145
журналында 31.027 импакт-факторымен басылған және зерттеу жанамалы
сипатта археология саласына қатысты. Ғалымның өзі туралы бірер сөз.
Ежелгі қоныс-мекендердің бірі Ботай тұрағынан қазба жұмыстарымен
айналысқан ғалым бас сүйектерден кеуіп қалған қымыздың қалдықтарын
табады. Солтүстік Қазақстан жерінде өмір сүрген арғы аталарымыз
ботайлықтар осыдан 6 мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретіп, өсірумен
айналысқан деп тұжырым жасауға негіз болды. Осылайша В.Ф. Зайберт
жылқыны алғаш қолға үйреткен Орталық Еуропа деген көпжылдық
теорияны теріске шығарды.
7.5-кесте. Қазақстанның 2010-2012 жылдар аралығында техникалық және қолданбалы
ғылым салалары бойынша Web of Science мәліметтер базасында жарық көрген
жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланым
саны
1.
Пәнаралық ғылымдар
2,56
85
2.
Материалтану
2,03
171
3.
Спектроскопия
2,02
24
4.
Энергия және отын
1,31
54
5.
Ядролық технология
1,12
59
6.
Компьютерлік ғылымдар
1,02
42
7.
Механика
0,96
26
8.
Инженер ісі
0,82
188
9.
Металлургия
0,75
65
10.
Аспаптық және метрологиялық жүйе
0,44
25
11.
Автоматтандыру және басқару жүйесі
0,00
12
Жарияланымдардың жалпы жиынтығында халықаралық бірлескен
авторлық негізде жазылған жұмыстардың үлесі сол ел зерттеушілерінің
әлемдік ғылыми қауымдастықтағы интеграциялық деңгейінің салыстырмалы
көрсеткішін құрайды. Техникалық ғылым саласында тек қазақстандық
ғалымдар жазған жұмыстардың (309 бірлік) орташа сілтемелік көрсеткіші
0,32. Қазақстандық ғалымдардың шетелдік зерттеушілермен бірлескен
авторлық жарияланымдарының саны 263, олардың орташа сілтемелік
көрсеткіші 2,87. 2009-2013 жылдар аралығындағы басылымдарда жарық
көрген қазақстандық жарияланымдардың импакт-факторы 4,19-дан аспайды,
аталмыш саладағы журналдардың максимальді маңызы 35,75-ті құрайды.
Ресейден жарық көретін журналдардағы жарияланымдар саны айтарлықтай
едәуір және импакт-факторы 0,60-тан төмен.
Аспаптық және метрологиялық жүйелер, ядролық технология,
спектроскопия, материалтану және пәнаралық ғылымдар бағытындағы
жарияланымдар Нидерланды және АҚШ басылымдарында 1,0-ден 4,0-ге
дейінгі аралықтағы импакт-фактормен жарияланған. Аталған журналдарда
жарық көрген қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының орташа
сілтемелік көрсеткіші 2,0-ден 10,0-ге дейінгі аралықта. Өкінішке орай,
146
ресейлік журналдарда жарық көрген қазақстандық ғалымдардың
жарияланымдары сілтемеге ие емес немесе бұл көрсеткіш 1,0-ден аспайды.
Әлеуметтік
ғылымдар.
Жалпы
алғанда
қоғамдық
жүйені
қалыптастыруда әлеуметтік ғылымдардың алатын орыны ерекше.
Белгіленген мерзім аралығында бұл бағытта қазақстандық ғалымдар 334
ғылыми жұмыс жариялап, оны 19 салаға жіктеген. Әлеуметтік ғылымдар
бойынша жарияланған мақалалардың тең жартысы бизнес пен экономика
саласының еншісіне тиіп, орташа сілтемелік көрсеткіші 0,35-ті құраған.
2009-2013 жылдары Web of Science мәліметтер базасына жарияланған
қазақстандық жарияланымда 8 бағыт бойынша ғана 10 астам мақалалар
жарияланған (7.6-кесте).
Зерттеу барысында шетелдік ғалымдардың еліміздің мемлекет және
құқық, бизнес және экономика саласының дамуы мен жан-жақты жұмыс
істеуі қызықтырғанын байқадық.
7.6-кесте. Web of Science бойынша 2009-2013 жылдары Қазақстанның әлеуметтік
ғылымдар бойынша жарияланған ғылыми жұмыстарының орташа сілтемелік көрсеткіші
№
Зерттеу саласы
Орташа
сілтемелік
көрсеткіш
Жарияланым саны
1.
Мемлекет және құқық
0,50
20
2.
Бизнес және экономика
0,27
199
3.
Мемлекеттік басқару
0,24
98
4.
Елтану
0,10
10
5.
Қоғамдық ғылымдар
0,06
17
6.
Психология
0,04
27
7.
Білім: педагогикалық зерттеулер
0,00
46
8.
Әлеуметтану
0,00
26
Қоғамдық және гуманитарлық бағыттар бойынша жарияланған кейбір
ғылыми-зерттеу жұмыстары жанама түрде бірқатар елдер мен аймақтарға
қатысы болғандықтан қазақстандық ғалымдардың бұл бағытта жазған
ғылыми жұмыстарына сілтемелер жасалған.
Аталған саланың жекелеген бағыттары бойынша санаулы ғана ғылыми
мақалалар жазылған. Осы ретте Қазақстанның археология институтының
ғылыми
қызметкері
А.Н. Марьяшевтың
АҚШ-тың
Вашингтон
университетінің ғалымдарымен бірлесіп жазған ғылыми зерттеуі импакт-
факторлық көрсеткіші 1,44 тең болатын Antiquity журналына жарияланған
мақаласы айтылықтай сілтемеге (17 сілтеме) ие болған.
Бұл бағыттар бойынша да шетелдік ғалымдармен бірлесіп ғылыми
зерттеу-жұмысын жазу ғылыми-техникалық саланың ынтмақтастық
көрсеткішін айқындай түседі.
Әлеуметтік ғылымдар бойынша қазақстандық ғалымда шетелдік
әріптестерімен бірлесіп 43 ғылыми-зерттеу жұмысын жазған. Осы ретте
Достарыңызбен бөлісу: |