Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет53/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   363

107 

 

 



Өз-өзіңе ата-аналық талап қою,  

өз отбасыңа ата-аналық құрмет көрсету, 

әрбір басқан қадамыңа ата-аналық бақылау жасау – 

бұл алғашқы әрі ең маңызды тәрбие әдісі.  



А.С.Макаренко 

Елімізде болып жатқан заманауи әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мектепке дейінгі 

білім беру жүйесін де қозғап отыр. Жаңару үдерісі мектепке дейінгі мекемедегі оқу – тәрбие 

процесін ұйымдастыруға, педагогтың жеке тұлғасына жоғары талаптар қоя отырып, мектепке 

дейінгі тәрбие практикасының міндеттерін шешуде дәстүрлі емес көзқарастарды іздестіруді 

қажет  етеді.  Олай  болса,  балаға  отбасы  мен  балабақша  ынтымақтаса  отырып  тәрбие  берсе, 

мектепке дейінгі баланы дамыту мен тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетеді.  

Отбасының баланы тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі ерекше. Ата-ана үлгісі баланың жеке 

тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.  

Ата-ана мен балабақша - болашақтың қайнар бұлағының  басындағы екі қоғам,  олардың 

өзіндік негізгі міндеттері бар, әрі олар бірі бірін алмастыра алмайды. Сондықтан ата-аналар өз 

балаларының алғашқы ұстаздары болып саналады. Олар балалық шақ кезеңінде баланың жеке 

тұлғалық дене, ақыл-ой, адамгершілік негіздерін қалауға міндетті.  

Ұлы  педагог  А.С.Макаренко  «Отбасындағы  тәрбие  сапалы  ұйымдастырылып,  бала 

дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және 

саналы  азамат  болып  өсуі  үшін  қажетті  жағдай  жасайды.  Бала  дамуының  қандай  қырын 

алмайық,  қай  кезең  болмасын,  оның  тиімділігінде  отбасының  рөлі  ерекше.  Отбасының 

әлеуметтік-мәдени жағдайы ата-аналардың білімділік деңгейімен сипатталады»,- деген. 

Мектепке дейінгі мекеме бала дамуында маңызды рөл атқарады. Балабақшада бала білім 

алып,  үлкендермен,  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасау  дағдыларына,  өзіндік  іс-әрекетін 

ұйымдастыра алуға үйренеді. Алайда бала осы дағдыларды қаншалықты тиімді меңгере алуы 

отбасының балабақшаға қарым-қатынасына байланысты.  

Олай болса, мемлекетіміз отбасылық тәрбиеге басым назар аударып, ынтымақтастықты, 

өзара іс-әрекетті және сенімділікті талап етеді. Балабақша мен отбасы баланың дамуындағы 

біртұтас кеңістікті құруға ұмтылуы керек.  

Отбасы мен балабақшаның өзара іс-әрекетінің түйінді мәселесі қазіргі кездегі ең өзекті 

мәселе  болып  отыр.  Өзгерген  заманауи  отбасы  (қаржылық  және  әлеуметтік  жіктелу,  жаңа 

әлеуметтік технологиялардың көбеюі, білім алудың көптеген мүмкіндіктері және т.б.) өзара 

іс-әрекеттің  жаңа  формаларын  іздеуге  талпындырып,  балаға  нағыз  дос  әрі  беделді  тәлімгер 

болуға  көмектесуді  қажет  етеді.  Ата-аналар  балабақша  бала  тәрбиесіндегі  тек  көмекші 

екендігін есеріне сақтауы керек, сондықтан бала үшін барлық жауапкершілікті педагогтарға 

беріп, өздері оқу-тәрбие процесінен аулақ болмауы керек.  

Ата-аналар-әр кезде көмек қолын ұсынушы ең жақын адамдар, ал біз педагогтар олардың 

көмегін қажет етеміз: мектеп жасына дейінгі баланың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы  ата-

аналардың  рөлі,  тәрбиедегі  үлгі  болу  мәнісі,  баланың  денсаулығын  нығайту  бойынша 

шаралар, саналы тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу, отбасы тәрбиесіндегі қиындықтар мен 

кемшіліктер және оларды жою жолдары, баланы дербес тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. 

Біздің  мекемеде  жыл  сайын  тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен  бірлескен  іс-әрекет 

жоспары  жасалынады.  Бұл  шаралар  балабақшаның  міндеттерін,  педагогтардың 

мүмкіндіктерін,  ата-аналардың  қажеттіліктерін  есепке  ала  отырып  құрылған.  Ата-анамен 

жұмыс  формасының  мақсаты  ата-аналардың  өзіндік  құзыреттілік  сезімін  көтеру,  ата-

аналардағы дағдарыс жағдайын жою, оқу-тәрбие мәселелерін талқылау арқылы ата-аналарды 

біріктіру  болып  табылады.  Ата-аналармен  жұмыстың  басым  сипаттағы  міндеттері  ата-

аналардың  педагогикалық  мәдениетін  көтеру,  отбасы  тәрбиесінің  озық  тәжірибелерін 

зерделеу және жинақтау, тиімді жұмыс формаларын іздестіру мен енгізу арқылы ата-аналарды 

балабақша өміріне тарту болып табылады. Ата-аналармен жұмыс істеу әдістері әртүрлі болса 

да,  олар  осы  міндеттерді  шешуге  бағытталған.  Мұндай  әдістерге:  бала  дамуы  мен 



108 

 

тәрбиесіндегі  өзекті  мәселені  талқылау,  ата-аналарды  қарапайым  психологиялық 



мағлұматтарға оқыту, ата-ананың балалармен ойыны жатады.  

Тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен  жақсы  қарым-қатынас  орнату  мақсатымен 

төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамын.  

Бірінші кезең - «Келіңіз,  танысайық!». Бұл кезеңде ата-аналарды балабақшамен, білім 

беру  бағдарламаларымен,  педагогикалық  ұжыммен  таныстырып,  олардың  алдына  бірлесіп 

жұмыс істеудің мүмкіндіктерін қоямыз. 

 Екінші  кезең  –  «Дос  болайық!».  Бұл  кезеңде  ата-аналарға  өзара  іс-әрекеттің  белсенді 

тәсілдерін ұсынамыз: тренигтер, «дөңгелек үстел», ойындық семинарлар. 

Үшінші кезең  –  «Келіңіз, бірге білейік!». Бұл  кезеңде бала дамуына  өзінің іс-әрекетін 

бағыттаушы ата-аналық-педагогикалық бірлестіктің жұмысы туралы әңгімелеуге болады.  

Ата-аналармен  өзара  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін  қолдану  барысында  педагогтың 

ата-анамен  тілектестік  қарым-қатынас  жасау  стиілінің  маңызы  ерекше.  Ата-анамен 

сөйлескенде  қатал  дауыспен  сөйлеу,  талап  қою  орынсыз.  Педагог  ата-анамен  күнделікті 

қарым-қатынас  жасайды,  сондықтан  отбасының  балабақшаға  қарым-қатынасы  осыған 

байланысты болады. Ата-анаға деген жеке көзқарас арқылы тәрбиеші ата-ананың көңіл-күйін 

біле  алады.  Тәлімгерлік  емес,  ынтымақтастық  арқылы  қиын  педагогикалық  жағдайларда 

отбасыны қолдау мен өзара көмек көрсету атмосферасын құруға болады. Сонымен қатар әрбір 

іс-шараға байыппен қарау керек. Бұл жұмыстың ең маңыздысы-сапа, ал нашар дайындалған 

ата-аналар  жиналысы  немесе  семинарлар  балабақшаның  келбетіне  теріс  әсер  береді. 

Балабақша  қазіргі  таңда  даму  бағытында,  ата-аналардың  әлеуметтік  құрамының  өзгеруіне, 

олардың  білім  беру  қажеттіліктеріне,  тәрбиелік  сұраныстарына  тез  әсер  етеді.  Осыған 

байланысты балабақшаның отбасымен жұмыс істеу бағыты мен формасы да өзгерілуі керек.   

Педагогикалық білімді  насихаттау көрнекілік  жүйесі  арқылы жүргізіледі.  Тобымызда 

ата-аналарға  арналған  бұрыш  бағдарламалардың  барлық  бөлімдері  бойынша  ақыл-

кеңестермен,  баланы  тәрбиелеу  мен  сауықтыру  сұрақтарымен  безендірілген.    Арнайы 

папкаларда  балабақшаның  педагог-мамандары  құрған  ата-аналарға  арналған  әдістемелік 

ұсыныстардың  жинақтары  бар.  Балалардың  денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  сұрақтары 

бойынша  балабақша  медбикесінің  санитарлық  бюллетендері  де  ата-аналардың  назарына 

беріледі.  

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың тиімді болу үшін ата-аналармен жақын танысып, 

отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау, ата-

аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында ата-аналармен cауалнама жүргіземіз. 

Олай  болса,  әрбір  тәрбиеші  ата-аналармен  қарым-қатынас  жасауда  түрлі  тәсілдері, 

заманауи  технологияларды  пайдалана  отырып,  ата-ананың  қызығуышылығын  арттыру 

мақсатында  жұмыс  істесе,  ата-ананың  балабақшаға,  тәрбиешіге  деген  көзқарасын  өзгерте 

алады.   

Қорыта  келе,  ата-аналармен  жұмыс  істеудің  алуан  түрлі  формаларын  қолдану  жақсы 

нәтиже  береді:  педагогтың  ата-аналармен  өзара  қарым-қатынас  сипаты  өзгерді,  олардың 

көпшілігі балабақшадағы барлық шараларына белсенді қатысып, тәрбиешінің таптырмайтын 

көмекшілері  болды.  Ата-аналарды  педагогикалық  іс-әрекеттерге  қатыстыру,  оқу-тәрбие 

процесіне қызықтыру тәрбиешіге қажет емес, өз балаларының дамуы үшін өте қажет екендігін 

мектепке дейінгі мекеме өз жұмысымен дәлелдеді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.   «Бала тәрбиесі» журналы,  2009ж. 

2.  Арнаутова Е. П. Основы сотрудничества педагога с семьей дошкольника. - М. , 1994, -235 

с. 

3.  Доронова Т. Н. Дошкольное учреждение и семья - единое пространство детского развития. 



- М. :ЛИНКА-ПРЕСС, 2001, - 240 с. 

4.  «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім», 2012ж. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау