Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет109/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   219

226

- ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жəрдемдеседі;

- əкім  аппараты  əкімшісі  болып  табылатын  бюджеттік  бағдарламаны  əзірлеу  кезінде

жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  талқылауына  жергілікті  маңызы  бар  мəселелерді

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес аудан (облыстық маңызы бар қала)

бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды

шығарады.

Жергілікті өзін-өзі басқару институтының қызметінің  экономикалық жəне қаржылық

негізін  қамтамасыз  ету  үшін 2013 жылдан  бері  жүргізілген  реформалардың  нəтижесінде,

жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:

- аудандық  маңызы  бар  қала, ауыл, кент, ауылдық  округ  əкімдерінің  басқаруындағы

мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;

- жеке жəне заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

- сыртқы (көрнекі) жарнаманыаудандық  маңызы  бар  қалалар, ауылдар, кенттер,

ауылдық  округтер  аумақтары  арқылы  өтетін  республикалық, облыстық  жəне  аудандық

маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі

жарнаманы  тұрақты  орналастыру  объектілері  мен  өз  өңірлеріндегі  үй-жайлардың  шегінен

тыс  ашық  кеңістікте  орналастыруға  жəнеауданда  тіркелген  көлік  құралдарында

орналастырғаны үшін төлемақыалынтын алым;

- аудандық  маңызы  бар  қала, ауыл, кент, ауылдық  округ  əкімдері  Қазақстан

Республикасының  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінің  мына  баптарының: 165

(белгіленбеген  жерлерде  саудалау), 300 (жасыл  көшеттерді  күту  жəне  қорғау  қағидаларын

бұзу), 311 (иттер  мен  мысықтарды  ұстау  қағидаларын  бұзу) жəне 387 (қала  жəне  елді

мекендер  аумағын  абаттандыру  қағидаларын  бұзу, сондай-ақ  инфрақұрылым  объектілерін

бұзу, қала  жəне  елді  мекендердің  жасыл  көшеттерін  жою  жəне  зақымдау) баптарында

көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

Əрине, бұл түсімдер ауылдық аумақтарда үлкен кіріс алып келмейді, сондықтан ауыл

əкімінің  дербес  бюджетін  қалыптастыруға  жеткіліксіз. Дегенмен  жасалынған  өзгерістерді

жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде ауыл əкіміне өз кірісін қалыптастыру жəне түскен

қаражатты  жұмсау  тəжірибесін  беретін  оң  өзгеріс  ретінде  бағалауға  болады. Қазіргі  таңда,

осы салаға жауапты орталық уəкілетті мемлекеттік орган ҚР Ұлттық экономика министрлігі

тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін əрі қарай кеңейту

мəселесі  қарастырылып  келеді[5], осы  орган  таратқан  мəліметтер  бойынша, ауылдық

деңгейдегі  жергілікті  өзін-өзі  басқару  институтының  бюджет  мəселесі 2020 жылға  қарай

шешіледі деп күтілуде[6].

Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органының  кіріс  көздеріне  арналған  есепшот  ашу,

бөлінген  бюджет  қаражатын  бақылау  жəне  мониторинг  жүргізудің  ережелері  мен  тетіктері

«Жергілікті  маңызы  бар  мəселелерді  шешуге  жəне  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  кіріс

көздеріне  бөлінген  бюджет  қаражатын  пайдалануға  мониторинг  жүргізу  əдістемесін  бекіту

туралы» Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы  № 405

бұйрығында [7] көрсетілген. Бұл құжаттарда жергілікті қоғамдастыққа қаржының жоспарын

ауыл  əкімімен  бірге  талқылау  жəне  оның  жұмсалуын  бақылау  мүмкіндігі  берілген. Оған

сəйкес, ауыл  əкімі  жергілікті  қоғамдастықпен  келісе  отырып, түскен  қаржының  қандай

мақсатта жұмсалатыны туралы жоспар жасайды. Қаражат жоспарға сəйкес жұмсалады жəне

жергілікті қоғамдастыққа жұмсалынған қаражаттың есебі беріледі.

2016 жылдың 6 қаңтарында республикалық «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская

правда» газеттерінде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің«Ұлт  жоспары – қазақстандық

арманға бастайтын жол» атты мақаласы [8] жарияланды. Онда жақын онжылдықта жергілікті

өзін-өзі  басқару  органдарына  үш  деңгейлі (2016-2017, 2018-2020, 2020 жылдан  əрі  қарай)

қосымша өкілеттіктер берілетіні айтылды.

2016-2017 жылдары:




227

- аудан əкімінің өзінен төменгі əкімдіктер əкімі лауазымына ұсынатын кандидатурасы

аудан мəслихатына жəне сайлау өткізуге енгізу үшін келісілетін болады;

- əкімді босату туралы мəселеге бастамашы бола алады;

- аудан  əкімі  ұсынған  қолма-қол  ақшаның  бақылау  шоты  есебінен  алынған  мүлікті

иеліктен шығару мəселесін қарайды;

- өз аумағындағы жер телімдерінің пайдаланылуын бақылайды;

- жергілікті  жердегі  мемлекеттік  мекемелердің  басшыларын  тағайындау  бойынша

ұсыныстар енгізе алады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтық əлеуетін, көлік жəне заңды тұлғалардан жер

салығын алу құқын алу жолымен күшейтетін болады.

2018-2020жылдары:

- жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін аудан мəслихатына бекіткен соң оны өзбетінше

сатылап қалыптастырады;

- əкімнің  аудандық  мəслихатқа  бекіту  үшін  енгізген  жергілікті  қоғамдастық

бюджетінің  жобасын  Жиналыстың  келісуі  жəне  олардың  орындалуы  туралы  есепті

мəслихатқа ұсыну үшін қолдайды;

- жергілікті 

қоғамдастықтың  коммуналдық  меншікті  басқару  мəселелерін

қарастырады;

-  тұрғындары  2  мың  адамнан  асатын  əкімшілік-аумақтық  бірлік  үшін  бюджетті

аудандық мəслихаттың бекітуіне ұсынады;

- «Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі» институтын енгізіледі;

- əлеуетін  ұлғайту  мақсатында  селолық  округтер  деңгейінде  əкімшілік-аумақтық

бірлікті нығайту мəселесін қарайды.

2020 жылдан бастап:

- жергілікті өзін өзі басқарудың өкілді органын құрылады;

-  халқының  саны  2  мың  адамнан  кем  емес  елді  мекендерде  жергілікті  өзін-өзі

басқарудың дербес бюджеті енгізіледі;

- қоғамдық  маңызды  мəселелерді  қамтитын  жергілікті  бюджеттердің  жобалары

бойынша азаматтардың ұсыныстары жергілікті өзін-өзі басқару органы дербес қарай алады.

Қорыта  келгенде  айтарымыз, жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін  дамыту

экономикалық  өркендеудің, əлеуметтік  əл-ауқаттың  жəне  азаматтық  қоғамның

қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.

Биліктің осы деңгейі халыққа барынша жақын, негізінен оны халық қалыптастырады,

оның  бақылауында  болады  жəне  халықтың  негізгі  өмірлік  қажеттілігін  қамтамасыз  ету

мəселесін  шешеді. Жергілікті  өзін-өзі  басқару  ұтымды  құрылса, халықтың  билікке  деген

сенімі артады.



Əдебиеттер:

1. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы:

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты». 2012 жылғы 14

желтоқсан. ҚР Президентінің ресми сайты: http://akorda.kz/

2. Johnson C. (2001) Local Democracy, Democratic Decentralization and Rural Development:

Theories, Challenges and Options for Policy (Draft). Forthcoming  Development Policy  Review.

3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы

//Қазақстан Республикасының Заңы. №148, 23 қаңтар 2001 ж.

4. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды

дамыту  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 2013 жылғы 13

маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

5. Мəжіліс  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  мəселелері  бойынша  заң  жобасын  екінші

оқылымда  мақұлдады.Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  ресми  интернет-

ресурсы [http://economy.gov.kz/].16 қыркүйек 2015 ж.

6. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаевтың «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық  актілеріне  Қазақстан  Республикасында  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау