8
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
Кітапхана ісі «Кітапхана және өлкетану», «Экология жизнь», «Жана-
шыр», «Открытая библиотека», «Библиотека – новые технологии», «Биб-
лиотека – центр культуры и досуга», «Шаңырақ» бағдарламаларына
бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуына кітапхананың әр бөлімі өз
үлестерін қосады. Кітапхананың шығармашылық бастауы «Қазақ тілі»
қоғамы, экология және биоресурс басқармасы, ұлттық-мәдени орталықтар,
Қ. Сәтбаев атындағы республикалық қордын филиалы, салауатты өмір
сүру Орталығы және басқа да әр түрлі ресми жөне қоғамдық ұйымдардың
серіктестерінің қолдауына ие.
БАҚ-ның қызметкерлерімен, И. Байзақов, П. Васильев атындағы
әде би-бірлестік өкілдерімен кітапхана көп жылдар бойы достық қарым-
қатынаста.
Кітапхана – Павлодар өмірінің мәдени орталығы. Қала тұрғындарын
ретроспективті және жаңа түсімдерге жасалған кітап көрмелері, «My
Englich», «Наш очаг», «Фиалочка», «Өлкетану», «СӨС» клубтарындағы
қарым-қатынас, «Визит» музыкалық қонақжайындағы танымдық кештер,
тіл мен әдебиет мәселелерін көтеретін «Тіл өнері» халық университетінде
өтетін пікір-сайыс пен лекциялар қызықтырады. Бейнелеу мен қолданбалы
өнер туындыларының тұсау кесері өтетін «Аinа» галереясынан керемет әсер
алады. «Әділет» әлеуметтік-құқықтық ақпарат орталығы құқықтық дерек-
тер қорына енуді ұйымдастырады.
1998 жылы кітапхана Қазақстан Кітапханалар қауымдастығына,
2002 жылы Қазақстан кітапханалар Ақпараттық Консорциумға мүше бол-
ды. 2003 жылы Қазақстан кітапханалар астанасы байқау қорытындысы бой-
ынша Павлодарда облыстық кітапханалар негізінде «Жаңа ақпараттық
қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілік ауыл кітапханасы» атты республикалық
конференциясы өтті. Алғашқы рет Қазақстанда үлгілік ауылдық кітапхана
(Шарбақты ауданы, Орловка ауылы) тұсау кесер рәсімі өтті.
2000-шы жылдары облыстық кітапхана кітапханаларды ақпарат-
тандыру саласындағы аймақтық саясатты құруға, аймақтық мақсатты
бағдарламаларды даярлауға белсенді қатысады.
2004 жылы республикада алғашқы рет С. Торайғыров атындағы
облыстық кітапхана әзірлеген, 2004-2006 жылдарға арналған «Ауыл кітап-
ханасы» облыстық бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мақсаты – ауыл
тұрғындарын ақпаратпен, біліммен, мәдени құндылықтармен қамтамасыз
ету, ауылдық кітапханаларды ақпаратты, білім, мәдени орталық ретінде
дамыту. Жүзеге асыру жылдары 57 ауылдық кітапхана ашылды. Барлық
орталық аудандық, қалалық және үлгілік ауылдық кітапханалар компью-
терленген. Олар Интернетке шығады, өзіндік деректер қорын құрады,
10
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
мандары мемлекеттік басқару органдарынан ақпараттық қызметтік алуға,
заң
мәтінімен, нормативті-құқық актілерімен танысуға мүмкіндік алды.
Облыстық кітапхананың жаңғыру процестерін Павлодар облысы әкімі
Б.Ә. Сағынтаев қолдады. Облыс әкімі кітапхананың базасында аймақтың
ақпараттық ресурстық орталығын құру міндетін қойды.
2007-2010 жж. «Павлодар облысының кітапхана саласын үлгіленді-
ру» облыстық бағдарламасы жүзеге асты, оның қорытындысы. 59 үлгілік
ауылдық кітапхана, 286 ПК. 2008 ж. қаңтар айында ОБӘҒК сайтының
екінші деңгейдегі доменмен жаңа түрі жіберілді –
www.pavlodarlibrary.kz.
2010-2011 жылдары облыс кітапханаларының өмірінде елеулі орын
алған бірнеше маңызды оқиғалар болды. 2010 жылы «Павлодар облысының
кітапханалары: дамудың инновациялық моделі» облыстық семинары
ҚР ҰАК қатысуымен өтті, онда кітапханалар қызметінің қорытындысы жа-
салып 2011 жылғы басты бағыты айқындалды.
2011 жылы Жол картасымен Ак. Сәтбаев көшесі, 104 үй бойынша
кітапхана
фасады жөнделді,
ғимараты жаңартылды,
2011 жылы Қарағанды облысының кітапханашылары біздің ауыл-
дық үлгілік кітапханаларының озық тәжірибелерімен танысу мақсатында
қарағандылық делегация облысымыздың
Павлодар, Ақтоғай аудандары-
ның, Екібастұз, Ақсу айылдық аймақтарының кітап ханаларының, об-
лыстық кітапхананың қазіргі деңгейге сәйкес кітапхана лар қызметімен
танысты.
ҚР Тәуелсізідігіне 20 жыл тойын мерекелеу аясында Астана қ. ҚР ҰАК
«Павлодар облысының кітапханалары: дамудың инновациялық моделі»
атты Павлодар облысы кітапханаларының Күні өтті, оған ҚР мәдениет
Министрлігі, республиканың облыстық кітапханаларының жетекші ма-
мандары, сонымен қатар Астананың барлық жүйедегі және ведомстволық
кітапханалар қызметкерлері қатысты. Республикалық кітапханалық қоғамы
бірегей облыстық кітапхана жобасы – Павлодар Ертіс өңірінің электронды
әдеби картасының тұсау кесерін жасады, онда Павлодар өңірінің жазушы-
лар мен ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат
берілген. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында шығарылған «Жүсіпбек Ай-
мауытов» библиографиялық көрсеткішінің тұсау кесері, «Павлодар облы-
сы кітапханаларының ақпараттық кеңістігі» атты тренинг өткізілді.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жұмысында жеткен
нәтижелері алға жылжуға, жаңа міндеттер мен перспективалар қоюға
мүмкіндік береді.