Ежелгі Египет мәдениетінің басты ерекшеліктері. Ежелгі Мысырлықтардың менталитеті,
иерогли-фтік жазба өнері және наным-сенімдері. Египет пирамидалары.
Ежелгі Қытай мәдениетінің қайнар бастау-лары мен ділдік ерекшеліктері. Қытай
мәдениетінің архетипі: инь мен янь, аспан ырғақтары және Конфуцийлік, даолық генотип.
Ортағасырлық мәдениеттің діни және көркемдік канондары, христианшылық. Інжілдің
мәдени-тарихи мағынасы. Христиандық философияның қалыптасуы және дамуы. Романдық
және готикалық стильдер.
Күтілетін нәтижелер: Түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың
бағыттарын талдау. Қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарын
мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру, оларға тиісті баға бере отырып болашағын
болжамдау. Отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын
зерделеу
Пререквизит: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизит: мәдениет әлеуметтануы
Оқытушы: т.к.т., аға оқытушы Абдиханова А.Ж.
7.2 Пән атауы: Қазақ халқы мәдениетінің тарихы (2 кредит 90 сағат )
Оқытудың мақсаты. Бүгінгі таңда әлеуметтік және экономикалық саясаттың
нысанасы-адам және оның тұрмысы, еңбегі, отбасы, рухани дамуы, өмір салты болып
табылады. Қазіргі таңда төл мәдениетімізді дамыту қоғамда кеңінен көтеріліп жүрген
әлеуметтік проблемалардың бірі. Сондықтан жастарға осы пән – мәдениет туралы білім
берудің және тәлім - тәрбие берудің негізгі бір жолы. Ол студенттерді эстетикалық, жан-
жақты дамуына әсерін тигізеді
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Қазақ мәдениетінің тарихы» курсы
Қазақстан Республикасындағы қазақ мәдениеті дамуының тарихын ашады. Оның негізіне
алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі заманғы кезеңге дейінгі қазақ халқының
мәдениетінің қалыптасу кезеңдері жөнінде нақты деректер береді.
Бұл курс Қазақстан тарихымен тығыз байланыста. Берілген оқу курсы алғашқы
қауымдық құрылыстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мәдениет тарихын қамтиды
Күтілетін нәтижелері. Халықтың озық әдет-дәстүрлерін кеңінен насихаттау,одан
ғибрат алуға үндеу, тозық дәстүрлерден аулақ болуға шақыру.
Студенттерді өз туған жерін,елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, өз отбасын сыйлауға,
сүюге тәрбиелеу
Пререквизит: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизит: мәдениет әлеуметтануы
Оқытушы: аға оқытушы Ералиева Ғ.
7.3 Пән атауы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері (2 кредит 90 сағат )
Оқытудың мақсаты: тарихи қосалқы пәндердің негізгі салаларын оқыту арқылы
тәуелсіз еліміздің тарих ғылымының дамуына оның тарихи оқиғаларының
шынтуайттық негізде, жан-жақты толық жазылуына үлес қосар зерттеушілекр дайындау.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері Қазақстан тарихының құрамдас бөлімі болып
табылады.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын келешек ұрпақтарға үйрету мәселесі терең тоғануды керек ететін мәселе.
Дәстүрсіздік өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен қасірет. Дәстүрсіздік имансыздықтан
айырады. Біздің қазақ халқының салт-дәстүрін санап жеткізу қиын. Халқымыздың бір
күнде емес, бір айда емес мыңдаған жылдар боцы сан ғасырдың таразысының
талқысына салып, сан ғасырдың елек елеушісінен өткізген, басқа халықта сирек
кездесетін дәстүрлер баршылық.
Тарих мамандығына сәйкес қазақ халқының салт-дәстүрлері пәнін оқытуда
негізгі міндеттер студенттерді Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен олардың алғы
шарттары, сияқты негізгі түсініктерді үйрету. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-
15
ғұрпын білудің студент-жастар үшін ғана емес, көпшілік оқырмандар үшін де маңызы
зор.
Күтілетін нәтижелері Жоралғылар арқылы халқымыздың қадыр қасиетін, рухани
болмыс-бейнесін, таным табиғатын, өмірлік тәлімін, өнеге өрісін, тұрмыс-тіршілігін,
сонымен қоса адамгершілік этикалық қағидаларын таныту мәселесі зерттелінеді.
Пререквизит: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизит: мәдениет әлеуметтануы
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Тапалов Д.
8.1 Қоғамның әлеуметтік құрылымы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты: Қоғамның әлеуметтік – экономикалық саласындағы өзгерістер
қоғамның әлеуметтік құрылымының түбегейлі өзгерістеріне алып келуде. Қоғамдағы
жаңа әлеуметтік қабаттардың пайда болуы және оның қазіргі әлеуметтік процестерге әсер
етуін ЖОО- ның студенттеріне өз уақытында түсіндіруді талап етеді. «Қоғамның
әлеуметтік құрылымы» пәнін оқытудың мақсаты, студенттерге даму деңгейлері әр түрлі
елдердің әлеуметтік құрылымын зерттеудегі негізгі теориялық бағыттары және
қолданылатын әлеуметтанулық әдістер бойынша жан-жақты білім беру болып табылады.
Сондықтан типтік бағдарлама авторларының алдында «Қоғамның әлеуметтік
құрылымы әлеуметтануын» қоғамның әлеуметтік стратификациялық процестерін және
соған қатысты мәселелерді зерттейтін ғылым ретінде оқу пәнінің міндеттерін жан-жақты
ашып көрсету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). «Қоғамның әлеуметтік құрылымы» пәнінің
зерттеу обьектісі қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның құрамындағы, топтар,
таптар, странттар болып табылады. Зерттеу пәні ретінде әлеметтанудың кең көлемін
қамтитын әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік процестердің дамуынан келіп туындайтын
мәселелер алынады. Қарасытырылған категориялар, жалпы алғанда, жекеше дербес блып
табылады және олардың әрқайсысы жеке курстың зерттейтін пәні бола алады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер негізінде
біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік
жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік
қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар)
табылады.
Күтілетін нәтижелері. Студент алған білім нәтижесінде пәнді игеріп, осы білім
негізінде пән ауқымында іскерлік дағдыларын толық игеріп, біліктілігін арттыра біледі.
Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай дағдыларды
игеріп іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан біліктілік пен дағдылар
студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке бейімдейтін кешенді білім-білік
қалыптастырады.
Пререквизиттері : Отандық әлеуметтану тарихы, әлеуметтанулық зерттеулердің
әдістемесі мен әдістері
Постреквизиттері:
Тұлға әлеуметтануы, Білім беру әлеуметтануы.
Оқытушы:Ахметова Ж.Ш
8.2 Пән атауы: Отандық әлеуметтану тарихы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты.Бұл бағдарламада авторлар Отандық социология тарихының
әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі алатын өзіндік орны мен ролін айқындап,
жан-жақгы түсінік берген.
Оны оқып - үйрену барысында студенттік қауым әлеуметтік қатынастардың
құрылымы, қалыптасуы мен даму заңдылықтары жөнінде білімін толықтырып
тереңдетеді.Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымының ролі мен мәні барған сайын арта
түсуде.
Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымының ролі мен мәні барған сайын арта түсуде. Бұл
біріншіден, біздің қоғамдық өміріміздің барлық жақтарының реформалануына, екіншіден,
16