Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет35/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61

  
147
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Диффамацияның, 
яғни жала жабудың 
классикалық анықтамасы 
– «ниеті түзу 
адамдардың алдында 
жекелеген тұлғалардың 
беделін түсіретін 
мәлімдеме» 
Англияның жала жабу туралы заңы
IWPR сияқты ағылшын тілінде жаңалықтар тарататын ұйым-
дар англиялық жала жабу туралы заңның ерекшелігін және 
одан қорғану әрекеттерін білуі тиіс.
Ағылшын заңнамасындағы диффамацияның, яғни жала жа-
будың  классикалық  анықтамасы  –  «ниеті  түзу  адамдардың 
алдында  жекелеген  тұлғалардың  беделін  түсіретін  мәлім-
деме».  Нақты  анықтамасы  жоқ,  адамдарға  қатысты  ұғым 
көшедегі орта адамды білдіреді. 
Жала  жапты  деген  айыптан  негізгі  төрт  түрлі  қорғану 
әрекеті бар:
1. 
Шындық.
 Ең айқын қорғану осы. Алайда, біздің мантраны 
есте сақтаңыз: мәселе сіздің шындық деп неге сенетініңізде 
немесе шындық ретінде нені білетініңізде емес; мәселе – 
оның шындық екенін дәлелдей алуыңызда. 
 
  Мысал: 1993 жылы New Statesman (Нью Стэйтсмэн) жур-
налында  премьер-министр  Джон  Мэйджэрдің  қызметші 
қызбен  арасындағы  қатынас  туралы  қауесет  материал 
шықты. Қауесет жала жабу деп танылды, басылым өз жа-
рияланымын  ештеңемен  дәлелдей  алмады.  Мэйджэр 
дау-дамайды  соттың  көмегінсіз  реттеді.  әлбетте,  оның 
сотқа шағымдануына толық құқығы бар еді. Тіпті, журнал-
ды жаптырып тастауына да болушы еді. 
 


  
148
  
2. 
Әділ  комментарий. 
Қорғанудың  бұл  түрі  деректі  емес, 
көзқарасты  тұжырымдауда  қолданылады.  Оқырман  үшін 
оның түсініктеме немесе көзқарас екені айқын болуы тиіс. 
Комментарийлердің  негізін  құрайтын  деректер  шынайы 
болуы тиіс. 
 
  Мысал:  80-жылдары  «Би-Би-Си»  радиосындағы  әзіл-
сықақ  бағдарламаларының  бірінде  «Ньюсоф  зе  уорлд» 
газетіндегі  «барлық  сұлу  бикештер  –  суретке  жақсы 
түсетіндер, ал барлық жаңалықтар – ойдан шығарылған» 
деген сөздер айтылды. Газеттің редакторы Дерек Джейм-
сон  «Би-Би-Сиді»  сотқа  берді.  Сот  айтылған  сөздің  тіл 
тигізетінімен  келісті,  бірақ  мұның  арзанқол,  сенсациялық 
мазмұнға негізделген газетке берілген «шынайы коммента-
рий» екенін алға тартып, «Би-Би-Сиді» жауапкершіліктен 
босатты. 
3.  
Айрықша құқықтылық (артықшылық). 
Англияның парла-
ментінде немесе соттарында жасалған шағым-мәлімдемелер 
«айрықша құқықтылықты» пайдалана алады. Дәл сол сияқты 
басқа  жағдайларда  жалған  болып  табылатын  ақпаратты 
жариялау артықшылығы да берілуі мүмкін; бұл заңнаманың 
өте күрделі саласы және ол әр жағдайда дерекке қатысты 
мәселе.  Англияда  парламенттің  мәлімдемесі  даусыз 
басымдыққа  (артықшылыққа)  ие.  Басқаша  айтқанда, 
олар  магнитофонға  жазылуы  мүмкін  және  сізге  қарсы 
іс  қозғай  алмайды.  Соттардағы  шағым-мәлімдемелер 
жартылай  артықшылыққа  ие.  Сотта  айтылған  нәрсені 
хабарлауыңызға болады, бірақ ол мәлімдеме шынайы бо-
10-тарау: Жала жабу жөнінде


  
149
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Өлген адам шағым 
жасай алмайды. Бірақ, 
өлген адамға жала 
жабу арқылы көзі тірі 
адамдарға кесіріңіз 
тиіп кетпеуін ойлаңыз 
луы керек. Кез келген жауап немесе қарсы айыптау жария-
лануы  керек.  Тіпті,  келесі  шығарылымда  болса  да.  Бұл 
мәселе жөніндегі репортаж кезек күттірмеуі тиіс. 
  Мысал:  1980  жылы  жұрттың  қуанышына  орай  полиция 
бірнеше  адам  өлтірген  «Йорк  баскесерін»  ұстады  (оның 
автокөлігі  елеусіз  себеппен,  кездейсоқ  тоқтатылды).  По-
лиция  бастығы  кімді  ұстағанын  білгеннен  кейін  баспасөз 
мәслихатын өткізіп, журналистерге: «Біз оны қолға түсірдік», 
– деп мәлімдеді. Көптеген газеттер, соның ішінде «Дарлинг-
тон ивнинг деспатч» осы сөздерді өз мақалаларының ата-
уы ретінде пайдаланды. «Баскесердің» соты дәл сол күні 
болды.  Газеттер  пресс-конференция  барысында  полиция 
учаскесінде  айтылған  сөздің  «себебі  бар  артықшылыққа» 
ие екенін негізге ала отырып, сотты сыйламау және жала 
жабуға қатысты айыптауды қабылдаған жоқ. Сот мұнымен 
келісті. Шамасы, заң бұзушылық жаппай орын алғандықтан 
болса  керек.  әйтпесе,  мұндай  жағдайда  газеттерге  жала 
үшін жауап беруге тура келер еді.  
4. 
Өлім.
    Өлген  адам  шағым  жасай  алмайды.  Бірақ,  өлген 
адамға жала жабу арқылы көзі тірі адамдарға кесіріңіз тиіп 
кетпеуін  ойлаңыз.  Өлген  адамға  жала  жабу  оған  байла-
нысы бар тұлғаларға және мекемеге де қатысты болады. 


  
150
  
Жауапкершілігі шектеулі 
компанияға қызмет 
ету «жала жапты» 
деген  шағымнан 
қорғай алмайды
Ағылшын заңнамасы бойынша жауапкершіліктен босататын 
жағдайға не нәрсенің жатпайтынын білу де маңызды. 
әдетте төмендегі түсініктемелер кәдеге жарамайды:
 

«Бірақ мен Англияда тұрмаймын ғой...»
Басқа мемлекет: Материалыңыз жарыққа шығатын кез кел-
ген елде сізді сот қудалай алады. Мысалы, Ресей бизнесмені 
Борис  Березовский  Ресейде  немесе  АҚШ-та  емес,  Лон-
донда  «жала  жапқаны  үшін»  американдық  журналға  қарсы 
шағымданды. Бұл да мүмкін жағдай, өйткені журнал бірнеше 
данасын Лондонға жібереді. 
 

«Мұны мен емес, менің баспагерім жасады...»
Шектеулі міндеттемелер немесе жеке жауапкершілік: жауап-
кершілігі шектеулі компанияда жұмыс істеу жеке тұлғаларды 
жала  жапқаны  үшін  шағымданудан  қорғай  алмайды.  Жала 
жабу  туралы  іс  бойынша  шағымдар  бір  мезгілде  газет-
ке,  репортерларға  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарын 
таратушыға (газетті жеткізетін тұлға, дүкен немесе интернет-
провайдер)  қарсы  бағытталуы  мүмкін.  Бұл  Англиядағы 
жауапкершіліктің шектеулігі туралы заңнама нормаларындағы 
ерекше жағдай. 
10-тарау: Жала жабу жөнінде


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау