СӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
СӨЖ №1
Жұмыстың мақсаты: мәліметтер қорының тұжырымдық моделін құру
үшін пәндік аймақты сипаттау қерек: пәндік аймақты сипаттау тәсілдері,
пәндік аймақты ақпараттық көрсетуді сипаттау, пайдаланушының ақпараттық
қажеттілігін сипатау.
СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Төмендегі пәндік аймақтардың біреуін таңдап алып, сипаттама беру.
2. Сипатталған пәндік аймақ бойынша мәліметтер қорының
тұжырымдық моделін жасау.
3. Аталған MS Access ортасында мәліметтер қорын құру.
1. Сақтандыру компаниясы
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз сақтандыру компаниясында жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз
компанияның қаржылық қызметін бақылау.
Компанияның Республика бойынша әртүрлі филиалдары бар. Әрбір
филиалдың атауы, мекен-жайы және телефоны бар. Компания қызметі
төмендегідей ұйымдастырылған: Сізге әртүрлі тұлғалар сақтандыру туралы
келісім-шартқа отыру үшін арыз түсіреті. Сақтандыруға алынатын нысандар
мен қауіп-қатер түріне байланысты келісім-шарт белгілі сақтандыру түріне
жасалынады (мысалы, көлікті ұрланудан сақтандыру, үй мүлкін сақтандыру,
ерікті медициналық сақтандыру). Келісім-шартқа отыру кезінде Сіз отыру
күнін, сақтандыру сомасын, сақтандыру түрін, тарифтік мөлшерлеме және
келісім-шарт жасалған филиалды тіркейсіз.
Кестелер:
Келісім-шарттар (Келісім-шарт номері, Жасау күні, Сақтандыру
сомасы, Тарифтік мөлшерлеме, Филиал коды, Сақтандыру түрінің коды).
Сақтандыру түрі (Сақтандыру түрінің коды, Атауы)
Филиал (Филиал коды, Филиал атауы, Мекен-жайы, Телефоны).
Есеп қойылымын жетілдіру:
Келісім-шартты сақтандыру агенттері жасайтынын ескеру керек.
Агентт туралы ақпаратты (Тегі, Аты, Әкесінің аты, Мекен-жайы, Телефоны),
сондай-ақ агент жұмыс істейтін филиалды сақтау керек. Сонымен қатар
мәліметтер қорынан ала отырып агенттің еңбек ақысын есептеу мүмкіндігін
қосу керек. Еңбекақы сақтандыру сомасының белгілі бір пайызын құрайды
(сақтандыру төлемі бұл тарифтік мөлшерлемеге көбейтілген сақтандыру
сомасы). Пайыз келісім-шарт жасалған сақтандыру түріне байланысты
болады.
Осы айтылғандарды ескере отырып кесте құрылымына өзгеріс енгіз
және де сұраныстарды өзгерт. Жаңа сұраныстар қос.
2. Қонақ үй
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз қонақ үйде жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз қонақ үй жұмысының
қаржылық жағын бақылау.
Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Қонақ үй
клменттерге белгілі мерзімге бөлмелер береді. Әр бөлме сыйымдылығымен,
жайлылығымен (люкс, жартылай люкс, қарапайым) және бағасымен
сипатталады. Сіздердің тұтынушыларыңыз әр түрлі тұлғалар, олар туралы
Сіз белгілі ақпарат жинайсыз (Тегі, Аты, Әкесінің аты және ескертпелер).
Жоғарыда көрсетілген параметрлер бойынша тұтынушыға жарайтын
бөлмелерде бос орындар болғанда ғана тұтынушыға бөлме беріледі. Бөлмеге
орналастырған кезде орналастыру күні тіркеледі, қонақ үйден кеткен кезде
босату күні тіркеледі.
Кестелер:
Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Паспорттық
мәліметтер, Ескертпелер).
Бөлмелер (Бөлме коды, Номері, Адам саны, Жайлылығы, Бағасы).
Орналастыру (Орналастыру коды, Тұтынушы коды, Бөлме коды,
Орналастыру күні, Босату күні, Ескертпе)
Есептің қойылымын жетілдіру:
Тұтынушыға бөлме беру туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар
бөлмелерге алдын ала тапсырыс беру туралы ақпаратты да сақтау керек.
Сондай-ақ тұрақты тұтынушыға, сол сияқ белгілі тұтынушылар
категориялары үшін жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Жеңілдіктер
біріктіріледі.
Осы айтылғандарды ескере отырып кесте құрылымына өзгеріс енгіз
және де сұраныстарды өзгерт. Жаңа сұраныстар қос.
3. Ломбард
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз ломбардта жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз ломбард жұмысының
қаржылық жағын бақылау.
Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Сізге қандай да бір
тауарды кепілдікке қойып, ақша алу мақсатында әртүрлі тұлғалар келеді.
Сізге келген әр тұтынушыдан оның тегін, атын, әкесінің атын және басқа да
паспорттық мәліметтерді тіркейсіз. Кепілдікке әкелінген тауардың құнын
бағалап болған соң, тұтынушыға бере алатын сомманы және өзіңіздің
комиссиондық төлемақыңызды есептейсіз. Сонымен қатар ақшаның
қайтарылу мерзімін анықтайсыз. Егер тұтынушы келіссе, онда сіздердің
келісімдеріңіз құжат түрінде бекітіледі, ақша тұтынушыға беріледі, ал тауар
сізде қалады. Көрсетілген мерзімде ақша қайтарылмаған жағдайда тауар
сіздің меншігіңізге өтеді.
Кестелер:
Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Паспорт
номері, Паспорт сериясы, Паспортты беру мерзімі).
Тауардың категориясы (Тауар категориясының коды, Атауы, Ескерту).
Ломбардқа өткізу (Код, Тауар категориясының коды, Тұтынушы коды,
Тауар сипаттамасы, Өткізу мерзімі, Қайтарылу мерзімі, Соммасы,
Комиссиондық төлемақы).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Тауардың меншік құқығы ломбардқа көшкеннен кейін, ломбард оны
өткізу кезінде көрсетілген бағадан аз немесе көп соммаға сата алады.
Нарықтағы жағдайға байланысты баға бірнеше рет өзгеруі мүмкін. (Мысалы,
ломбард қожайыны қыс соңына қарай қыстық заттарды жеңілдетілген
бағамен сатуы мүмкін). Бұл тауардың ағымдағы бағасынан басқа мүмкін
болатын баға мәндерін сақтау керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және
бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.
4. Жұмысқа орналастыру бюросы
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз жұмысқа орналастыру бюросында жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз
жұмысқа орналастыру бюросы жұмысының қаржылық жағын бақылау.
Сіздің жұмысыңыз төмендегідей ұйымдастырылған: Сіздің бюроңыз
әртүрлі жұмыс берушілер үшін жұмысшыларды және жұмыс іздеген әртүрлі
кәсіптегі мамандарға бос орындар іздеуге дайын. Жұмыс беруші сізге
келгенде оның стандартты мәліметтері (атауы, қызмет түрі, мекен-жайы,
телефоны) мәліметтер қорында тіркеледі. Жұмыс іздеуші сізге келгенде оның
стандартты мәліметтері де (тегі, аты, әкесінің аты, квалификациясы,
мамандығы, басқа мәліметтер) мәліметтер қорында тіркеледі. Екі жақ
талаптары қанағаттандырылғанда арнайы құжат дайындалады. Құжатта
жұмыс іздеуші, жұмыс беруші, қызмет түрі және комиссиондық төлемақы
(бюро табысы) көрсетіледі.
Кестелер:
Жұмыс берушілер (Жұмыс берушінің коды, Атауы, Қызмет түрі,
Мекен-жайы, Телефоны).
Келісім шарттар (Жұмыс іздеуші коды, Жұмыс беруші коды, Қызмет
түрі, Комиссиондық төлемақы).
Жұмыс іздеушілер (Жұмыс іздеуші коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты,
Квалификациясы, Қызмет түрі, Басқа мәліметтер, Еңбек ақысының
мөлшерленген соммасы).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Мәліметтер қоры бюро жұмысының толық сипаттамасын бере
алмайтыны анықталды. Мәліметтер қорында тек келісім шарт тіркеледі, ал
ашық вакансиялар туралы ақпарат сақталмайды. Сонымен қатар, нұсқаларды
автоматты түрде іздеу үшін «қызметтер түрі» деген анықтамалық енгізу
керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және
бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.
5. Оқу жүктемесін бөлу
Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз жоғарғы оқу орнында жұмыс істейсіз және кафедра
оқытушыларына жүктемені бөлумен айналысасыз.
Сіздің қолыңызда кафедра оқытушылары туралы мәліметтер бар. Оның
ішіне анкеталық мәліметтерімен қатар олардың ғылыми дәрежесі, әкімшілік
қызметі және жұмыс өтілі кіреді. Сіздің кафедраңыздың оқытушылары кейбір
пәндер бойынша сабақ өткізуді қамтамасыз етуі керек. Олардың әрбіреуі
бойынша сағаттар көлемі анықталған. Жүктемені бөлу нәтижесінде сізде
келесідей ақпарат пайда болуы керек: «Белгілі бір оқытушы қандай да бір
топқа, белгілі бір пәннен сабақ өткізеді».
Достарыңызбен бөлісу: |