Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет103/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   156

208 
ойлау  жағынан  жан-жақты,  өз-өзіне  басшы,  кез-келген  сәтте  шешім  қабылдай  алатын  жеке 
тұлға болуы тиіс. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Экологиялық  тәрбие  алған 
экологиялық  білімдер  негізінде  қоршаған  ортаға  ұқыпты  қарауы  мен  табиғат  байлықтарын 
ұтымды пайдалану» - деп анықтама берілген. Ал, бұл болса, оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетін  тиімді  ұйымдастырып,  олардың  бойына  елге,  жерге  деген  сүйіспеншілікті  ұялату 
болып табылады[1]. 
Тәрбие  қоғамдық  талаптарға  сәйкес  болуы  міндетті.  Егер  қоғам  құқықтық 
демократиялық  мемлекет  құрып  жатса,  ендеше  ондағы  адам  тәрбиесі  адамгершілік, 
азаматтық  заңдар  мен  қылық  -  әрекет  нормалары  рухында  жүріп  жатуы  қажетті.  Жалпы 
адамзаттық  құндылықтар  қалыптастырудың  маңыздылығын  ескерумен  бірге  әлеуметтік 
ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. 
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір 
және  әрекет  –  қылық  кейпін  таңдау  және  іске  асыру),  даралықты  (тұлғаның  өзіндік 
қалыптасуы),  жауапкершілікті  қатынас  (құндылықтар  таңдау)  бағыттарында  дамуына 
орайласады.  Мұндай  тәрбие  технологиялық  икемшілдігіменен  (адамның  қабылдау  және 
психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – 
күй  тәжірибесін  қалыптастырады),  сұхбаттастығымен  (екінші  біреуге  ұсыну  үшін  емес,  өз 
меншікті  тәжірибесін  құрастыру  үшін),  жағдайға  қарай  орындалуымен  (негізгі  құралы  – 
тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. 
Сонымен,  тәрбие  –  бұл  жалпы,  ортақ  міндеттерді  іске  асыру  барысында  мұғалім  мен 
оқушының  ықпалдасты  әрекеттерін  қамтамасыз  етуші  арнайы  ұйымдастырылған  тәрбиелік 
жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. 
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал 
мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, 
қызықты,  тартымды,  баланы  қажытып  алмайтындай  жұмыс  түрлерін  жүргізу  тәрбиешіден 
шеберлікті талап етеді. 
Бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік 
пен  іскерлікті,  еңбек  сүйгіштікті,  танымдық  қасиеттерді  жинақтап  дамыту  барысында 
табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы 
жеті  жылы  –  денсаулықтың,  ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек  және  экологиялық  дамудың 
негіздері қаланатын өте маңызды кезең. 
Қазіргі таңда оқушылардың экологиялық сауаттылығын дамыту мәселесінде оның жан-
жақтылығын  талап  етеді.  Ол,  экологиялық  нормалардың,  ережелердің  қажеттілігін 
оқушылардың  мінез  құлқына  тәрбиелеу  қоршаған  ортаға  жауапсыздықпен  қараушыларға 
жол  бермеу.  Сондықтан,  оқушылардың  бойында  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру, 
қоғамдық пайдалы еңбекке және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғау, күту 
және жақсарту. 
Мектеп  оқушылары  табиғат  байлығына  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  жайлы 
алғашқы  ұғымды  технология  сабақтарында  алады.  Олар  үй  мүліктерін,  киім-кешек,  тағам 
жасайтын табиғат заттарын қалай пайдаланумен танысады. Оқушыларда экологиялық білімді 
насихаттауда  ең  алғашқысы  қоғамға  пайдалы  еңбекте.  Экологиялық  тәрбие  еңбек 
тәрбиесімен  байланысты.  Өйткені  өндірістік  іс-әрекеттің  барысында  адам  қоршаған  ортаға 
тікелей әсер етеді. 
Экологиялық  тәрбие  –  бұл,  бала  санасында  табиғатты  қорғау,  аялау  сезімін, 
экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру.  Экологиялық  тәрбиенің  мақсаты  -  оқушыларда 
табиғатқа,  қоршаған  ортаға  жауапкершілікпен  қарауды,  оны  қорғауға  даярлықтарын 
қалыптастыру. 
Экологиялық тәрбиенің міндеттері: 
- жас өспірімдердің табиғатты қорғау мен адами капитал туралы жоғарғы экологиялық 
мәдениетін дамыту; 
-  табиғатқа  қоғам  дамуының  материалды  және  рухани  күштердің  қайнар  көзі  ретінде 
карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну; 


209 
-  адамдардың  санасы  мен  іс-әрекеттерінде  табиғат  байлықтарын  тиімді  пайдаланып, 
оларды сақтау кағидаларын бекіту; 
- қоршаған  ортаға  зиян  келтірмей  кейбір  шаруашылық-экономикалық  мәселелерді 
шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. 
Үйлесімді  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  маңызды  және  көп  ғасырлар 
тәжірибесінен  тексеріліп  өткен  қағидасы  тәрбиенің  бастамасы  еңбекке  баулу  екені  анық. 
Еңбек,  адам  іс-әрекеттерінің  негізгі  түрі  бола  тұра,  жеке  тұлғаны  дамыту  факторы,  және 
әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.  Сонымен қатар, 
экологиялық  сауаттылық  туралы  мәліметтер  беру  арқылы  балалардың  адамгершілік, 
танымдық қабілетін дамытамыз.  
 Еңбек  адамның  күшін  ғана  дамытып  қоймайды,  оның  ойын  дамытып,  мінез-құлқын 
қалыптастырады.  «Еңбек  тәрбиесі-қоғам  мүшесі  болып  табылатын  оқушының  жалпы 
тәрбиесі  барысының  саласы».  Мұның  мақсаты  еңбекке  орынды  қатынасты  дамыту,  қоғам 
байлығына  үнемі  қамқорлық  сезіміне  тәрбиелеу,  еңбек  тәртібін  бекіту.  Еңбек  тәрбиесі 
тәрбиенің  басқа  салаларымен  біртұтас  жүзеге  асырылады.  Еңбек  барысында  қоғамдық 
борышты  саналы,  тапсырылған  іске  жоғары  жауапкершілікпен  қарау,  ұжымшылдық  және 
тәртіптілік  сияқты  құлықтық  қасиеттер  дамиды.  Еңбек  тәрбиесі  қоғамдағы  барлық 
әлеуметтік  тәрбие  институттарының  мақсатқа  бағытты  іс-әрекетті  біріктіру  негізінде 
жүргізілуі керек. 
Жасөспірімдерді  еңбекке  тәрбиелеудің  жалпы  міндеттері  бірнеше  жеке  міндеттерді 
орындау  арқылы  іске  асырылады.  Олар:  балаларды  еңбекке  психологиялық  және 
практикалық  тұрғыдан  даярлау;оқушылардың  еңбек  дағдыларын  қалыптастыру;  еңбек 
мәдениеті дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту. 
 Еңбекке  баулу  -  мұғалімнің  оқушыларға  техникалық,  технологиялық  білім  мен  білік 
беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен 
таныстырып,  олардың  мақсатталған  жоспарлы  көзқарасын  қалыптастыратын  оқу  үлгісі. 
Технологиялық  еңбек  сабақтарын  жоспарлау  оқу  үрдісін  ұйымдастырудағы  нақтылы, 
бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, 
сапасы  жоғары  өнім  дайындауды  қамтамасыз  етеді.  Оқушылар  сабақта  еңбекке  қатысты 
нақты  білім  мен  білікті  игереді.  Игеру  ісі  мұгалім  тарапынан  техникалық-  технологиялық 
мағұлмат  беру  белгілі  бір  техникалық  операциялардың  орындалу  әдістерін  көрсету  кезінде 
жүзеге  асады.  Мұғалім  сабаққа  дайындық  барысында  оның  мақсатын,  мазмұнын, 
құрылымын  жоспарлайды,  оқытудың  әдістері  мен  түрлерін  қарастырады.  Еңбекке  баулу 
мептепте негізінен технология пәнін арқылы жүзеге асырылады. 
Технология  пәнін  оқытуда  -  еңбек  етудің  алғы  шаттарын  үйрену  арқылы  оқушыны 
жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу,  мақсаты  көзделеді.  Осы  мақсатты  жетілдіру,  жұмыс 
мәдениетін,  адамдар  арасындағы  адамгершілік  қарым-қатынастарды  жаңарту,  еңбек 
біліктілігін  қалыптастыру  арқылы  еңбек  өнімділігін  арттыруға  ынталандыру  міндеттерін 
мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, 
үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. 
Балалардың да, жасөспірімдердің  де еңбекке төзімділіктері ересек адамдарға қарағанда 
төмен  болады.  Оларда  жұмысқа  үйреніп,  дағдылану  кезеңі  ең  жақсы  жұмыс  қабілеті 
кезеңінен  жоғарырақ  және  жұмысқа  қабілетін  қайтадан  қалыптастыру  кезеңі  ұзағырақ 
болады. Сондықтан, мектеп оқушыларының организмі қысқартылған жұмыс күнінің өзінде, 
әрбір 2,5-3 сағат жұмыстан соң үзіліс қажет етеді. Сол үзіліс өндірістегі жалпы түскі үзіліске 
сәйкес  келуі  үшін,  мектеп  оқушыларының  жұмыс  күнін  жұмысшыларға  қарағанда  1  сағат 
кейін  бастау  керек.  Жұмыс  уақытының  ең  қолайлы  ұзақтығы,  әрбір  мамандықтың  өз 
ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Мектеп  оқушыларына  міндетті  түрде  өткізілетін  қоғамға  пайдалы  еңбектердің  тәртібі, 
оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сыныпта немесе асханада кезекші болу, 
оқу  жүріп  жатқан  күндері  өткізіледі,  ал,  бөлме  жинау,  табиғатты  қорғау,  екінші  шикізат 
жинау  өндірістік  еңбекке  оқыту  уақытынан  тыс  жүргізіледі.  Мұндағы  ең  бастапқы  мақсат, 
мектеп  оқушылырының  организміне  үлкен  жүктеме  түсірмеу  және  денсаулықтарының 
қауіпсіздігін  сақтау.  Сонымен  қатар,  олардың  ынтасын  жойып,  қажытатын  және  тәрбиелеу 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау