519
Ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік
дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді. Баланың бойындағы қабілетті ашу
шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін
дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай: «Заңдылықтар», «Нені отырғызу
керек?», «Нені орналастырсам екен?», «Сыңарын табыңдар?», «Әзіл жұмбақтар»,
«Логикалық есептер».
«Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне
жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы
ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып
және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
«Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлануға сүйенеді» –дейді Ғ. Жолтаева.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық
алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.Оны жүйелі түрде шыңдау
тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға
болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл –ойы,
логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет
амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық
шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен
ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының
қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін
ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау
үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық
амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің
жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас
1.
Балаларға ақыл-
ой,
адамгершілік,
дене
шынықтыру
және
эстетикалық
тәрбие берудің
маңызды тетігі
ойында жатыр.
2.Сезіну, қабылдау, ойлау,
қиялдау, зейін қою, ерік
арқылы түрлі психикалық
түйсік пен сезім әлеміне
сүңгиді.
3
. Ойын
барысында
балалар өзін
еркін сезінеді,
ізденімпаздық,
тапқырлық
әрекет
байқатады.
Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің
әртүрлі құбылыстары мен
үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне
еліктеу екені белгілі. Ойынның
шартты түрдегі мақсаты бар, ал
сол мақсатқа жету жолындағы іс-
әрекеттер бала үшін қызықты.
520
балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен
басқыштап істеу керек» -деген.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып
кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың
заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың
формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың
орны ерекше.
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын,
яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа
ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі
болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен
тікелей байланысты екенін айқындайды.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой - өрісін іс –
қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы
ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден
құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар
жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу
баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады.
Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі.
Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -
әрекетін талдауға үйренеді.
Осыдан
келіп ойын
туралы
мынандай
тұжырым
жасалады:
ойын – тәрбие құралы, ақыл-
ойды, тілді ұстартады, сөздік
қорды байытады, өмірді
танытып, сезімді кеңейтеді,
тәрбиелейді.
ерік және мінез қасиеттерін
бекітеді, адамгершілік
сапаны жетілдіреді.
ұжымдық сезім
әрекеттері өсе түседі.
эстетикалық тәрбие беру
құралына айналады.
еңбек тәрбиесін беру
мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.
дене күшінің жетілуіне
көмектеседі.