Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет68/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92

154 
 
барынша  арта  түскен болашағы  зор  буыны,  оны  ендіру  халық пен  бизнеске 
80  мбит/с  дейін  ұялы  жоғарыжылдамдықты  кеңжолақты  қолжетім  (КЖҚ) 
қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. 
2013 жылы 4G (LTE) желісі барлық облыстық орталықтарға таратылды, 
олардың  ішінде  6  облыстық  орталық  –  Ақтау,  Атырау,  Қарағанды,  Ақтөбе, 
Шымкент, Өскемен, Жезқазған және Теміртау қалалары, Алматы мен Астана 
қалаларының  маңы  коммерциялық  пайдалануға  енгізілді.  2014  жылы  бұл 
желілер халқының саны 50 мың және одан асатын елді мекендерге, ал 2018 
жылы барлық аудандық орталықтарға таратылады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы 
мәлімет бойынша 4G абоненттерінің тіркелген саны 106 913 болды. 
Жоғары  жылдамдықты  КЖҚ  қызметіне  деген  өскелең  сұранысты 
қанағаттандыру  және  ұсынылатын  қызметтер  түрлерін  кеңейту  мақсатында 
2011 жылдан бастап Fiber to the Home (FTTH) әмбебап талшықты-оптикалық 
желі  құрылысы  басталды.  Жоба  Астана,  Алматы  қалаларының  және 
Қазақстанның  барлық  облыстық  орталықтарының  көппәтерлі  үйлері  мен 
коттедж құрылыстарын 100% қамтуды көздейді.  
Қазіргі кезде мұнай мен газды тереңдете өңдеп, мұнай-химия өнімдерін 
шығару  бойынша  инновациялық  жобалар  белсенді  іске  асырылуда. 
Жобаларды  іске  асыру  негізінде  энергия  үнемдеуші  технологиялар  мен 
қондырғылар, олардың ішінде Axens, ABB/CBI, Linde, Lurgy, TECHNIP және 
т.б. жетекші лицензиарлар пайдаланылады. 
Соңғы  төрт  жылда  (2010-2013  жж.)  3500-ден  астам  инновациялық 
әзірлеме  мен  жобалар  сәйкестендірілді,  олардың  553-іне  іс  жүзінде  көмек 
көрсетіліп,  жалпы  сомасы  12  млрд.  теңге  көлемінде  қаржы  бөлінді.  Жалпы 
алғанда,  ҮИИДМБ  іске  қосылғаннан  бастап,  елдегі  инновациялық дамудың 
негізгі көрсеткіштерінде жағымды тренд қалыптасты.   
Осылайша,  реформалардың  2013  жылғы  қорытындылары  бойынша 
инновациялық-белсенді  кәсіпорындар  үлесінің  8%-ға  дейін  немесе  2009 
жылғы деңгейден екі есе өскені байқалады.  
 
Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі, % 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
Осы  орайда  ірі  және  орташа  кәсіпорындар  инновациялық  тұрғыда 
жоғары  белсенділік  танытып  келеді  (29,5  және  21%),  2012  жылмен 


155 
 
салыстырғанда әжептәуір жоғары (орташа кәсіпорындар бойынша – 8,5%, ірі 
кәсіпорындар бойынша – 19,7%). 
Алайда,  халықаралық  көрсеткіштермен  салыстырғанда,  бұл  көрсеткіш 
технологиясы  дамыған  жетекші  елдердің  деңгейінен  едәуір  төмен. 
Германияда  –  60%-дан  жоғары,  Бельгияда  –55%-дан  асады,  Чехияда  –40%-
дан астам, Грекияда – 25%-ға жуық. 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
2012  жылмен  салыстырғанда  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-
конструкторлық  жұмыстарға  жұмсалатын  ішкі  шығын  20,3%-ға  өскен  және 
61 672,7  млн  теңгені  құрайды  (2012  ж.  –  51 253,1  млн  теңге).  Осы  орайда 
ЖІӨ-ге үлес 0,18%-ға дейін өскен (2012 ж. – 0,17%). 
 
ҒЗТКЖ жұмсалатын ішкі шығындар, млрд. теңге 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
Өнімдік 
және 
үдерістік 
инновацияларға 
жұмсалған 
шығын 
(технологиялық  инновация  шығындары)  бұдан  бір  жыл  бұрынғы 
көрсеткішпен  салыстырғанда  32,7%-ға  өсіп,  431 993,8  млн  теңгені  құраған 
(2012 ж. – 325 639,3 млн теңге).  
2009  жылмен  салыстырғанда,  бұл  көрсеткіш  7  еседен  жоғары  өскен 
(2009 ж. – 61050,9 млн теңге). Осы ретте кәсіпорындардың өз қаражатынан 
жұмсалған  шығындар  2013  жылы  285 044,4  млн  теңгені  құрады.  Бұл  – 
инновациялық  қызметті  жүзеге  асыруға  жұмсалатын  жалпы  шығынның 
66,0%-ы.  
 
 
Орташа кәсіпорындардың 
инновациялық
 
белсенділігі
 
Ірі кәсіпорындардың 
инновациялық
 
белсенділігі
 


156 
 
Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларының  
шығындары, млрд. теңге 
 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
Құрылған  және  пайдаланылған  жаңа  технологиялар  мен  техника 
нысандарының саны 2012 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3,3 есеге, 487-
ден  1608  бірлікке  дейін  көбейді,  сонымен  қатар  осы  технологияларды 
құрушы  және  пайдаланушы  кәсіпорын  саны  5  есеге,  140-тан  713  бірлікке 
дейін өсті. 
Құрылған және қолданылған жаңа технологиялар мен  
техникалық нысандардың саны, бір.
 
 
 
Жаңа технологиялар мен техника нысандарын құрушы және  
пайдаланушы ұйымдардың саны 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
Сонымен  қоса,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  мәліметтері 
бойынша  Қазақстанға  ғылыми  зерттеулер  мен  әзірлемелер  саласына 
құйылатын  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  жалпы  түсімі  2013  жылы 
өткен  жылмен  салыстырғанда  2,3  есеге,  ал  2009  жылмен  салыстырғанда  3 
есеге өсіп, 33,4 млн теңгені құраған.  
Инновациялық  өнім  көлемі  2012  жылмен  салыстырғанда  52,6%-ға 
ұлғайып,  578 263,1  млн  теңгені  құрады  (2012  ж.  –  379 005,5  млн  теңге). 
Осының  487 271,0  млн  теңгесіне  өнім  жасалды.  2009  жылға  қарағанда 
көрсеткіш 7 еседен жоғары өскен (2009 ж. – 82 597,4 млн теңге).  


157 
 
ЖІӨ-дегі инновациялық өнім үлесі 1,7%-ға өскен (2012 ж. - 1,25%).  
Дүниежізілік Банктің ресми статистикасына сәйкес 2012 жылы әлемдік 
көлемдегі  қазақстандық  жоғары  технологиялы  өнім  экспортының  үлесі 
айтарлықтай өсіп, 0,18% құраған, ал бұл көрсеткіш 2009 жылы 0,09%-ға тең 
болатын.  Абсолюттік  тұрғыда  Қазақстанда  жоғары  технологиялы  өнімді 
экспорттау  2012  жылы  2009  жылға  қарағанда  2  есеге  өскен  (1,8  млрд. 
доллардан 3,5 млрд. долларға дейін). 
Инновациялық өнім көлемі, млрд. теңге 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
 
 
Қазақстандағы жоғары технологиялық өнім  
экспортының көлемі, млрд. долл. 
 
Дереккөз: Дүниежүзілік банк, www.worldbank.org 
 
Статистикалық  көрсеткіштердің  өсуі  бойынша  көңілге  қонымды 
нәтижелер сонымен бірге беделді халықаралық ұйымдардың мәліметтерінде 
де көрініс тапты. 
Дүниежүзілік  Экономикалық  Форум  Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік 
индексінің  (ДЭФ  ЖБИ)  халықаралық  рейтингіне  сәйкес  Қазақстан  бүгінгі 
таңда  өз  тұғырын  айтарлықтай  нығайтып,  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50 
елінің қатарына қосылды. Осы ретте ол 148 елдің ішінде 50-орынды иеленді. 
 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау