Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет51/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92

116 
 
Өзінің  бес  жылдық  іс-әрекеті  барысында  кәсіпорын  ТМД  ішіндегі  ең 
келешегі  мол  кәсіпорындар  қатарына  енді.  «Казфосфат»  ЖШС-нің  2000 
жылы сатылған өнімінің көлемі 15 млн долл. астам болса, 2001-де – 45 млн 
астам,  2002-де  –  72  млн  астам,  2005  жылы  –  115  млн  долл.  шамасында,  ал 
2006  ж.  –  192  млн  500  мың  долл.  болды.  Химиялық өнімнің  басқа  түрлерін 
шығаруда  да  тұрақты  өсуді  байқауға  болады.  1999  жылы  6,5  мың  тонна 
фосфор шығарылса, 2003 жылы – 60,7  мың тоннаны құрады. Сондықтан да 
фосфорды  экспортқа  шығаруды  ұлғайту  әрекеті  «Казфосфат»  ЖШС-нің 
өндірісті  ұлғайту  жоспарларымен  үйлесімін  табады.  Кәсіпорынның  бас 
директорының  айтуынша  [69],  түсімнің  басым  бөлігін  сары  фосфор  мен 
минералды тыңайтқыштар құрайды екен (2006 жылы 125,3 мың т). Сондай-
ақ  кәсіпорын  ортофосфор  қышқылын  (32,1  мың  т  2006  ж.),  натрий 
триполифосфатын  (34,5  мың  т),  фосфат  шикізатын  (1059,3  мың  т)  өндіреді. 
2007  жылдан  бері  өнімнің  негізгі  түрлерін  шығару  көлемі  айтарлықтай 
ұлғайды.  
Қазіргі 
уақытта 
«Казфосфат» 
ЖШС 
Қаратау 
апатиті 
мен 
фосшикізатынан  аммофосты  өндіруді;  ресурсты  үнемдейтін  технология 
бойынша  ұзақ  әсерлі  тыңайтқыштарды;  ұзақ  әсерлі  аммоний  кальций 
фосфатын;  Қаратау  фосфор  шикізатынан  азықтық  үшкальцийфосфатын 
өндіруді; 
сульфокөмір 
тозаңы 
мен 
аммофосқа 
негізделген 
сульфокөміраммофос 
органоминералдық 
тыңайтқышын; 
Қаратау 
фосшикізатынан нитроаммофосты өндіруді меңгерген.  
Фосфор  тыңайтқыштары  топырақты  қажетті  қоректік  элементпен  – 
фосформен байытудың жалғыз ғана көзі болып табылады. Сонымен фосфор 
тыңайтқыштарын  алмастыратын  зат  жоқ.  Дегенмен  де  фосфор 
тыңайтқыштарының  түрлері  қандай  да  бір  мөлшерде  бірін-бірі  алмастыра 
алады. Соңғы жылдары қарапайым тыңайтқыштарды пайдаланудан кешенді 
тыңайтқыштарды  пайдалануға  ауысу  беталысы  байқалады.  Осының 
салдарынан  өндірушілер  сұранысы  маңызды  тыңайтқыш  түрлерін  өндіруге 
көшуде. 
Мәселен, 
Қытайдағы 
суперфосфат 
зауыттары 
кешенді 
тыңайтқыштар өндірісіне қатысты құрал-жабдықтарын орнатуда.  
Химия  саласындағы  проблемалар  шикізатты  өндіруден  бастап  өнімді 
өндіруге  дейінгі  технологиялық  шектеулердің  жоғары  деңгейдегі  аяқсыз 
дайындыққа байланысты туындады.  
Сонымен  тиісті  саладағы  өндірістің  қажетті  дәрежеге  жетпеуінің  және 
оның  жұмысындағы  тұрақсыздықтың  негізгі  себептеріне  төмендегілер 
жатады: 
– сыртқы нарыққа өткізу дәстүрінің жойылуы, оны қалыпқа келтірудегі 
және қазақстандық орынды басқа ел өндірушілері алып отырған жағдайдағы 
жаңа өткізу нарығына енудегі қиыншылықтар; 
– сырттан  келетін  шикізатқа  бағытталуы  салдарынан  химиялық  өнімде 
сапасы  мен  құны  бойынша  шетелдік  аналогтармен  салыстырғандағы 
бәсекелестік қабілеттіліктің жоқтығы; 
– ауыл  шаруашылығындағы  тұтынушылардың  төлем  қабілеті  бар 


117 
 
сұранымының 
төмен 
болуы 
және 
минералды 
тыңайтқыштардың 
сұрыпталымдық шегі; 
– негізгі технологиялық жабдықтаманың жоғары деңгейдегі физикалық 
және сапалық тозуы (60-70%-ға дейін); 
– өнеркәсіптік  өндіріс  құрылымының  шикізатқа  бағытталуы  және 
экспорт; 
– дайын өнімнің сұрыптамалық шегі; 
– тиісті саладағы көптеген кәсіпорындардағы қаржылық тұрақсыздық; 
– ірі  тоннадағы  өнімді  тасымалдауға  жұмсалатын  аса  көп  мөлшердегі 
шығындар; 
– басты  өндіріс  түрлерінің  аса  жоғары  дәрежедегі  экологиялық  қауіп 
төндіруі,  қоршаған  ортаны  қалыпқа  келтіруге,  ластандыратын  заттарды 
ағымдағы  тастандыларды  азайтуға  жұмсалатын  шығын  мөлшерінің  жоғары 
болуы; 
– тікелей  қаржы  бөлу  мен  несиелік  қаржыны  салудағы  тәуекелділік 
деңгейінің жоғары болуы; 
– тиісті  саладағы  негізгі  кәсіпорындар  мен  шағын  бизнестегі  жұмыс 
орындары. 
Сонымен,  біз  фосфор  мен  оның  деривативтері  нарығының  құрылымы 
мен  дамуы  беталыстарын  қарастырдық.  Ғалым-фосфатшылар  табиғи  және 
қайталама  фосфат  шикізатын  өңдеудің  проблемаларына  қатысты 
зерттеулерді  белсенді  түрде  жалғастыруда.  Аталмыш  проблема  Қазақстан 
Республикасының  химия  өнеркәсібінің  дамуы  тұжырымдамасының  басым 
бағыты  болып  қала  береді  [72].  Ұсынылып  отырған  РЖХ  шолуы  құрамалы 
сипатта болды. Аталмыш тақырыптағы РЖХ ұсынып отырған зерттеулерінің 
негізгі бағыттарын атап көрсетейік:  
•  Экологиялық  сипаттағы  басылымдар  саны  көбейді,  қандайда  бір 
технологияның эколо-гиялық жақтары қарапайым әдетке жасалынған құрмет 
емес, қоршаған ортаны қорғау мәселелері, адамның техногендік іс-әрекетінің 
әсері  планетаның жалпы  ортақ  ғалами  проблемасы  ретінде  қарастырылады. 
Жасыл химия (Green Chemistry) – қоршаған ортаға жағымды әсер ететіндей 
етіп  химиялық  үдерістерді  жетілдірудегі  кез  келген  әрекетті  жатқызуға 
болатын химиядағы ғылыми бағыт. Ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 90-
шы  жылдары  пайда  болған.  Әлемнің  көптеген  зертханаларында  жасалатын 
химиялық  реакциялар  мен  үдерістердің  жаңа  сызбалары  ірі  тонналық  өнім 
шығаратын  өндірістердің  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерін  түбегейлі 
қысқартуға  бағытталады.  Өндірушілер  қауіпті  заттарды  пайдалану 
барысындағы  химиялық  қауіптерді  бұл  заттармен  жұмысшылардың 
түйіспеуіне шектеу қою арқылы азайтуға тырысады.  
•  Ғылыми  еңбектердің  басым  көпшілігі  тыңайтқыштар  өндірісіне 
арналады және де кешенді тыңайтқыштарға, органо-минералдарға, ұзақ әсер 
етуші  тыңайтқыштарға,  гуматтарға  және  мелиоранттарға  басымдылық 
беріледі.  


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау