218
туғызатын беріктік қорын жасап беретінін терең сезіне отырып, жергілікті өкілетті орган-
дардың депутаттық корпусы аталған жоспардағы 97, 98, 99 қадамдарға айрықша назар
аударуда. Олар – өзін өзі реттеу мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту арқылы
азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тəн
емес қызметтерді бəсекелестік ортаға жəне өзін өзі реттеуші ұйымдарға беру. Мемлекет
басшысының ауылдық округ, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін өзі
басқарудың дербес бюджеті енгізілетіні, облыс орталықтарында жəне республикалық
маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының
тетіктері жұмыс істейтін болатындығы жөніндегі ұсынысты қабылдадық [4].
Қазақстан Республикасында шынайы өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға арналған
көптеген жарияланымдар мен еңбектердің, пікірталастардың мазмұнын талдау қалай дегенде
де жергілікті өзін өзі басқару туралы арнаулы заң шығару қажет екендігін көрсетіп отыр.
Көптеген сарапшылар кемшілік ретінде мына мəселелерді тап басып көрсетеді:
ұсынылған заң жобалары жергілікті өзін өзі басқаруды қоғамдық ұйымдар жəне волонтерлік
қозғалыстармен бір қатарға қойып қарастырған. Яғни, бастапқыда заңды дайындаушылар
жергілікті өзін өзі басқаруды тең дəрежелі əріптес ретінде көрмеген жəне жергілікті
маңыздағы мəселелерді шешуге жауапты, тиісті атқарушы жəне өкілетті органдары, өзіндік
бюджеті жəне меншігі бар көпшілік өкіметтің органы ретінде жоспарламаған. Оның қызмет
барысы үшін қандай да бір нақтылы қаржы негіздері болмады. Ұсынылған заң жобаларына
қатысты басқа да бірқатар сын-ескертпелер айтылуда. Айталық, мынадай маңызды мəселе –
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тиісті кадрлық əлеуетпен қамтамасыз ету. Ашығын
айту керек, қалалардағы маман кадрлар мен алыс ауылдардағы кадрлардың арасында үлкен
айырмашылық бар. Мұны біз жақында тұрғылықты елді мекендердің əкімдерін сайлау
барысында жақсы байқадық [5].
Саяси реформалардың күтіп отырған маңызды нəтижелерінің бірі қоғамдастықты
саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне кеңінен тарту жəне белсенділігін арттыруға қол
жеткізу болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру аясында Қазақстанда бірқатар
реформаларды жүргізу жоспарланып отыр. Олар өз кезегінде қазіргі мемлекеттік басқарудың
бет-бейнесін анықтап, беделін арттырады, сондай-ақ, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-
қатынасының қағидалық негіздерін қалыптастырады.
Үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдауды одан əрі жүзеге асыру саясаты да
жаңа белеске шықты, атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік
əлеуметтік тапсырыстарды орналастыру қоғамдық секторды мемлекет тарапынан барынша
қаржылай қолдау болып табылады.
Сөз жоқ, өкімет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ашықтық жəне жариялылық
негізіндегі байыпты байланыс сыбайлас жемқорлық пен төрешілдік жолына қосымша кедергі
қоюға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік органдар мен əкімдіктер
жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру да маңызды. Жергілікті жерлердегі іс-
тəжірибелі мамандардың мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін кү-
шейту жөніндегі ұсыныстары да назар аударуға тұрарлық. Бұған мемлекеттік органдардың
саяси шешімдерді жоспарлау жəне қабылдау сатысында қоғамдық кеңестерге ақыл салуы,
қоғамдық кеңес ұғымын заңды түрде бекіту, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес
ұйымдардың қоғамдық кеңестерді тағайындау рəсіміне бастамашы болу мүмкіндігі жəне т.б.
жатқызуға болады [5].
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізінде осыдан екі жыл бұрын əрбір қалалық
жəне ауылдық округ əкімдіктерінде өз алдына дербес шот ашылғаны белгілі. Аталған жүйе
бойынша ауылдық округ əкімдерінің жұмыс жүргізбегенінің айғағы. Мемлекетіміз де түрлі
айыппұлдар мен салықтардан жиналған қаржыға мектептер мен балабақшалар салып, ондағы
қызметшілерге де айлық есебінде ақша төлейді. Сол секілді əкімдер өз округтерінде
кəсіпкерліктерден жəне айыппұлдар мен ерікті аударымдардан түскен қаржыны əлеуметтік
мəселелерді шешу мақсатында пайдалана алады. Бұл қарапайым мысал. Қазір таңда
219
жергілікті əкімдерге төрт айыппұл түрі беріліп отыр. Атап айтсақ, жасыл-желектерді
орынсыз отау, заңсыз сауда орын алған жағдайда айыппұл салу құқығы, ит пен мысықтарды
белгіленбеген жерде серуендету жəне ауылдық округтің абаттануына кедергі келтіретін
кемшіліктер анықталған жағдайда айыппұл салу құқығы [7].
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасына сəйкес, жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің дербес шотын қалыптастыру 2018 жылы жүргізілетін болады. Осыған орай əрбір
қала, ауылдық округ əкімдері тас-түйін дайын болуы қажет. Бұл дегеніміз аталған жүйе
негізіндегі заң нормаларын жіті зерттеп соның тетіктерін игеру деген сөз. Сондай-ақ,
əкімшілік құқық бұзушылық баптарына сəйкес олқылықтар орын алған жағдайда айыппұл
салудан тартынбаңыздар. Үлкен кісі немесе туысқан, ағайын дейтін түсініктерден арылған
абзал. Өйткені, өз мүддеңізден мемлекет мүддесі жоғары екендігін ескеріңіздер
Жалпы алғанда, əлеуметтік жаңғыру – Қазақстанның барлық жауапты күштері –
мемлекеттік органдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер шығармашылық жəне кəсіптік
одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, еліміздің барлық патриоттарының ортақ мəселесі.
Алға қойған мақсаттарға жетуде республикадағы жергілікті өзін өзі басқарудың орталық
буыны болып табылатын жергілікті өкілетті орган ретінде мəслихаттарға да маңызды рөл
бөлінген.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту – экономикалық өркендеудің, əлеуметтік
əл-ауқаттың жəне азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі. Алайда,
əлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірнеше кезеңде қалыптасқаны
жəне бұл үдеріс тарихи ұзақтығымен сипатталатыны белгілі. Ал, Қазақстанда жергілікті өзін-
өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму процесі салыстырмалы түрде жақында ғана
басталды. Заңнама базасын, қолдану практикасын қайта қарауда, басқару жүйесін түзетуде
жəне халықтың таным-түсінігін өзгертуде ауқымды жұмыс күтіп тұрғаны айқын.
Əдебиеттер:
1.
Сəдірқызы Г. «Жергілікті өзін-өзі басқару...» //Егемен Қазақстан – 2011. - 21 қараша –
8 бет
2.
Дəулетбаева Б. Жергілікті өзін-өзі басқару //Дала мен қала – 2006. – 2 шілде – 6 бет
3.
Нүкенов А. Жергілікті басқаруды жетілдіру мəселелері //Саясат – 2011- №20 – 19 бет
4.
Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет// Егемен
Қазақстан – 2015 - 5 мамыр – 3 бет
5.
Дулатбеков Н. Күрделі кезеңнің сынақтарынан сеніммен өту жолында //Ұлт –
тəуелсіз интернет басылым – Кіру тəртібі: http://ult.kz/?p=4117
6.
Манасбек Ə. Өзін-өзі басқару: өзекті мəселелер //Еңбекші қазақ ауданы Əкімдігінің
ресми сайты-кіру тəртібі:
7.
Қазақстан Республикасының Парламенті - Кіру тəртібі: http://www.parlam.kz/kk
ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ В УПРАВЛЕНИИ ПЕРСОНАЛОМ НА
ПРЕДПРИЯТИИ
Тұрмаханбетова Ш.Ш., Кулиманов А.А.
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева,
г. Астана, Республика Казахстан
E-mail: askhat_85_85@mail.ru
В связи с выстраиванием в последние годы в Казахстане новой системы управления
особое значение стало придаваться вопросам совершенствования на предприятиях
различных форм собственности работы с таким главным источником конкурентных
преимуществ, как персонал. До недавнего времени в казахстанских компаниях преобладала
Западная (американская) модель управления, но перенесенная на отечественную почву, без