114
ететін жаңа үдерістерді зерттеуге бағытталған технологиялық көріністегі
ғылыми-зерттеу жұмысы ары қарай да өзекті болатыны анық.
Өндірістік-шаруашылық байланыстар құлдыраған кезде, «Қаратау»
мемлекеттік бірлестігінің (қазіргі «Казфосфат» ЖШС жеке меншік
кәсіпорны) бұрын алып келе жатқан бірнеше миллиондық даралық демеу
қаржының жоқтығынан, пайдаланылатын материалдардың, қосалқы
бөлшектердің және жабдықтардың ұдайы қымбаттауы салдарынан химия
өнеркәсібіне таяуда қаржы салу қиын және де мемлекеттік деңгейдегі
көзқарастар мен шешімдерді талап етеді. Жеке капиталға бағынатын
кәсіпорындар қалыптасқан жағдайдан алатын олжасын сезіп отыр,
сондықтан да кәсіпорын техникасын қайта жабдықтауға және оның жұмысы-
ның экономикалық тиімділігін арттыруға күш жұмсауға асықпайды. Оларды
шешудің ұсынылып отырған жолдары мынадай: сыртқы сауданы кеңейту
және өндіріс техникасын қайта жабдықтауға қаржы салу, соның ішінде
технологиялық жабдықтарды жаңартуға, жөндеу шаруашылығына және
өндірістің дәстүрлі салаларын жаңа технологиялық жабдықтармен
қамтамасыз етуге қаржы салу; минералды шикізат тауарын шығаруға
арналған кенді дайындауға қажетті жүктеусіз қуаттарға негізделетін
өндірісті ауқымды түрде әртараптандыру. Өндірісті әртараптандырудың
ұсынылып отырған жолдары кәсіпорынның нарықтық мүмкіншіліктері мен
айырбастау байланыстарын кеңейтуді қамтамасыз етеді және де валюта
ресурстарын алудың, негізгі өндірісті қайта жабдықтауға, жөндеуге және
қайта құрастыруға қаржылық қолдау алудың көздерінің бірі болып
табылады. Келеңсіз құбылыстарды жою үшін мемлекет пен үкіметтің
(заңдар қорын жетілдіру, икемді салық саясаты, қайта жаңартылмайтын
минералды ресурстардың шығысына және екінші шикізат пен матриалды
пайдалануға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау және т.с.с.)
араласуы қажет. Басқару реформасы мен өндірісті тиімді ұйымдастыру
арасындағы алшақтық төменгі жалақыға, экологиялық іс-шараларға
шығатын шығындардың аздығына (дамыған елдермен салыстырғандағы),
негізгі және қосалқы өндірістер технологиясы мен аппаратурасын жетілдіру
ниетінің жоқтығына (кейде тіпті табиғатты қорғау технологияларын
пайдаланудан бас тартуына) байланысты болады. Көптеген мамандар
өндірістегі қалыпсыздықтан болатын қаржылық проблемалар мен саланың
дамуы келешегіне сенімсіздігінен жұмыстан кетіп қалады, бар кадрлардың
даярлық деңгейін көтеру қажеттілігі туындайды. Осыған орай, барлық
кәсіпорындарға арнап кадрларды оқытудың бірнеше түрі (оқу курстары,
техникалық кластар және т.б.) қамтылған арнайы оқу бағдарламалары
жасалуда, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлаудың оқу-өндірістік
орталығын қалыптастыру жобалануда [71].
Қаратау бассейні Өзбекстан, Түркімения мен Ресейдегі фосфорлық
және басқа химиялық кәсіпорындарда ары қарай өнеркәсіптік өңдеуден
өтетін Азия аймағындағы жалғыз кенорны болып табылады.
115
Екінші жағынан, Қазақстан топырақтық ресурстар бойынша әлемдегі
алдыңғы орындардың біріне ие. Мұнда 25 млн га қаратопырақты, 90 млн га
қызғылт, 119 млн га қоңыр және сұрғылт-қоңыр, 37 млн га тау етегі және тау
топырағы бар жерлер жатыр.
Қаратаудың әдеттегі фосфорит кені аса жұтаң, қажетсіз қоспаларының
мөлшері көп, 28-33 % шамасындағы фосфор тотығы бар моношикізатты алу
үшін және оны ары қарай сары фосфорға өңдеу үшін шикізаттың химиялық
қорын молайтуды қажет етеді. Қаратаудың әдеттегі фосфориттерінен
экстрациялық фосфор түріндегі Р
2
О
5
бір тоннасын өндіру ресейлік хибин
апатитінің концентратынан алынатынымен салыстырғанда екі есе қымбат
болады.
Нарықтағы жағымсыз жағдаятқа (минералдық тыңайтқыштарға
сұраныстың төмендеуі), кәсіпорын қызметі жағдайларының нашарлауы
(электрэнергия мен транспорттық қызметтер тарифтерінің көтерілуі)
салдарынан өндіріс көлемін ұлғайту қарқынын қысқартуға мәжбүр болады.
Қазіргі таңда фосфор шикізатын өндіру мен өңдеуге қажетті технологиялық
үдерістер мен жабдықтарды жаңарту қажеттілігі мен сұранысы туындап
отыр. Қазақстан соңғы жылдары фосфат өнеркәсібіндегі көптеген өнім
түрлеріне қатысты сыртқы нарықтағы өзіндік жайғасымынан айырылып
қалды. Бұл өнімдер нарығы айтарлықтай ауқымды және де Қазақстан
бәсекелестікке
қабілеттілігін
көтерсе,
тұрақты
түрде
жеткізуді
ұйымдастыратын болса, өзінің бұрынғы нарықтағы жайғасымына қайта қол
жеткізіп, жаңа белестерге шыға алады.
Жағдаяттық
қиыншылықтардан
басқа,
дәстүрлі
экспорт
нарықтарындағы – ЕС, АҚШ, Қытай; Бразилия – шығын саудаға қарсы
тексерулер
минералды
тыңайтқыштарды
өндірушілердің
басты
проблемаларының бірі болып қала береді (шығынсауда – арзанқол экспорт,
бәсекелестерді ығыстырып, сыртқы сауда нарықтарын жаулауды мақсат
етеді, тауарларды ел ішіндегі немесе әлемдік нарықтағы бағадан төмен
бағамен елден шығару. Шығынсауда экспортаушы фирманың есебінен
немесе экспорттық жіберулерге мемлекеттік демеу қаржының бөлінумен
жүзеге асырылады). Минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейтуге ішкі
нарық әлсіздігі шектеу қояды. Бүгінгі таңда республикадағы барлық
топырақтың 1%-дан да төмен мөлшеріне минералды тыңайтқыштар
пайдаланылады. 1990 жылы еліміздегі тыңайтылатын аумақ 28%-ды құрап,
Қазақстан жыл сайын 1,2 млн тонна минералды тыңайтқыш пайдаланып
отырған. Осылайша ауыл шаруашылығының төлеу шамасы өскен сайын
тыңайтқыштарға сұранысы да арта түседі. Егер қалыптасқан жағдай
өзгермесе, Қазақстан Республикасының бірқатар аймақтарындағы жерлердің
азып-тозуы қайтарымсыз жағдайға душар болуы мүмкін және де осының
салдарынан Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнеді.
«Казфосфат» ЖШС-і фосфорды өндірудегі және сатудағы қазіргі
қарқынына тауарлық өнімнің жоғары сапасы, бәсекелестік құны және
жеткізудегі ұйымдастырылған қызмет түрлері арқылы қол жеткізіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |