжырымдамасының пайда болуына себеп болды. «Өндірілетін өнімді сату
емес, сатылатын өнімді өндіру керек» сөзі маркетинг девизіне айналды.
Қазіргі заманғы нарықтық тəжірибе, дамыған елдерде кəсіпкерлердің
өздерінің іс-қызметтерінің нəтижелері үшін əлеуметтік жауапкершіліктерінің
жоғарылауымен сипатталады. Сондықтан кəсіпкерлік іс-қызметті басқарудың
максимум тиімді тұжырымдамасы болып əлеуметтік-этикалық маркетинг
табылады.
Маркетинг кешенінің негізгі элементтерінің бірі болып маркетингтік
коммуникациялар жүйесі табылады. Маркетингтік коммуникациялар өзінің
іс-əрекетімен тауарды тұтынушыға жылжытуға ықпал ететін əр түрлі
фирмаларға жəне нақты адамдарға бағытталған.
Маркетингтік коммуникация кешені маркетинг кешенінің маңызды
элементтерінің бірі бола отырып, түптеп келгенде фирманың жалпы
маркетингтік мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға
келесілер жатады:
1.
тұтынушыны ынталандыру
2.
сатып алушының қажеттіліктерін қалыптастыру
3.
маркетинг бойынша серіктестермен, ұйым жəне қоғамдармен арадағы
өзара түсінушілікті ұстап тұру
4.
ұйымның жағымды бейнесін (образын, имиджін) қалыптастыру
5.
қоғамды ұйым іс-қызметі туралы ақпараттандыру
6.
фирма өндіретін тауарлар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету
7.
сатып алуды ынталандыру
8.
фирма туралы, оның тауарлары туралы ескерту жəне т.б.
Маркетингтік коммуникациялар кімдерге бағытталған? Фирманың
байланыс орнатқысы келетін жүйелеріне келесілер жатады:
1.
берілген фирманың қызметкерлері
2.
қазіргі уақытта бар жəне болашақтағы тұтынушылар (мақсатты нарық)
(5 типі)
3.
маркетингтік делдалдар
4.
контакталық аудиториялар (салық комитеті, санитарлық жəне
экологиялық бақылау, жергілікті мемлекеттік мекемелер, СМИ, тұрғындар,
т.б.)
5.
жабдықтаушылар
6.
жоғарғы мемлекеттік басқару органдары (заң шығарушы жəне
атқарушы органдар).
2? Коммуникация жүйесіндегі жарнаманың алатын орнын анықтау үшін
маңызды критерий болып коммуникацияға қатысушылардың саны табылады.
Оның келесі түрлерін атауға болады:
-
ішкі коммуникация (адамның өз-өзімен сөйлесуі)
-
тұлға аралық коммуникация (екі адамның арасындағы)
-
шағын топтағы коммуникация (қатысушылар саны 3-8)
-
публичная коммуникация (қатысушылар 10-30-100 адам). Бұл кезде
коммуникатор белсенді болады да, аудитория белсенді емес болады
-
ұйымдық коммуникация (қатысушылар жүзден астам, бірақ шағын
кəсіпорындар мен ұйымдарда аз болуы да мүмкін). Бұл кезде коммуникация
иерархиясы пайда болады – жоғарғы басшыдан төменгі бағынушыларға
дейін
-
массовая коммуникация (қатысушылар саны мыңнан жоғары),
адамдардың көптеп жиналуы (мысалы митинг, демонстрация, т.б.), СМИ
Көп жағдайда жарнама массовая коммуникацияға жатады.
Жарнамалық коммуникация сызбасы
Жіберуші
Кодтау Айналым Арна
Қабылдаушы
(делдал)
(декодтау)
кедергілер
кері байланыс
Жіберуші (адресат, коммуникатор, коммуникация көзі) – жарнамалық
хабарландыру жіберілетін жақ.
Хабарландыруды қалыптастыру кезінде вербалды жəне вербалсыз
коммуникациялар əдісі қолданылады. (Lipton) қол, (Nescafe) қасықпен соғу.
Кодтау. Audi A4.
1998 жылы ірі əлемдік жарнама фестивалінде жеңімпаз атанған. (Түйе
шыдамды, гепард жылдам).
Кедергілер: физикалық, психологиялық (кодтау жəне декодтау кезіндегі
түсінбеушілік), семантикалық (Duru – украйнша «обманываю», украйнский
автомобиль Таврия-Нова – испанша «не едет»)
Делдалдар («Nesquik» - кролик, «Duracel» - заяц, «Commet» - актриса
Инна Ульянова, т.б. спортсмендер)
3? Маркетингтік коммуникация жүйесі шартты түрде 2 топқа
бөлінеді:негізгі жəне синтетикалық.
Маркетингтік коммуникацияның негізгі құралдары:
-
жарнама
-
паблик рилейшнз
-
өткізуді ынталандыру
-
тікелей маркетинг (жеке сату)
Осы негізгі 4 құралды маркетинг микс (маркетинговый смесь) деп те
атайды.
Маркетингтік коммуникацияның синтетикалық құралдарына келесілер
жатады:
-
брэндинг
-
демеушілік (спонсорство)
-
көрме жəне жəрмеңкелерге қатысу
-
сату орындарындағы интеграциялық маркетингтік коммуникациялар
(жеке-жеке қарастырамыз)
В.В.Маяковский «Агитация и реклама» деген мақаласында «Ешқандай іс,
ең дұрыс, ең адал деген істің өзі жарнамасыз дамымайды. Əдетте, тек
шамалы нəрселерді ғана жарнамалау керек, жақсы нəрселер өздігінен өтеді
деп ойлайды. Бұл ең қате пікір. Жарнама ең керемет деген нəрсенің өзін де
үздіксіз еске салып тұру керек» деп жазған.
Жарнама латынның «reklamare» - «қатты айқайлау немесе хабарлау» деген
сөзінен шыққан.
Танымал маркетолог, АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің
маркетинг профессоры Ф.Котлер жарнамаға келесідей анықтама береді:
«Жарнама – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, ақылы жарнама тарату
құралдары арқылы жүзеге асатын коммуникацияның дербестелінбеген
нысаны». Жарнамалық іс-қызметтің неғұрлым кең тараған сферасы болып
сауда жарнамасы табылады. Оның пəні – тауар, сауда кəсіпорындары, осы
кəсіпорындар көрсететін қызметтер.
Сауда жарнамасына келесідей белгілер тəн болу керек:
- шыншылдық;
- нақтылық;
- мақсатқа бағытталу;
- гуманность;
- компетенттілік.
Тақырып 3 Жарнамалық зерттеулер жəне жарнаманың мақсатын анықтау.
1.
Жарнамалық қызметті ақпараттық қамту.
2.
Жарнамалық зерттеулердің мəні.
3.
Жарнамалық зерттеулердің бағыттары.
4.
Жарнама мақсаттарын анықтау.
1-сұрақ Туристік кəсіпорынның жарнамалық қызметті белгісіздік пен
тəуекелдің дəрежесін ескеретін əдістерді пайдаланумен байланысты.
Жарнаманы ақпараттық қамту туристік кəсіпорынның маркетигтік
ақпараттарының жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі б.т. Жарнамалық
қызметте ақпараттарды қалыптастыру жəне қолданудың келесідей негізгі
принциптері бар:
-
Өзектілік; ақпараттардың əр кезеңде жарнамалық қызметтегі жағдайын
нақты сипаттайды.
-
Доставерность;объективті жағдай мен оның дамуының жүзеге
асырылуына негізделеді.
-
Релеванттілік; қалыптасқан талаптарға сай мəліметтерді алуға жəне
қажет емес мəліметтермен жұмыс істемеуге мүмкіндік береді.
-
Бейнесінің толықтығы туристік кəсіпорынның жарнамалық қызметін
қалыптастыратын немесе олардың жағдайы мен дамуына ықпал ететін
барлық факторларды есепке алу үшін қ..т.
Достарыңызбен бөлісу: |