19
«A Universal Truth: No health without a workforce» (Всеобщая реальность: без трудовых
ресурсов нет здоровья») баяндамасында мұның бірқатар негізгі себептері анықталған. Сол
себептердің қатарына денсаулық сақтау қызметкерлерінің қартаюы мен зейнеткерлік
демалысқа шығуы немесе олардың анағұрлым жоғары ақы төленетін жұмысқа ауысуы жəне
олардың орнына келетін басқа қызметкерлердің жоқтығы, басқа жағынан алғанда, жас
адамдардың ішінен бұл мамандықты таңдайтындардың жəне қажетті дайындықтан өтетіндер
санының жеткіліксіздігі жатады. Бұл сектордағы сұраныстың көтерілуі, жұқпалы емес
аурулар (мысалы, рак, жүрек аурулары, инсульт жəне с.с.) жағынан өсіп отырған қауіпке
ұшырайтын, əлемдегі тұрғындар санының өсуі. Сонымен бірге жұмыскерлердің ішкі жəне
халықаралық көші-қоны да аймақтар арасындағы баланстың бұзылуын тереңдетеді.
Бүкіл əлемде бір миллиардтан астам адамның сапалы медициналық-санитарлық
қызмет көрсетулерге қолдары жетпейді. Бұл, ең алдымен, денсаулық сақтау саласындағы
кадрлардың жетіспеушілігімен, кəсіби тағлымның теңгерімсіздігі жəне кадрлардың
географиялық бөлінуінің біртектес еместігімен түсіндіріледі. Денсаулық сақтаудағы кадрлық
дағдарыстың салдары миллиондаған адамдардың денсаулығы мен хал-жағдайы үшін
апаттық деңгейде болмақ, оның үстіне осы тапшылықты жою үшін денсаулық
қызметкерлерін дайындау жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмейді.
Кадрлардың «қартаю» тенденциясы орын алуда. Қазіргі уақытта жас мамандардың
салаға ағылуы ұлғайғанымен, олардың үлесі жеткіліксіз болып қалуда жəне барлық
дəрігерлік кадрлар санының ішінде 4%-н аспайды. Мамандықтың тартымдылығының
төмендігі мен мотивациялық механизмдердің жоқтығынан, түлектерді жұмысқа орналастыру
бұрынғыша 87%-н аспайды.
Медицина кадрларының жоғары категориялық деңгейіне (42%) қарамастан, олардың
медициналық қызмет кқрсету сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді
қанағаттандырмайды. Денсаулық сақтау саласындағы ғылым аясы əлемдік стандарттан
едəуір қалып келеді, отандық ғылымдық өнімнің бəсекеге қабілетсіздігі мен қажетсіздігі
байқалады. Көрсетілген мəселелерді шешу үшін 2007 жылдан бастап Медициналық
ғылымды реформалау концепциясы іске асырылып келеді. Медициналық ғылымды
басқаруды жетілдіру бойынша шаралар басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар көбірек
дербестік алу үшін шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кəсіпорындар статусын
алды. Ғылыми-білім-практикалық кластерлер құрылуда. Ғылыми ұйымдарда дəлелдеуші
орталықтар құрылды. 40 астам болашағы бар қызметкерлер АҚШ, Сингапурдағы
университеттерде менеджмент бойынша ғылыми зерттеулерден курстарды өтті.
Рецензияланатын халықаралық журналдардағы жарияланымдар саны ұлғайды, халықаралық
патенттер пайда болды. Медициналық ғылым ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау
жүйесі жасалды. Жарияланымдарға сəйкес, денсаулық қызметкерлері тарапынан шұғыл
əрекеттерді қажет ететін салалардың бірі ана мен сəби денсаулығын қорғау болып табылады.
Ана өлімінің барлық жағдайының 90%-н астамы жəне барлық өлі туылудың 80%-ы 58 елге
келеді, бұл осы елдерде негізінен кəсіби акушеркалардың жетіспеуі салдарынан орын алып
отыр. Одан басқа, 2012 жылы бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 6,6 миллион жағдайы
емдеуге жəне алдын алуға болатын аулардан болды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің
саны көбірек болғанда, бұл балалар өлімінің көбісін болдырмауға болар еді.
Қазақстандағы сəби өлімі көрсеткіші Европа аймағы елдерінің ішіндегі ең
жоғарғыларының бірі болып табылады. Сəби өлімінің ең жоғарғы деңгейі Қызылорда
облысында, Шығыс Қазақстан облысындағы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан жəне Ақтөбе
облыстарына келеді. Олардағы сəби өлімі ел бойынша алғандағы орташа көрсеткіштен
жоғары болып табылады. Қазіргі кезде бұл тенденция төмендеуге қарай бет алды. Дегенмен,
ол əлі де жоғары деңгейде болып табылады. Ана өлімін жасыру фактілері орын алған жəне
де өлімнің негізгі көрсеткіші əйелдер денсаулығы индексінің төмендігі. Əйелдердің тек 20-30
пайызының ғана дені сау болып табылады, ал қалғандары əртүрлі аурулармен ауырады.
Деректер бойынша, бюджет қаражатын жұмсаудың төмен тиімділігі, жемқорлықтың
жоғары деңгейі сияқты мəселелерден басқа, көп аурулардың ушығуы денсаулық сақтау
20
саласының медициналық кадрларының нашар дайындығы болып табылады. Денсаулық
сақтау кадрларын дайындаудың сапасына жету бойынша белгілі жұмыс жүргізілді,
медициналық жəне фармацептік білім берудің нормативтік базасы жасалды, 2007 жылдан
бастап, кəсіби көзқарас пен ең үздік əлемдік тəжорибесін есепке алатын, жоғары
медициналық білім берудің жаңа білімдік бағдарламалары іске асырылуда, мемлекеттік
медициналық ЖОО соңғы жылдары алғашқы рет қазіргі өмірге сай оқу-клиникалық жəне
лабораториялық қондырғылар алды, медициналық ЖОО-ң 85% жоғары деңгейдегі
дербестігін алды. Инновациялық білім беру технологияларын ендіру жүзеге асырылуда.
Құрылған оқу-клиникалық орталықтар студенттер мен интерндердің клиникалық
дайындығына назар аударуға мүмкіндік берді. Медициналық білім берудің Бүкіл əлемдік
федерациясының сапасын жақсартудың ғаламдық стандарттарына негізделген базалық
медициналық білім беруді институционалдық аккредитациялаудың ұлттық стандарты
жасалды. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу кезеңінде медициналық кадрлардың
шет елдерде біліктілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына жетекші шетелдік
мамандарды шақыру арқылы мастер-кластарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.
2005 жылдан бастап, жыл сайын үш мың жас жəне талантты қазақстандықтарға
əлемнің оқу орындарында оқуға мүмкіндік берілді. Жалпы алғанда 2005-2014 ж.ж.
аралығында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 10 мыңнан астам шəкіртақы белгіленді
(кесте 1).
Кесте 1
«Болашақ» халықаралық шəкіртақысының дайындау бағдарламалары мен бағыттары шеңберінде
берілуі (2005-2014 гг.), адам.
Оқыту
бағдарламасы
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Барлы
ғы
Бакалавриат
1243 441 97 636 419 543
0
0
0
0
3379
Магистратура
478
299 138 607 561 881 447 560 515 243 4729
Аспирантура
18
5
1
10
0
0
0
0
1
0
35
Клиникалық
ординатура
2
14
20
15
10
26
0
0
0
0
87
Докторантура
55
19
11
15
11
11
14
15
15
15
181
Тағылым
0
0
0
28
12 200 59 527 582 298 1706
Итого
1796 778 267 1311 1013 1661 520 1102 1113 556 10117
Оқыту
бағыты
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Барлы
ғы
Медицинское 128
47
25
55
21
55
11
99 116 102
659
Барлығы
1796 778 267 1311 1013 1661 520 1102 1113 556 10117
Дерек көзі: [6].
1-кестеден осы жылдары медициналық бағыт бойынша кадрлар дайындауда
толқындық динамиканың орын алғанын байқауға болады. Басқаша айтқанда, 2005 жылмен
салыстырғанда 2014 жылы шəкіртақының берілуі 710 адамға кемігендігі көрінеді.
Жүргізілген шараларға қарамастан, денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен
қамтамасыз ету сұрағы біздің ел үшін күрделі мəселе болып қалып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білімдік қызметінің негізгі
мəселелері: кадрларды дайындау сапасы, жұмыс істеп жүргендердің біліктілік деңгейі,
көмекші персоналдың тапшылығы, медицина қызметкерлерінің шамадан тыс ірі қалаларда
шоғырлануы, жоғары жəне орта маман бойынша білім алған медициналық қызметкерлер
санының теңгерімсіздігі, жұмысқа деген мотивациялық ынталандырудың жоқтығы жəне
денсаулық қызметкерлерінің əлеуметтік жағынан қорғалуының жеткіліксіздігі, ғылыми
зерттеулердің бəсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық жетістіктердің жоқтығы.