289
2.
Ерыгин Ю.В., Улицкая Т.Р. Потенциал: содержание понятия и его структура
[Электронный ресурс]. http://science-bsea.narod.ru/2008/ekonom
3.
Савенкова И. В., Кульш М. И. Конкурентный потенциал предприятия с позиции
ресурсной концепции // Молодой ученый. — 2014. — №20. — С. 404-409.
4.
Гусаков М. Формирование потенциала инновационного развития // Экономист. - 1999.
- № 2. - С. 3-38.
5.
Потенциал
и развитие предприятия: пособие для студентов, обучающихся по
специальности 6.030504 – Экономика предприятия (для всех форм обучения)/ Э. И. Цыбульская;
Нар.укр. акад.
[Каф. экономики предприятия]. – Х. : Изд-во НУА, 2013. – 136 с.
6.
Инновационное развитие: экономика, интеллектуальные ресурсы, управление
знаниями / под ред. Б.З.Мильнера. - М.: НИЦ Инфра-М, 2013. - 624 с.
7.
Мясникова О.В. Инновационный потенциал предприятий и факторы его активизации /
О.В.Мясникова, А.Л.Кадолко //Инновационные образовательные технологии. - 2013. - № 1. - С. 69-75.
8.
Белоусов А.Г., Стаханов Д.В., Стаханов В.Н. Коммерческая логистика. Ростов на
Дону: Феникс, 2001.
9.
Альбеков А. У., Федько В. П., Митько О. А. Логистика коммерции. Ростов н/Д.:
Феникс, 2001.
10.
Миротин Л. Б., Ташбаев Ы. Э. Системный анализ в логистике: Учебник. М.: Экзамен,
2002.
ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ІШКІ БАҚЫЛАУ
Қайранбеков Б.О., Жуматаева Б.А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: kairanbekbaur_65@mail.ru, bahyt_ jumataeva@mail.ru
Ұйымдағы кез-келген қызмет екі жүйе шеңберінде жүзеге асырылады. Біріншісі – бұл
операциондық (ұймдастырушылық) жүйе, ол қойылған мақсаттарға жетуге негізделген.
Екіншісі – бұл құрауыш бөліктері болып саясат, бюджеттер, ережелер, есеп жəне есептілік
жүйесі табылатын бақылау жүйесі. Шектен тыс шығып жатқан ауытқулар туралы уақытылы
ақпарат алу үшін бақылау қажет болады. «ұйымдағы ішкі бақылау» деген түсінікке анықтама
берейік. Ішкі бақылау түсінігін кең мағынада, сонымен қатар, тар мағынада да қарастыруға
болады. Бұл бөлімде ішкі бақылаудың тар мағынадағы анықтамасы қоладнылады. Яғни, ішкі
бақылау басқару процесі кезеңінің бірі деп қарастырылады. Ішкі бақылау компанияның
қойылған мақсаттарына жетуге бағытталған процесс болып табылады [1].
Ішкі бақылау мақсаты – тиімді шешім қабылдау үшін басқару объектісінің ақпараттық
айқындылығы.
Ішкі бақылау кəсіпорын басшылығымен ұйымдастырылады жəне шаруашылық
операцияларын орындаудың заңдылығын, олардың экономикалық тиімділігін анықтайды.
Бұл ішкі бақылаудың бақылаудың басқа түрлерінен бірінші жəне негізгі айырмашылығы.
Тəуелсіз аудитті тəуелсіз аудитор жүргізеді, ол қорытынды іс-əрекет формалары мен
түрлерін орнатады.
Ішкі бақылау – бұл барлық қызметкерлердің шаруашылық операцияларын жүзеге
асыру барысында өз міндеттерін тиімді орындауы үшін басшылық қолданатын іс-шаралар
жүйесі. Ішкі бақылау бұл операциялардың заңдылығы мен кəсіпорын үшін мəнін анықтайды.
Бақылау нəтижелері туралы айтпастан бұрын, оның мақсаттарын білу қажет. Ішкі
бақылау белгілі бір мақсаттарға бағытталса ғана пайдалы болады.
Ұйым қызметінің кезеңдері – жабдықтау, өндіру, сатып-өткізу – ішкі бақылау
объектілері болып табылады.
Ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында əртүрлі əдістер қолданылады, оларға
келесідей элементтер кіреді:
1) қаржылық есеп (түгендеу жəне құжаттандыру, шоттар мен екіжақты жазу);
290
2) басқару есебі (міндеттерді бөлу, шығындарды нормалау);
3)
аудит, бақылау, ревизия (құжаттарды тексеру, арифметикалық есептеулер
дұрыстығын тексеру, бөлек шаруашылық операциялары есебінің ережесін сақтауды ексеру,
түгендеу, қызметкерлерден ауызша сұрау жүргізу, растау жəне байқау);
4) басқару теориясы.
Жоғарыда аталған барлық əдістер бірыңғай жүйені құрайды жəне кəсіпорынды басқару
мақсатында қолданылады.
Ішкі бақылау мəліметтері кəсіпорын басшылығы мен басқару персоналына кəсіпорын
қызметі туралы толық ақпаратты жедел алуға көмектеседі.
Ішкі бақылауды өткізу əрбір кəсіпорын үшін міндетті болып табылады. Ірі
кəсіпорындарда ішкі бақылау бойынша арнайы бөлімшелер құрылуы мүмкін – ішкі аудит
бөлімдері.
Ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында алынған ақпарат кəсіпорын ішінде
пайдаланылады. Ол басшылық жəне менеджерлер үшін қажет болады.
Кəсіпорындағы ішкі бақылау мақсаттары болып табылады:
1) кəсіпорынның тиімді қызметін жүзеге асыру;
2) кəсіпорынның əрбір қызметкерінің басшылық талаптарын орындауын сақтау;
3) кəсіпорын мүлігінің сақталуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін бухгалтерлік есеп жүйесі мен ішкі бақылау
жүйесінің келісімділігі қажет болып табылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамына мəліметтерді жинау, оларды тіркеу жəне өңдеу
кіреді.
Бухгалтерлік есептің тиімді жүйесі қамтамасыз етуі керек:
1) шаруашылық қызметінің барлық факторларын есепте көрсету;
2)
шаруашылық операциясы мен шаруашылық қызмет фактісі арасындағы
келіспеушілікті болдырмау;
3) активтер, міндеттемелер жəне шаруашылық операциялары құнын ақшалай түрде (ҚР
валютасы) бағалаудың дəлдігі;
4) шаруашылық операцияларын олардың жүзеге асырылу кезінде есепте көрсету;
5) сыртқы жəне ішкі есептілікті уақытында дайындау.
Жоғарыда аталған міндеттер бухгалтерлік қаржылық есеп, бухгалтерлік басқару есебі
мен ішкі бақылау жүйесі арасында ажырамас байланыс бар екенін көрсетеді.
Кəсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына, қызметкерлерінің санына, еншілес
ұйымдарының бар болуына, бухгалтерлік есепті орталықтандыру деңгейіне жəне басқа
себептерге байланысты ішкі аудит күрделілігі анықталады.
Халықаралық тəжірибе бойынша аудиттелетін субъектідегі ішкі бақылау жағдайын
тексерудің жалпы нəтижелерін баяндау кезінде аудиторлық қорытындыға енгізген жөн
болып табылады [2]:
- аудиттелетін субъектінің атқару органының ішкі бақылауды ұйымдастыру жəне оның
жағдайы үшін жауапкершілігі;
- аудитті жүргізу кезінде ішкі бақылау жағдайын қарастырудың мақсаты мен сипаты;
- ішкі бақылау жүйесінің аудиттелетін субъектісі қызметінің масштабы мен сипатына
сəйкестігін жалпы бағалау;
- аудит барысында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің аудиттелетін субъектісі
қызметінің масштабы мен сипатына сəйкессіздіктерін сипаттау.
2007 ж. 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сəйкес ұйым Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы заңнаманы, есеп саясатын,
операцияларды тиімді жүзеге асыруы үшін ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқылы. Ішкі
бақылаудың ұйымдастырылуын басшылық қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік мекемелер бақылауы
жүзеге асырылады [3].