Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет172/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   219

355

бəсекелестіктің  мағынасы  экономикалық  ресурстарды  барынша  пайдалану  арқылы

айтарлықтай жоғары пайда алу үшін күресуге негізделеді.

Кəсіпорынның экономикалық ресустарды пайдалану тиімділігінің дəрежесі қоғамдық

өндіріс  қол  жеткізген  өндірістік  күштерді  дамыту  деңгейіне  қатысты  жəне  бəсекелестердің

ресурстарды  пайдалану  тиімділігіне  қатысты  анықталады.  Осылайша, 

кəсіпорынның

нарықтық экономика жағдайында бəсекелесуге қабілеттілігі шаруашылық жүргізуші субъект

қызметінің  жалпыландырылған  сипаттамасы  болып  табылады, ол  бəсекелестердің

экономикалық  ресурстарды  пайдалану  тиімділігіне  қатысты  шаруашылық  жүргізуші

субъекттің экономикалық ресурстарды пайдалану тиімділігінің деңгейін бейнелейді.

Экономикалық  əдебиетке  жүргізілген  талдау  экономисттердің  еңбектерінде

экономикалық 

кəсіпорынның 

бəсекелестігі 

санат 


ретінде 

жеткілікті 

дəрежеде

айқындалмағандығын  көрсетті. Бұл  орайда  зерттеушілердің  көбісі  əртүрлі  елдерде

халықаралық  деңгейде  негізделетін  өнімнің  бəсекелестігіне  немесе  кəсіпорынның

бəсекелестігіне ерекше назар аударады.

Өнімнің  бəсекелесуге  қабілеттігі  отандық  жəне  шетелдік  экономисттердің

еңбектерінде  айтарлықтай  кеңінен  зерттелген. Өнімнің  бəсекелесуге  қабілеттілігі  дегеніміз

көбінесе оның тұтынушылық құны (тұтынушы үшін тиімділігі) мен тұтыну құнының (яғни

тұтыну  бағасы, оған  сатылым  бағасымен  қатар  өнімнің  қызмет  ету  мерзімі  кезіндегі

эксплуатациялық жəне өзге ағымдағы шығындары кіреді) үйлесімділігін  білдіреді, ол басқа

жеткізушілердің  өнімдерімен  салыстырғанда  дəл  осы  өнімді  нарықта  жетістікке  жеткізеді.

Басқаша  айтқанда, өнімнің  тұтынушылық  сипаттамалары  неғұрлым  жоғары  болып  жəне

тұтыну  бағасы  неғұрлым  төмен  болса, оның  бəсекелесуге  қабілеттігі  соғұрлым  жоғары

болады. Өнімнің  бəсекелесуге  қабілеттігін  анықтау  үшін  əдетте  маркетингтік  жəне

квалиметриялық  тəсілдер  пайдаланылады, олар  бірқатар  факторларды  ескереді, сол

факторлардың  арасынан  ғалымдар  өнімнің  бағасы  мен  сапасының  параметрлерін

айрықшалай түседі.

Халықаралық  деңгейде  бəсекелесуге  қабілеттігін  зерттеу  ауқымында  экономисттер

кəсіпорынның ұлттық экономика  деңгейіндегі макроэкономикалық  жағдайын  талдауға  баса

назар  аударады. Бұл  тұста  аталған  макроэкономикалық  жағдайлар  ақыры  соңында

кəсіпорынның  тиісті  елдерде  халықаралық  сауда-саттыққа  негізделетін  бəсекелесуге

қабілеттігі дəрежесімен шартталады.

Алайда, кəсіпорынның  бəсекелестік  іс-əрекеті  бəсекелестердің  олигополистикалық

қарым-қатынасын  зерттеу  ауқымында, сондай-ақ  стратегиялық  маркетинг  жөніндегі

жұмыстарда жан-жақты қарастырылатынын атап өткен жөн. Аталған тəсілдердің алғашқысы

(бəсекелестікті  құрылымдық  жағынан  қарастыру  ауқымында  дамыған) олигополия

жағдайында  өндіріс  көлемдеріне  жəне  бағаның  деңгейіне  қатысты  бəсекелес  стратегияны

таңдауға  қатысты  ойындар  теориясының  математикалық  тəсілдерін  қолдануға  негізделеді.

Екінші  жағдайда  кəсіпорынның  күш-қуатын  нарықтың  келешегі  зор  сегменттеріне

шоғырландыру қажеттілігіне негізделеді.  Бұл орайда сегменттерді таңдау критерийі болып

əдетте  сегмент  нарығының  шамасы  мен  қарқындылығы  табылады. Екі  тəсілді  біріктіретін

жайт - бұл  кəсіпорынның  бəсекелестік  жағдайында  тактика  мен  стратегияны  таңдауының

сыртқы аспектілеріне назар аударуы, əрине бұл маңызды, алайда кəсіпорынның бəсекелесуге

қабілеттігінің  көздері  мен  ішкі  факторларын  айқындауға  мүмкіндік  бермейді. Осыған

байланысты аталған тəсілдер осы зерттеудің ауқымында қарастырылмайды.

Сонымен, өзіндік  шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  ретіндегі  кəсіпорындардың

бəсекелесуге  қабілеттігі  негізінен  өнімнің  жəне/немесе  халықаралық  сауда-саттықтың

бəсекелесуге  қабілеттігі  ауқымында қарастырылады. Осындай  тəсілдің  дұрыстығын  таласқа

түсірмей-ақ, нақты  кəсіпорынның  бəсекелесуге  қабілеттігі  көптеген  өзге  факторлардың

анықтайтынын атап өтуге болады жəне ол факторларды назардан тыс қалдыруға болмайды.

Өнімнің  бəсекелесуге  қабілеттілігі  шаруашылық  жүргізуші  субъекттің  бəсекелесуге

қаблеттігіне  маңызды  əсер  ететіндігімен  келісуге  болады. Алайда, кəсіпорынның

бəсекелесуге  қабілеттігі  анағұрлым  сыйымды  түсінік  болып  табылады  жəне  өндірілетін




356

өнімнен  басқа  қызметтің  көптеген  аспектілерінен  тұрады, олар: менеджмент, маркетинг,

қаржылық  саясат, операциялық  тиімділік  жəне  басқалары. Осыған  байланысты, біздің

пікірімізше, кəсіпорынның бəсекелесуге қабілеттігі оның өнімінің бəсекелесуге қабілеттігіне

ғана байланысты деген түсінік дұрыс емес.

Халықаралық бəсекелесуге  қабілеттілікке  қатысты да дəл солай  пайымдауға  болады.

Елде  шаруашылық  жүргізудің  макроэкономикалық  шарттары  кəсіпорынның  халықаралық

деңгейдегі бəсекелесуге  қабілеттігіне орасан  зор  əсер  етеді, алайда  шаруашылық жүргізуші

субъекттің  бəсекелесуге  қабілеттігін  толықтай  анықтай  алмайды. Макроэкономикалық

шарттар  бəсекелестік  басымдылығына  жетудің  негізін  ғана  құрайды. Нақты  кəсіпорынның

жоғары  бəсекелесуге  қабілеттігіне  жетудің  алғышарттарын  жүзеге  асыру  көптеген  өзге

факторларға 

тəуелденеді. Кері 

жағдайда 

шаруашылық 

жүргізудің 

оңтайлы

макроэкономикалық  шарттары  бар  елдерде  шоғырланған  барлық-дерлік  кəсіпорындар



бəсекелесуге қабілетті болар еді. Халықаралық бəсекелесуге қабілеттілік теориясына сүйене

отырып, бір  елде  шоғырланған  кəсіпорындардың  бəсекелесуге  қабілеттілігінің  əртүрлі

болуының себебі неде екенін  анықтау мүмкін  емес. Сəйкесінше, халықаралық  бəсекелесуге

қабілеттілік  тоериясы  нақты  кəсіпорындардың  бəсекелесуге  қабілеттілігінің  себептеріне

қатысты  толық  қамтылған  жауап  бере  алмайды, сондықтан  нақты  шаруашылық  жүргізуші

субъекттің  қызметін  макроэкономикалық  талдау  мақсатында  қолданыла  алмайды.

Халықаралық  бəсекелесуге  қабілеттікті  зерттеушілер  өз  алдына  осындай  мақсаттар

қоймайтындығын атап өтуге болады [1,8].

Дегенмен, халықаралық  бəсекелесуге  қабілеттікті  зерттеушілердің  бəсекелестік

күресу  субъектілерінің  бəсекелесуге  қабілеттілік  көздері  мен  факторларын  анықтауға

қатысты тəсілдері айтарлықтай  негізді екенін  атап өту қажет жəне осы  жұмыстың  мақсаты

үшін  негізге  алына  алады. Шын  мəнісінде, əртүрлі  елдердің  кəсіпорындары  мен  өндіріс

салалары  жаһандық  ауқымда  бəсекелесе  отырып, халықаралық  сауда-саттық  барысында

экономикалық  қызметтің  элементарлық  субъектілері  ретінде  болады. Кəсіпорынның

бəсекелесуге  қабілеттілігі  сияқты  экономикалық  санатты  талдау  бəсекелестік  күресін

халықаралық нарықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті нарықта талдау дегенді білдіреді, бұл

кəсіпорынның  бəсекелесуге  қабілеттігін  қарастырған  кезде  халықаралық  бəсекелесуге

қабілеттік теориясын толықтыру жəне түзету қажеттілігімен шартталады.

Бұл  тұста, жүргізілетін  зерттеудің  мақсаты  үшін  жекелеген  кəсіпорындардың

бəсекелесуге  қабілеттігін  талдау  барысында  халықаралық  бəсекелесуге  қабілеттіктің  ортақ

қағидалары  мен  тұжырымдамаларын  қолдану  негізді  болып  табылады. Осылайша, өзіндік

шаруашылық  жүргізуші  субъект  ретіндегі  кəсіпорынның  бəсекелесуге  қабілеттігі

экономикалық  əдебиетте  жеткілікті  анықталмағандықтан, бұдан  əрі  халықаралық

бəсекелесуге  қабілеттіктің  негізгі  тұжырымдымалары  мен  қағидалары  қарастырылып, олар

кəсіпорынның деңгейінде бейімделінетін болады.

Қазіргі  таңда  халықаралық  бəсекелесуге  қабілеттіктің  бірқатар  жаңа  теориялары

пайда  болды, оларды  талдау  олардың  барлығы  бəсекелестік  күрестің  қандай  да  бір

факторына  өз  назарын  аударады  деген  қорытынды  жасауға  болады, аталмыш  факторларға

технологияны, ресурстарды, шығындар деңгейін жəне басқаларын жатқызуға болады. Біздің

ойымызша, бəсекелесуге  қабілеттілік  сияқты  сыйымды  экономикалық  санатты  қарастыру

барысына  осыншама  мəн  беру  негізсіз. Қандай  да  бір  тəсілді  растайтын  немесе  теріске

шығаратын  көптеген  мысалдар  келтіруге  болады. Кəсіпорынның  бəсекелесуге  қабілеттілігі

қандай  да  бір  фактормен  ғана  анықталмайды, ол  əр  нақты  жағдайда  бірегей  болып

табылатын көптеген факторлардың қарым-қатынасының нəтижесі болып табылады. Бірқатар

жағдайларда қандай да бір фактор шешуші рөл атқаруы мүмкін, алайда ол өзін ортақ мəндегі

дəрежеге  жеткізудің  негіздемесі  болмауы  тиіс, себебі  барлық  басқа  факторлар  мен

параметрлерді үйлестірген кезде ғана аталған шешуші мағынаға қол жеткізуге болады.

Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып, халықаралық  бəсекелесуге  қабілеттіліктің

айтарлықтай бүтін теориясы болып М. Портердің тоериясы екенін түсінеміз. Сонымен қатар,

М. Портердің  тұжырымдамасын  таңдау  оның  негіз  қалаушы  қағидаларға  сүйенетіндігіне




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау