Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы
шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа
мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға
жәрдемдесуді қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір
отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы
мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай
бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы
төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі
:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде
төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде
төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне
тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде
отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол
беріледі.
Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге
ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді
сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге
асырылады.
Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:
1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға
қатысушыда қалады;
2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын
Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес
Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл
мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК
мөлшерінде субсидия беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында
үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі
бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі,
жұмыскерге қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын
өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай
немесе ішінара өтеуі бойынша міндеттемесі көзделеді.
Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің
қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту
орталығы бақылайды.
Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде, Бағдарламаға қатысушыға көшуге және
тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.
Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы
келетін адамдардың Бағдарламаға қатысу, мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру,
қаржыландыру және оны алу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
Шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық
ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының
азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын
жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі
мен шарттары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы
консультациялар береді.
Шығу өңірінде тұратын үміткерлер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті
қоныс аударуы қағидаларына сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту
орталығына өтініш береді және құжаттарды қоса береді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде
Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын,
білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы
қабылдау өңірлерінің жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына
үміткерлердің жиынтық тізімін жолдайды.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органы өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және
қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не
бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органы шешім шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия
шешімінің көшірмесін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5
жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді
Достарыңызбен бөлісу: |