Қосымша 2.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Мамандық атауы:
Әлеуметтану
Мамандық шифры:
5В050100
Дайындау бағыты:
Әлеуметтік ғылымдар
Берілетін дәрежесі:
Әлеуметтану мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Шымкент, 2016ж.
1
Элективті пәндер каталогы 5В050100-
«Әлеуметтану»
мамандығы үшін дайындалды.
Құрастырушылар:
т.ғ.к., аға оқытушы Юлдашева Ф.
магистр, оқытушы Ахметова Ж.
«Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының әдістемелік
комиссиясында (2016 жылдың _____ _________ № _____ хаттама) және мәжілісінде (2016
жылдың _____ ______№ _____ хаттама) талқыланды.
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тапалов Д.Ж.
ӘК төрағасы Нақыпбекова А.
Гуманитарлы-құқық факультетінің әдістемелік кеңесінде (2016 жылдың _____ ______
№ _____ хаттама) мақұлданды.
ӘК төрайымы Ералиева Ғ.
Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен (2016 жылдың _____ ______ №
_____ хаттама) бекітілді.
ОӘК төрайымы Қозбағарова Б.С.
2
Кіріспе
5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша білім беру 2 траекторияда
ұсынылады
1. 5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығының 5В050101-Әлеуметтік зерттеулер
мамандандыруының білім беру траекториясы;
2. 5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығының 5В050102-Әлеуметтік педагогика
мамандандыруының білім беру траекториясы.
Бітірушіге «Әлеуметтану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры дәрежесі
беріледі.
3. 5В050100 – «Әлеуметтану»
мамандығы 5В050101-Әлеуметтік зерттеулер
мамандандыруының білім беру траекториясы бойынша бітіруші төмендегі қызметтер атқара
алады.
- мемлекеттік қызметте (ҚР Президентінің Әкімшілігінде, Министрліктерде,
Әкімшіліктерде);
- әкімшілік қызметтерде;
- әлеуметтік технолог немесе менеджер ретінде;
- ғылым мен бизнес салаларында жаңа технологияларды пайдалана отырып, маркетолог
немесе зерттеуші қызметтерде;
- PR – компанияларда, халықаралық жобаларда және кадрлық қызметтерде.
5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығының 5В050102-Әлеуметтік педагогика
мамандан-дыруының білім беру траекториясы бойынша бітіруші төмендегі қызметтерді
атқара алады.
- әлеуметтік-педагогикалық - жергілікті халықтың әлеуметтік корғансыз бөлігіне:
мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оралман отбасыларына, әлеуметтік жағдайы төмен
отбасыларына гуманитарлық-әлеуметтік қолдау көрсету; олардың толыкқанды өмір сүруіне
арналған тиімді жағдайлар кұруға көмектесу,
оқу-тәрбиелік - балалардың, жеткіншектер мен жастардың әлеуметтенуі және тұлғалық
дамуы; тәрбиелеу және оқыту процестерін ұйымдастыру, педагогикалық процесті басқару;
педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің диагностикасы, түзетулері, болжамы; әлеуметтік
педагогика және өзін-өзі тану саласындағы озық жаңа тәжірибелерді зерттеу, жинақтау,
тарату;
мәдени-агартушыльқ -
кино, театр, көркемдік-бейнелеу өнері, музыка саласындағы
балалардың, жеткіншектер мен жастардың мәдени
уақытын өткізу жұмыстарын
ұйымдастыру; мәдениет саласындағы ағарту жүмыстарының бағдарламасын, әдістемесі мен
технологияларын жасау; мәдени-бос уакытын өткізу орталықтарын ұйымдастыру; топтардың,
индивидтердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін қоғамдық практикада калыптасқан
әлеуметтік нормаларымен, дәстүрлерімен, құндылықтармен реттеу;
ғылыми-зерттеу - өскелең ұрпақтың өзін-өзі тануына, өзін-өзі көрсете білуіне
көмектесу, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің көмегіне зәру балаларды,
жеткіншектер мен жастарды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың дамуын түзеу
процесінің ерекшеліктерін зерттеу;
Элективтік пәндер каталогы жоғарыда аталған екі білім беру траекториясы бойынша
жасалынды 5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша негізгі оқылатын таңдау
пәндері бірыңғай. Кәсіптендіру пәндері циклдерінде мамандандырудың өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, кейбір төмендегідей пән айырмашылықтары көрсетіледі.
3
Кәсіптендіру пәндері циклы
1-білім беру траекториясы
2- білім беру траекториясы
1.1. Әлеуметтік ақпаратты талдау және қайта
өңдеу әдістері (SPSS базасында) /3кредит/
1.1. Делинквентті мінез-қулық
әлеуметтануы /3кредит/
1.2 Шетелдік теориялық әлеуметтану
тарихы /3 кредит/
1.2. Қолданбалы әлеуметтану /3 кредит/
1.3. Саяси технологияның әдістемесі /3
кредит/
1.3. Әлеуметтік жұмыстың іс-тәжірибесі /3
кредит/
2.1. Әлеуметтік зерттеулерді жүргізудің
әдіснамалық негіздері /3 кредит/
2.1 Жасөспірімдер әлеметтануы/3кредит/
2.2. Зерттеудің сапалық әдістері /3 кредит/
2.2. Психодиагностика негіздері /3 кредит/
2.3 Әлеуметтік зерттеудің бағдарламасын
жасау әдісі /3 кредит/
2.3. Жастармен әлеуметтік жұмыс /3 кредит/
3.1 Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі
мен әдістері /3кредит/
3.1. Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық
негіздері /3кредит/
3.2 Әлеуметтік зерттеу методы /3 кредит/
3.2 Жалпы және әлеуметтік педагогика /3
кредит/
3.3 Әлеуметтік экология /3 кредит/
3.3. Әлеуметтік педагогика /3 кредит/
4.1 Қоғамдық пікір мәселелерін зерттеу
әлеуметтануы /3кредит/
4.1. Әлеуметтану жүйесіндегі әлеуметтік
педагогика және психология/3кредит/
4.2 Қоғамдық пікір әлеуметтануы теориялық-
әдістемелік мәселелері
/3 кредит/
4.2. Әлеуметтік коммуникация /3 кредит/
4.3 Қоғамдық пікірді зертеудің мәселелерін
әлеуметтанушылық талдау
/3 кредит/
4.3. Отбасы және балалармен әлеуметтік
жұмыс /3 кредит/
Жоғары оқу орнында 5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша 5В050101-
Әлеуметтік зерттеулер және 5В050102- Әлеуметтік педагогика мамандандыруының білім
беру траекторияларына арналып жасалынып, студенттерге таңдауға ұсынылды.
4