129
мұнда пәнді мазмұнға қарай модульге бөлу, оның мақсатын нақтылау және
модульдің тексерілуі, жүйелілігі, тиімділігі, нәтиженің айқындығы, оқушының
шығармашылықпен ойлауға қалыптастындығы байқалады. Модульдік оқытуды
саралап, оның
осындай
өзіндік
ерекшеліктерін
көрсетуде
ғалым-
зерттеушілердің пікір, тұжырымдары бір арнаға тоғысады [134].
Модуль оқу материалының мазмұнын сапалы, көрнекі түрде меңгеруге
ықпалын тигізеді. Жазушы шығармаларын модульге бөліп оқытуда жалпы
дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады, мәселен, жүйелілік, әр
модуль бірін-бірі толықтырып, төмендегідей жалғасып отырады:
– әр модульде интерактивті тапсырмалар мәтінге
сай ұсынылады;
– мәтінді есте берік сақтау мақсатында теориялық материалдарға
қайталау сұрақтары, әдеби жаттығулар беріледі;
– танымдық мотивациясын белсендіру, өздік жұмыстары, реферат, тест,
эссе, шығарма т.б. жұмыстарды орындату көзделеді;
– әр модульдің мазмұн жағынан дербестігі, белгілі бір уақытқа
негізделетіні ескеріледі.
– әр модуль инновациялық, жаңа технологиямен оқытуға байланысты
үнемі толықтырылып, оларды өзгертіп отырудың оңтайлы болу жағы
қарастырылады.
Модульдің мазмұны оқу үрдісіндетөмендегідей бірнеше блогқа жіктеледі:
Модульге кіру блогы. Мұндағы мақсат оқушылардың тақырыпқа қатысты
бұрынғы білетіндерін толықтыру, еске түсіру, білім деңгейін тексеру, қайталау
сұрақтары гипермәтінге сәйкес беріледі.
Проблемалық блокта оқушыларды ойландыратын, іздендіретін құзыреттілік
түріндегі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Тереңдету блогында білім алушыларға ұсынылған ақпараттық
мәліметтер, жазба жұмыстары, әдеби-теориялық ұғымдар тереңдетіп талдауды
қажет етеді, ізденушілік бағыт басым болады.
Қорыту, бекіту блогы. Мұғалім оқушылардың әдебиеттен алған
теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуына бақылау жасайды. Мысалы,
лириканың ақын сезіміне құрылған шағын шығарма екенін дәлелдеу.
Тексеру блогы. Мұнда берілетін тапсырмалар білім, білік, дағдылардың
мақсатқа сай орындалуын, оқушылардың оқу жетістігінің нәтижелілігін
тексереді. Бұл блоктардың қайсысы болмасын әдеби туындылардың өзіндік
ерекшеліктерін ашатындай деңгейде құрылады.
Сөйтіп, 11сыныпта қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнының
модульға топтасуы білім алушылардың әдеби білімін нығайтуда, әдебиеттің
басқа өнер салаларымен сабақтастығын көрсетуде, пәндік, мазмұндық
интеграцияны нығайтуда ұтымдылық байқатады. Модульдік оқытуда
оқушылардың оқу материалын тұтас, жүйелі ұғынуына жағдай туады,
ақпараттық білімдік орта құру арқылы модульден мәтінге, тапсырмалар мен
тестерге өтуге болады. Модульге ену оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу,
оны өз іс әрекеттерінде пайдалана алу біліктіліктері мен құзыреттіліктерін
жетілдіреді. Модульдік оқытуда оқу материалы бірнеше бөлікке бөлінеді, әр
130
бөліктің өз
құрылымы, жүйесі, әдеби мәтінді игерту нысаны болады. Модульдік
оқытуда мұғалім өз міндетін нақты жоспарлайды, берілген тақырыптар
төңірегінде әртүрлі әдеби тапсырмалар орындатуды ойластырады.
Әдебиетті
оқытуда
Ш.А.Амонашвилидің
тұлғалық-ізгілендіру
технологиясын пайдалану оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуды,
оның жүрегіне жол табуды, танымдық күшін дамыту мен қалыптастыруды,
білім мен қабілетті тереңдететін және кеңейтетін жағдайлар жасауды, өзін-өзі
тәрбиелеуді мақсат етеді. Танымдық оқуды, жазбаша сөйлеу қызметін
дамытуды, лингвистикалық сезімді, қызметін жоспарлауды, шетел тілінде
сөйлеуді, рухани дүниесін байытуды, әлемнің сұлулығын танытуды көздейтін
бұл технология барлық жағдайлар арқылы ізгілендіре оқытуды негізге алады.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясы оқушының іс-әрекетін бағалауды бірінші
орынға қояды. Сандық бағалаудан гөрі сапалық бағалауға (білім алушының
істеген әрекетіне мінездеме беру, нәтижесін шығару, өзін-өзі бағалау мен
сыйлауға үйрету) айрықша мән береді. Оқушылардың оқырмандық қабілетін
қалыптастыру және оны дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстар өзін-өзі
дамытуға бағытталады, сол себепті бұл технологияны қолдануда әдебиеттің
гуманистік сипаты басшылыққа алынады. Алайда, жеке технология түрінде
емес, мұны эпикалық шығармаларды оқытудың ішкі мазмұнында оқырмандық
қабілетті тәрбиелеуді пайдаланады [135].
Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын
ой бөліс (дебат) технологиясы
оқушыны дұрыс ойлауға төселдіріп, терең мағыналы пайымдаулар жасауға
жетелейді. Оқушы ойбөліс кезінде түрлі тақырыпта сөйлеуге, пікір
таластыруға, өз ойын дәлелдеуге, басқаның пікірінің қате екенін дәлелдеуге
жаттығу арқылы шебер сөйлеуге төселеді. Карл Поппердің дебат технологиясы
оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге
зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына
құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады/бекітуші топ және даттаушы топ.
Әр топтың құрамы да шектеулі болады (3-5 оқушы). Дебат техникасы белгілі
бір уақытты мөлшерлейді. Пән бойынша сабақ немесе сыныптан тыс шара осы
уақытқа сәйкестендіріледі. Ойын топтардың бағытын анықтау үшін жеребе
тартудан басталады. Бағыттары анықталған соң әр топтың дайындығына 15
минут уақыт беріледі. Тақырып күрделі болса, мұғалім тақырыптарды алдын-
ала беріп қоюына болады. Бұл топ мүшелерінің көп материалдар жинауына,
зерттеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді. Әр топқа дауыс беру үшін
сыныптағы балаларды да екі топқа бөлуге болады. Топ мүшелерінің өз бағытын
қорғай алуын бақылау үшін бір оқушы бақылаушы болады. Әр топ басшысы
өзін және топ мүшелерін таныстырғаннан кейін әр топқа өз бағыттарын
қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтарға 3 минут беріледі.
Бұған бүкіл сынып оқушылары қатысуға болады. Бұл кезеңнің мақсаты –
оппоненттердің сөзіндегі түсініксіз жайттарды нақтылау, қарсы топты қандай
да бір сұрақтармен бағытынан жаңылдыру, кейін талдау кезінде осыны
пайдалану. Оппонент сөзінен, тілінен, пікірінен кемшілік табу. Топтарға
қосымша дайындыққа 8 минут уақыт беріледі. Ең соңында бақылаушы екі