Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 300,36 Kb.
Pdf просмотр
бет21/27
Дата25.01.2020
өлшемі300,36 Kb.
#27288
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

      ЖАО, жұмыс беруші және Бағдарламаға қатысушы арасында 20 жыл мерзімге 
тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.
      Әлеуметтік келісімшарт талаптары сақталған жағдайда,5 жыл тұру мерзімі 
аяқталған соң Бағдарламаға қатысушының мына талаптарды сақтау шартымен тұрғын 
үйді жекешелендіруге құқығы бар:
      1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы
төлеммен енгізу;
      2) қалған соманы келесі 15 жыл ішінде тең үлестермен енгізу(бұл ретте тұрғын 
үйдің құны бюджетке толық өтелгенге дейін олқатысушының меншігіне әділет 
органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі).
      Бағдарламаға қатысушылардың нақты тұрған кезеңінде төленген жалға алу 
төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.
      Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) және бөлу 
бойынша іс-шараларды қаржыландыру тетігі, тұрғын үй беру, оған қоныстану және 
оны пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 
бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс 
аудару қағидаларында айқындалады.
      5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
      Бағдарламаның бұл бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу 
үшін "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын құруды көздейді.
      "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында:


      1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып 
табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған 
"Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;
      2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру 
жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорындағы;
      3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет-порталындағы (бұдан әрі – 
портал) деректер қамтылған.
      "Еңбек нарығы" ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг 
жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық 
жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау 
мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға 
арналған.
      "Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады 
және ол жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен 
қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға 
жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты 
қамтиды.
      Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында "Еңбек 
нарығы" ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, 
СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімі 
мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
      "Еңбек нарығы" ААЖ-ны қалыптастыруды өңірлік деңгейде халықты жұмыспен 
қамту мәселелері жөніндегі ЖАО және халықты жұмыспен қамту орталықтары 
қамтамасыз етеді.


      "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос 
лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер порталда еркін қолжетімділікте 
орналастырылады.
      Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты 
жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет 
көрсетуге арналған.
      Портал жұмыс іздеушілер мен бос орындар (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, 
оған қоса "Еңбек нарығы" ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы 
орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және жұмыс іздеушілер мен 
жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.
      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі 
жекеше онлайн-алаңдар дерекқорларын жұмысқа орналастырудағы делдалдық 
бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ порталға еркін қолжетімділікте 
орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.
      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі 
жекеше онлайн-алаңдар өздерінің қалауы бойынша порталға жұмыс іздеушілер және 
бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты еркін қолжетімділікте 
орналастыра алады.
      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары 
порталда "жеке кабинет" арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында 
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.
      Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне 
қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен 
қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша 
міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек 
ресурстары болуға тиіс.


      Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
      Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін 
ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, 
шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін 
қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше 
агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі 
уәкілетті орган бекітеді.
      Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және 
жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не 
жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.
      Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше 
агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты 
жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен 
қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында 
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру 
қағидаларына сәйкес айқындалады.
      Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ қоса алғанда, еңбек 
нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – "Еңбек биржасын" және порталды 
республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының 
түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық
базасына енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп 
қамтамасыз етеді.
      Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және 
сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен 
жүзеге асырылады.


жүктеу 300,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау