Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет3/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

қатынастарды  ғана  емес,  шаруашылық  жүргізу  субъектілері  мен 
биліктің  экономикалық  қарым-қатынасының  да  қайта  өзгеруіне 
бағыт  берген  экономикалық  қатынастар  пайда  болды.  Нарықтық 
қатынастар қойнауында аралас экономика пісіп жетілді.
Аралас  экономика  бір  мезгілде  біріккен  кәсіпорындардың  бо- 
луымен  жэне  маңызды  экономикалық  үдерістерді  мемлекеттің 
реттеуімен  жеке  кәсіпкерлікке  негізделген  қазіргі  заманғы  эконо- 
микалық  жүйе  болып  табылады.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  ара­
лас  экономика  қоғамдық  өндірісті  жеке  фирмалардың  көптеген 
өндірушілердің  біріккен  еңбегімен  іске  асыратын,  ал  мемлекеттік 
кәсіпорындар  мен  үжымдық  меншік  иелерінің  кэсіпорындары 
нарық  заңы  бойынша  қызмет  ететін  экономика  болып  табыла­
ды.  Мемлекет  әртүрлі  механизмдер  мен  тетіктер  арқылы  меншік 
иелерінің іс-эрекетіне ықпал етеді жэне олардың қызметін мақсатты 
түрде өзгертіп отырады.
Экономикалық  қарым-қатынастарды  реттеу  қажеттілігі  ірі  кә- 
сіпорындардың  ішінде  ғана  емес,  мемлекет  шегіндегі  экономика- 
лық  қатынастарда  да,  ал  одан  кейін  мемлекеттер  арасында  да 
пісіп  жетілді.  Тек  күш  құрылымдарымен  ғана  емес,  экономикалық 
тәсілдермен  жэне  саяси  шаралармен де  экономиканы  қорғау  қажет 
болды.  Протекционизм  еркін  саудаға  ауысты,  ал  соңғысы  олар- 
дың  түрліше  үйлесуімен  алмасты.  Мемлекетке  тағы  бір  қызмет  -  
экономикалық қарым-қатынасты реттеу жүктелді.
Ғылыми  және  оқу  әдебиеттерінде  «шаруашылық  өміріне 
араласу  жолымен  басқару  құрылымдарының  үлттық  шаруашы- 
лыққа  макроэкономикалық  ықпал  етуі»  ретінде  экономиканы  мем- 
лекеттік  реттеудің  заңға  сэйкестігі  туралы  пікірталастар  жүріп 
жатыр.
Н.  Мамыров  пен  Ж.  Ихданов  өздерінің  кітаптарында:  «Мем- 
лекеттік  реттеу  олардың  рационалды  теңестірілуін  жэне  макро- 
экономикалық  тұрақтылықты  ұстап  тұру  мақсатында  мемлекеттің 
әлеуметтік-экономикалық үдерістерге  әкімшілік-экономикалық жэ­
не  ұйымдық-қүқықтық  тұрғыда  араласуының  негізгі  формасы  бо­
лып табылады» деген анықтама береді.
Ресейлік  экономист  В.  П.  Орешин:  «Экономиканы  мемлекеттік 
реттеу,  қүқылы  мемлекеттік  мекемелер  мен  қоғамдық  үйымдар 
экономиканы  түрақтандыру  жэне  дамыту  мақсатында  және  қазіргі 
бар әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгеріс үстіндегі жағдайларға
8


бейімдеу  мақсатында  жүзеге  асыратын  заң  шығарушылық,  орын- 
даушылық  және  бақылаушылық  сипаттағы  мемлекеттік  шаралар 
жүйесі, бұрындары біртұтас организм болмаған бір дербес жүйенің 
басқа бір дербес жүйенің ісіне араласауы болып табылады» деп жа- 
зады.
«Экономиканы  мемлекеттік  реттеу»  курсы  жөніндегі  лекция- 
лар конспектісінде М.  В.  Иванова:  «Экономиканы мемлекеттік рет­
теу  дегеніміз  -  мемлекеттің  экономикалық  дамуының  микро  жэне 
макроэкономикалық үдерістеріне тұрақтылықты үстап тұру немесе 
қоғамға қажетті  бағытта өзгерту мақсатында ықпал  етуі» деп жаза- 
ды.  Конспект  мэтінінде  ол  олардың  мазмұнын  ажыратпай  «ықпал 
ету» жэне «араласу» сөздерін алма кезек пайдаланады.
Барлық авторлар «экономиканы мемлекеттік реттеу» ұғымының 
сыртқы формасына үлкен көңіл бөледі, бірақ шын мэнін олар байқай 
алмайды  жэне  өкінішке  орай  түсінбейді  де.  Мемлекеттік  реттеу  -  
өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар даму тарихының бүкіл 
дамуы  бойында пайда болған  және  қалыптасқан  экономикалық ка- 
тергория. Сондықтан сыртқы түріне көңіл бөліп, мемлекеттің осын- 
дай қызметі бар деп айқындап ғана қоймай,  оны ажыратып шығару 
керек.
Мемлекеттік  реттеу  -   мемлекет  қайраткерлерінің  экономика­
ны  тізгіндеу  ниетінен  емес,  ол  қоғамның  экономикалық  даму  заң- 
дылықтарынан  пайда  болған  обьективті  құбылыс.  Осыған  орай 
мемлекеттік  экономикалық  үдерістер  қатынасына  эртүрлі  көзқа- 
растар пайда болып, біреулер мемлекеттің рөлін ішінара мойындаса 
(меркантелизм, монетаризм, неолиберализм), басқалары оны толық 
жоққа  шығарды  (физиократтар,  классикалық  жэне  неоклассика- 
льщ  мектептер),  үшіншілері  экономиканы  мемлекет  тарыпынан 
реттеудің қажеттілігін көрсетті.
Мемлекеттік  реттеу  дегенді  әкімшілік  араласу  деп  түсіндіретін 
басқа  анықтамалар  да  бар.  Осы  «араласу»  сөзі  жоғарыда  келті- 
рілген  анықтаманың  құқыққа  сәйкестігіне  күмэн  тудырады.  Ара­
ласу  сөзі  қандай  да  бір  үдерістің  барысына  ықпал  етуді  ғана  атап 
көрсетеді.  Бір  қарағанда,  мемлекеттік  реттеуді  осылайша  түсіну 
қарастырылып отырған категорияның мағынасын, мэнін дэл беретін 
белгілі бір мэнге де ие.
Ауызекі  тілде  араласу  сөзі,  біреудің  еркінен  тыс,  оның  бір 
нәрсесіне немесе қандай да бір ісіне қатысуға, мысалы, қарулы ша-
9


буылға немесе қарама-қайшы жақтың біріне жақтасуға мәжбірлеуді 
немесе  хирургиялық  операцияны  жүргізуді  жэне  т.б.  білдіретін 
мағынға  ие.  Ықпал  ету  сөзінің  мағыналық  мэні  -   бір  нәрсеге  қол 
жеткізуге  бағытталған  әрекет,  яғни  бір  нәрсеге  эсер  етуші  эрекет. 
Бірінші  сөзде  (араласу)  эрекет мәжбүрлеуге,  ал  екіншісінде  (ықпал 
ету)  эрекет қайта өзгертуге жэне құбылыстың қажетті  немесе тепе- 
тең  күйін  ұстап  тұруға  бағытталған.  Бірінші  жағдайда,  араласу 
үдерісінің барысында шаруашылық жүргізу субъектілерін мемлекет 
қандай да бір әрекеттерге мэжбүрлейді, осылайша қажетті нәтижеге 
қол жеткізіледі.  Екінші жағдайда,  көмек көрсете отырып,  мемлекет 
шаруашылық  жүргізу  субъектілерінің  эрекетін  қоғамдық  өндіріске 
қажетті  тауарлар  шығару  мен  қызмет  көрсетуді  қалыптастырып 
дамытуға бағыттайды.
Реттеу  сөзі  эртүрлі  басқару  институттарының  өзара  әрекетте- 
суі  мен  жұмысқа  қажетті  шаруашылық  мәселелерін  орындау  үшін 
экономикалық  үдеріс  дамуының  белгілі  бір  бағытқа  бағынуын 
білдіреді.  Егер араласу мемлекеттік эрекет актісі болса, реттеу мем­
лекет  билік  органы  ретінде  қолға  ала  отырып,  экономикалық  жэ­
не  әлеуметтік  заңдылықтар  туындатқан  шаруашылық  үдерістерін 
демеу  болады.  Осы  орайда  реттеу  араласуға  қарағанда  едэуір  кең 
түсінік.  Реттеу араласу арқылы іске асады.
Мемлекет бизнес орталарымен өзінің қарым-қатынысын келісіп 
ғана  қоймайды,  сонымен  қатар  түрліше  қолдау  шаралары  арқылы 
олардың  қызметіне  бағыт  беріп  отырады.  Келісу  реттеудің  мән- 
мағыналық  жағы.  Келісу  реттеу  арқылы  іске  асырылады.  Мемле­
кет  шаруашылық  жүргізуші  агенттерімен  өзінің  қарым-қатынасын 
келісу  арқылы  реттеп,  экономикалық  қатынастарға,  ал  одан  кейін 
олардың арасындағы қатынастарға біртіндеп  енеді.
Реттеу  түріндегі  келісу  шынайы  мағынасында  өзінің  мэнді 
түрінде көрініс бере алмайды. Еегель бойынша, мэн белгілі бір фор- 
маларда  көрініс  береді.  Экономикалық  болмыстың  үстірт  беткейін 
реттеу  экономикалық  үдерістерге  араласу  немесе  өзара  әрекеттесу 
формасында көрініс береді.  Құбылыстың дамуымен аталған форма- 
лар  мэнді  айқындайтын  кез  келген  формалар  секілді  келесілеріне 
өтеді  жэне  басқа да  барлық  формалар  сияқты  олар  да  мэннің  пісіп 
жетілуіне қарай  пайда болатын тарихи  формалар болып табылады.
Мемлекеттік  реттеудің  пайда  болуының  бастапқы  сатыла- 
рында  билік  органдары  шаруашылық  үдерісіне  ақшалай  қаражат
10


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау