Энциклопедия indd



жүктеу 2,93 Mb.
Pdf просмотр
бет5/116
Дата24.01.2020
өлшемі2,93 Mb.
#27241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116

13
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
үшін жүргізіледі. Кітапхананың кі - 
тап қорын толықтыру бөлімі құрады.
Айзенберг  Израиль  Ионович –  
1956-1957 жж. облыстық кітапхана-
ның директоры болған.
«Айна»  көркемсурет  галереясы –  
Жас  суретшілерді,  фотосурет ші - 
лерді  қолдау  және  оқырман дар- 
 ды рухани  мәдениетке  тарту  мақ-
сатында  1999  жылы  «Кітап - 
хана  –  мәдени  және  демалыс 
өткізу  орталығы»  жобасы  аясында 
құрылды.  Галереяда  Е.  Фридлин,  
А.  Ерашов,  В.  Шишкин,  Ж.  Аман - 
таева, З. Асылғазина, Е. Завси га ло-
ваның  алғашқы  дербес  көрмелері 
өтті, ал павлодарлықтар Е. Ниязов, 
Б.  Краснянский,  А.  Шар,  Г.  Сер-
геев,  В.  Высоцкий  сияқты  және 
т.б.  павлодарлық  фотографтардың 
шығармашылықтарымен танысты.
Айналымдылық  –  Қараңыз  «Қор-
дың айналымы».
«Айтолқын» –  Қыздарға  арналған 
клуб  2007  ж.  абонемент  бөлімі 
ұйымдастырды.  Клубтың  мақсаты: 
әйелдерді  оқуға  белсенді  тарту, 
семинарлар,  тренингтер  өткізу, 
дәрігерлермен және психологтермен 
кездесулер.  Клубта  2-ші  қалалық 
емхананың,  5-ші  поликлиниканың, 
СӨС қалыптастыру Орталығының, 
қауіптер  медицинасы  Орталы ғы-
ның,  дағда рыс  Орталығының  ма-
мандары  сөз  сөйледі.  Клуб  отыры-
стары әр түрлі тақырыптарға арнал-
ды, олар: «Қазіргі таңдаға әйел: өзін 
іздеу», «Сұлулық және денсаулық», 
«Жақсы  терінің  құпиясы»,  «Бірге 
болу өнері» т.б.
Айырбастау –  резервтік  қор – 
Кітапханалар  арсындағы  кітап 
алма суын  іске  асырады,  ескірген 
және  жоғалған  баслымдардың  ор-
нын  толықтырады,  қайталанатын 
және  саладан  тыс  әдебиеттерді 
тегін  беруді  ұйымдастырып,  қайта 
ашылған  кітапханалардың  алғашқы 
қорын  ұйымдастыруға  көмек  жа-
сайды.  АРҚ  толықтырудың  қайнар 
көзі  болып,  облыстық  кітапхана 
қорында,  Павлодар  аймақтары  кі-
тап ханаларында  қайта  таңдауды 
жасау  процесінде  табылған  құжат-
тар болып саналады.
Академик  Сәтбаев  көшесі –  Пав-
лодардағы ең көне көше. 1927 жыл-
дан  2002  ж.  дейін  Дзержинский 
көшесі  деп  аталды.  Қаланың  ескі 
бөлігінің  бас  жол  магистралінің 
бірі.  Әлемге  әйгілі,  Қаз.  ССР  ҒА 
ал ғашқы  Президенті,  Павло-
дар  облысының  тумасы  Қаныш 
Имантайұлы  Сәтбаев  (1899-1964) 
құрметіне  аталған.  Көше  бойын-
да  ҚР  Ұлттық  банкі,  облыстық 
әкімшілік және мәслихат, С. Торай - 
ғыров  атындағы  облыстық  кітап-
хана,  «Эврика»  кітап  дүкені, 
«Қазақ стан»  қонақ  үйі,  «Нұртау» 
қонақжай кешені, Орталық әмбебап 
дүкені,  АҚ  «Экспресс»,  «Ценр-
кредит»  банкі,  «Жас  ұрпақ»  жа-
стар  үйі  және  т.б.  орналасқан 
(Э.Д.  Соколкиннің  «Біздің  қала 
көшелері» кітабынан).


14
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
АКАЖ   –  1992  жылы  ҚР  Ұлттық 
кітапхана халықаралық МАRС стан-
дартына және жазуды құру ержесіне 
сәйкес Автоматтандырылған кітап-
ха налық-ақпараттық  жүйесін  дай-
ындады  (АКАЖ  –  бірінші  кезеңі). 
Бұл  бағдарлама  тек  қана  библи-
ографиялық  ДБ  құру  процесін 
қамтыды.  1994  жылдан  облыстық 
кітапхана бұл бағдарлама бойынша 
ЭК құруға кірісті.
Акция – Қандай да болса мақсатқа 
жету  үшін  жасалатын  іс-әрекет. 
Кітапханалық  салада  оқуды  на-
сихаттау  және  қолдау  мақсатында 
әр  түрлі  акциялар  пайдалынады. 
Қазақстанда кітапты пайдаланудың 
және  қолдаудың  әйгілі  құралының 
бірі  «Бір  ел  –  бір  кітап»  акциясы 
(Қараңыз «Бір ел – бір кітап» акци-
ясы).
Ақпарат  Күні   –  Оқырмандарға 
ақпарат  берудің  белсенді  формасы. 
Ақпараттық және библиографиялық 
жұмыс  жүйесінің  кешенді  шара-
сы,  кітапханаға  түскен  жаңа  әде-
биеттер  туралы  ақпарат  береді, 
кітап көрмелері ұйымдастырылады, 
ақпараттық  библиографиялық  шо-
лулар  жасалады.  Қаты сушы ларға 
кітаптар,  мерзімді  басылымдар, 
электронды  басылымдар  бойынша 
шолулар  дайындалады.  Ғаламтор 
ресурстар,  виртуалды  көрмелер 
және  сәйкес  тақырып  бойынша 
сайт қа экскурсиялар ұсынылады. 
Ақпараттық  ресурстар   –  Нақты 
ақпаратты  алу  үшін  ұйымдасты-
рылған  мәліметтер  жиынтығы. 
Облыстық  кітапхананың  ақпарат-
тық  ресурстары  кітаптар,  мерзімді 
басылымдар,  электронды  ресур-
стар  ретінде  оқшауланған  және 
қашықтықтан  қол  жетімді  болып 
ұсынылған.
Ақпараттық сағат – Көпшілік ша-
раның түрі. Мақсаты – жаңа түсімге 
немесе белгілі бір тақырып бойын-
ша қысқаша ақпарат беру.
Ақпараттық  тізім –  Кітапхана  қо - 
рына  жаңа  түсім  туралы  хабар-
лау  мақсатымен  жарыққа  шығады. 
Жаңа  түсімдер  туралы  ақпарат 
барлық  ғылым  салалары  бойын ша, 
тақырыптық  бағыттарда  бері леді. 
Мысалы,  ұйымдасты ру шылары 
өзектілігімен  оқырмандар  қызы-
ғушылығының  артуына  сай  келесі 
тізімдер  даярланды:  «Халықты 
әлеуметтік  қорғау»,  «Балалар  құ-
қығын  қорғау»,  «Әлеуметтік  серік-
тестік» және т.б.
Ақпараттық-библиографиялық 
аппарат  (АБА) –  Облыстық  кітап - 
хананың  оқырмандарына  қажет 
ақпараттарды  алуға  көмек  көрсе-
тетін  дәстүрлі  және  электронды 
анықтамалық-библиографиялық 
басылымдар,  кітапханалық  ката-
логтар мен картотекалар жүйесі. 
Ақпараттық-библиографиялық 
бөлім   –  Облыстық  кітапхананың 
құрылымдық  бөлімі.  ХХ  ғасыр-
дың  50-жылдары  құрылған.  Кітап-
хапна  оқырмандарына  анық тама- 
библиографиялық  және  ақпарат-


жүктеу 2,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау