147
Қазақстанға арнайы келіп, біздің ғалымдармен бірлесіп жазылған ғылыми-
зерттеу жұмыстары біршама сілтемелерге ие болғанын айта кетуіміз керек.
Зерттеу барысында әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша жарияланған
қазақстандық ғылыми жұмыстардың тең жартысы екі журналға
жарияланғанына көз жеткіздік. Оның біріншісі ғылыми ортада танымадл
Украинаның Аctual Problems of Economics журналы. Аталған жураналға
орыс тілінде мақала жариялау және бағасы жағынан отандық ғалымдар үшін
біршама тиімді болғанын айта кетуіміз керек.
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын көп жариялаған
екінші басылым Францияның International Journal of Psychology журналы
болып тұр. Көпсалалы бағытта шығатын бұл журналдың импакт-факторлық
көрсеткіші 0,63 құрайды. Осы ретте аталған журналған отандық
ғалымдардың ғылыми жұмыстарына бірде-бір сілтеме жасалынбағанын айта
кетуіміз керек.
Өнертану және гуманитарлық ғылымдар. 2009-2013 жылдары Web
of Science мәліметтер қорына өнертану және гуманитарлық ғылымдар
бойынша бар болғаны 21 ғылыми жұмыс жарияланған. Жарық көрген
ғылыми жұмыстарды 6 бағытқа бөліп қарастыруға болады.
Зерттеу барысында белгіленген бес жыл бойына өнертану және
гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жарияланған мақалаларға бірде-
бір сілтеме жасалынбаған. Мұның себебін бұл бағытта жанама зерттеулер
жүргізілмеумен түсіндіруге болады (7.7-кесте).
7.7-кесте. Web of Science 2009-2013 жылдары өнертану және гуманитарлық ғылымдар
бойынша қазақстандық жарияланымдардың саны
№
Зерттеу саласы
Жарияланым саны
1.
Тарих
12
2.
Гуманитарлық ғылым
3
3.
Өнертану
2
4.
Философия
2
5.
Дінтану
2
6.
Әдебиет
1
Бұл бағытта жарияланған қазақстандық мақалалар 9 басылымға
жарияланған. Оның тек екеуінің ғана рефератты және индекстелген шетелдік
журнал болып саналады. Ал қалған ғылыми жұмыстардың бәрі импакт-
факторлық көрсеткішке ие емес журналдарға жарияланған. Осы ретте
мақалалардың көпшілігі конфернциялар мен түрлі жинақтарға енген ғылыми
жұмыстар екенін айта кетуіміз керек.
Өнертану және гуманитарлық ғылымдар бойынша бір-екі жұмысы
имфакт-факторлық көрсеткіштері 0,342 және 0,41-ге тең АҚШ-тың «Studia
Logica» және Польшаның «Slavic Review» журналына жарияланған.
Өкінішке орай, деңгейі біршама жоғары журналдарға жарияланған ғылыми
жұмыстарға ешқандай сілтеме жасалынбаған. Бұл бағытта жарияланған
148
мақалаларға Қазақстанда жұмыс істеген АҚШ, Германия, Англия, Чехия,
Канада, Ресей және Қырғызстанның ғалымдары біршама қызығушылық
танытқан.
Web of Science мәлімттер базасындағы қазақстандық жарияланымдарды
сараптағанда өнертану және гуманитарлық ғылымдар бойынша жазылған
ғылыми жұмыстардың әлсіз екенін көзіміз жете түсті. Жалпы алғанда
гуманитарлық ғылымдар бойынша жазылатын ғылыми жұмыстарға әлемдік
ғылыми ортаның қызығушылығы жоғары емес. Сондықтан ғалымдар бұл
бағытта жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарынан көп сілтеме күтпейтіні
белгілі. Сол сияқты гуманитарлық бағыттағы ғылыми жұмыстарды
жариялайтын ғылыми журналдардың да импакт-факторлық көрсеткіші
жоғары болмайды. Осындай жайтты ескерсек, гуманитарлық бағытта
жазылған ғылыми жұмыстардың ғылыми орта үшін маңыздылғын дәл
бағалау бірқатар қиындық туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан бұл
бағытта ғылыми жұмыстардың тиімділігін анықтайтын өзге өлшемдер ойлап
табудың мәні зор.
149
8. ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР.
(Қазақстан ғылыми кеңістігіндегі жаңалықтар мен жетістіктер,
ғылыми-техникалық саласы бойынша сырт елдердің және
халықаралық ұймдарымен арадағы байланыстың қорытындысы)
Әлемдік ғылымның артықшылықтары туралы айтқанда біріншіден,
әрбір елдің ғылымы өз ресурстарының (табиғи және адами) есебі,
экономикалық деңгейі мен қоғамның қажеттілігіне сай дамып отырғандығын
ескеруіміз керек: АҚШ-та ең маңыздысы – биомедицина, Ресейде – физика,
Қытайда – инженерия. Екінші жағынан, жалпыадамзатқа ортақ өзекті
мәселелер мен міндеттердің оңтайлы шешімін табуда озық ғылыми
зерттеулер де жүргізіліп жатыр. Сондықтан ғылымның басымдықтары
туралы жалпы ғаламдық және жеке-жеке елдердің өлшемімен де айтуға
болады.
Соңғы жылдары АҚШ-тың ғылым көкжиегінде жетекші елдердің біріне
айналғандығы ақиқат. АҚШ-тың ғылымда озық ел екендігін дәлелдейтін
деректер жетерлікті. АҚШ бүгінгі таңдағы өз мүмкіндігін ғылымның барлық
саласы бойынша тәжірибе жүзінде ғылыми зерттеулер жүргізуге
пайдаланып отыр. Ғылыми зерттеулер елдің ғылыми-техникалық және
экономикалық тұрғыдан дамуына, болашақта көшбасшы мемлекеттер
қатарынан табылуына ықпал ететінін сөзсіз [82].
2009 жылдың сәуірінде АҚШ Ғылым академиясының жыл сайынғы
жиналысында президент Барак Обама ғылымды дамытуда академияның
алдына үлкен мақсат қойды. Оның айтуынша АҚШ ғылымының алдында
тұрған маңызды міндеттер қатарына бояу бағасындай арзан күн
батареялары, барша энергияны өзі шығаратын «жасыл ғимараттарды»
пайдалану, «компьютерлік бағдарламалар» мұғаліммен оқушы арасындағы
сабақ секілді тиімді болу, пианино ойнауға мүмкіндік беретін мінсіз
протездер жасау, өзі және қоршаған айналасы туралы адамзаттың білім
көкжиегін кеңейту кіреді. Іргелі ғылымдар саласын алға жылжытатын
перспективалық ашылулар алдағы елу жылдағы біздің табысымызды
қамтамасыз ететіндей дәрежеге қол жеткізуіміз керек.
Беделді
университет
зертханаларынан
бастап
инновациялық
компаниялардың сынақ алаңдарында жүргізіліп жатқан іргелі және
қолданбалы ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету туралы шешім
қабылданды. Американы қалпына келтіру және қайта инвестициялау туралы
қабылданған Заң негізінде және Конгресс қолдауымен АҚШ әкімшілігі өз
тарихындағы ең ірі инвестициямен қамтамасыз ете бастады.
Десе де америкалық мегажоба бұл – мұнайға тәуелсіз энергетика, «таза»
энергетикаға негізделген «ХХІ ғасыр экономикасын» құру. АҚШ президенті
елде ARPA-E мен энергетикаға саласындағы жетекші зерттеу жобаларына
арналған Агенттік құрылатындығын мәлімдеді. Қазіргі жағдайда 1957 жылы
КСРО-ның ғарыш саласындағы жетістігіне жауап ретінде құрылған
Пентагон жанындағы (DARPA) атақты энергетика Агенттігінің орнын оған
ұқсас агенттік алмастырып отыр. Құрылып жатқан ARPA-E үлкен
Достарыңызбен бөлісу: |