114
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамыту міндеттерін шешуге
байланысты білім сапасын әлемдік тәжірибелерге сәйкес жоғары деңгейге
көтеру – заман талабы. Өйткені қазіргі қоғамдық сұраныстар еңбек нарығының
қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары кәсіби ұтқырлықты, ғылыми-
техникалық және заманауи ақпараттарға өз бетімен бағыттала алатын мамандар
даярлауды қажет етіп отыр. Осыған орай жоғары оқу орындарының алдына
кәсіби маман ретінде өз
бетімен білім алуға қабілетті,
алған білімдерін оқу және
өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту
мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ететін тұлғаны дайындау мәселелелері жан-
жақты қарастырылып отыр.
Зерттеу
барысында
қол
жеткізген
нәтижелер
төмендегідей
қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың теориялық-әдіснамалық негізі анықталды.
2. Анықталған әдіснамалық негізге сәйкес жаратылыстану пәндерін оқытуда
виртуалды зертханалық жұмыстардың маңызына сипаттама берілді.
Жаратылыстану пәндерін оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстар білім
алушылардың биологиялық дайындық деңгейін арттырады және алған
білімдерін болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қолдана алу біліктерін
қалыптастырады. Сонымен қатар биологияны оқытуда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құрудың: мотивациялық, когнитивтік және операциялық-әрекеттік
өлшемдері айқындалды. Виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың
өлшемдері биология мамандығы бойынша білім алушылардың білім сапасы
деңгейін анықтауға бағытталған.
3. «Омыртқасыздар зоологиясы» элективті курсының мазмұнына қосымша
арнайы дәрістер қосылды және «Кеміргіштердің саркоспоридиялары»
тақырыбында виртуалды зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығы
жасалды. Тәжірибелік эксперимент негізінде, болашақ биолог мұғалімдердің
виртуалдық зертханалық жұмыстарды құру және пайдалану әдістемесі
ұсынылып, оқу үдерісіне ендірілді.
4. Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру және қолдану әдістемесі дайындалып, педагогикалық
эксперимент арқылы дәлелденді.
Сонымен қатар, жүргізілген диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысының
нәтижелері болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолдану әдістемесін дайындауда:
- биологиядан біртұтас ақпараттық-білім
беру кеңістігін құру;
- оқу үдерісінде виртуалды зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін
материалдық-техникалық базаны жақсарту деген сипаттағы бірқатар ұсыныстар
жасауға мүмкіндік берді.
Зерттеуiмiздiң ғылыми болжамы тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыс
барысында дәлелдендi және жүргiзiлген зерттеу жұмысының мақсаты мен