«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет82/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88

мектепте мұғалім мен ата – ана, ата – ана мен оқушы арасында түрлі тақырыптарда тренинг, сайыстар
ұйымдастыруды қолға алдым. 
Білім   сапасын  көтеру  мақсатында   мектепте   нені   өзгерту  керек?   қалай  өзгерту  керек?   деген  кезек
күттірмейтін   сұрақ   мектептің   даму   жоспарын   қайта   қолға   алуға   мәжбүрледі.   Зерттей   отырып,
мектептің   даму   басымдығын   оқытудың   7   модулі   аясында   қайта   қарастыру   қажеттігін   түсіндім.
Мектептегі алғашқы қадамым өз мектебімнің ахуалын егжей – тегжей зерттей жүріп, оқытудың жаңа
технологиясы   бойынша   «Диалогтік   оқыту   арқылы   оқушылардың   сөйлеу   және   ойлау   мәдениетін
дамыту» тақырыбында алда жасалатын жұмыс жоспарын құрдым. Себебі жабық сұрақ пен тестік
жүйе арқасында қазіргі оқушының сөздік қор, сөйлеу мәдениетінің жоғалып бара жатқандығы дабыл
қағатын жағдай. 
ХХІ ғасыр мұғалімі жаңа технологиямен қаруланған, оқудағы кедергілер ошағын жоя білетін тұлға
болуы керек деп есептеймін.
Сабақ ұжымдық ойлау іс – әрекетті, диалог, пікірталас, іскерлік қарым –қатынастармен екшелегенде
дамыта оқытуға негізделген сабақ болып саналатындығына көз жеткіздім. Оқушыға дайын біліммен
емес, проблемалық сұрақтармен кіруім керек. Оны шешу, мақсатқа жету үшін оқушы іс – әрекеті
жүзеге асады. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен
дағдыларын   дамытуда   ғана   емес,   жалпы   алғанда   оның   оқуын   барынша   даралау   және   баланың
бойында   метасапаны  қалай оқу  керектігін үйренуді   қалыптастыруға   мән  бере  отырып,   оны  тұлға
ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс. (Schleicher 2012)
Мұғалім кәсіби белсенді, озық тәжірибемен қаруланған, үнемі ізденісте болуы керек, яғни өзгеруі
керек. Мұғалім түбегейлі өзгергенде ғана жаңа, заманауи мектеп қалыптастыра алады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында мұғалім:
-
Көшбасшы болу керек;
-
Оқыту мен тәлімгерлік жодда құзіреттілікке ұмтылу керек;
-
Кәсіби даму керек.
Әрине, бұл мақсатты орындауда ұстаз бойындағы белсенділік пен сенімділік – ең бірінші қажеттілік.
Мен   7   модульдің   барлығын   білім   берудегі   жаңа   әдіс   –   тәсілге   жатқызатыныма   қарамастан,
нұсқаулықтан алған көмегімнен түйгенім, «Диалог негізінде оқыту мен оқу» (Merser, 1995. Alexander,
2008), «Қалай оқу керектігін үйрету» (Flabell 1976, Vygotsky 1978) «Көшбасшы және лидер» деген
атаулармен  танымал  педагогикалық   тәсілдер  әлеуметтік   –  сындарлық  идеялардың  қазіргі   заманғы
маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылатындығын түсіндім. Дәстүрлі  оқыту барысында оқушылар
теориялық   білімге   терең   талдау   жүргізе   алмайды.Сындарлы     оқыту     үдерісі     кезінде     оқушылар
білімді  терең  түсініп ,кез - келген  жағдайда  пайдалана  алады. 
Сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегиясында   оқушының  ойлау  қабілеті   дамып,   оларда   төрт   параметрдің
көрсеткіші   өседі.   Жекеден   –   жалпыға,   дифференциалдықтан   –   сенімділікке,   интуициядан   –
логикалыққа,   бір   перспективадан   –   көп   перспективаға   оқыту   үдерісінде   оқушы   бойында   бұл
көрсеткіштерді өсіру үшін мына қасиеттер болу керек деп ойлаймын:
Өздігінен тұжырым жасау;
Өзара ұқсас құбылыстар арасынан өзіне тиімдісін таңдай білу;
Проблеманы шеше білу;
Пікірталас туғыза білу қабілетін қалыптастыру керек.
ХХІ   ғасыр   оқушысы   –   өзі   тексеруші,   достарын   бағалаушы   болуы   керек.  Оқушының   бойында
біріншіден  зерттеушілік   қызметті   дамытқан   жөн.   Мұғалімдер   сұрақ  қойып,   ал   оқушылар   тек   сол
сұраққа   жауапты   ақпарат   іздеп,   интернет   беттерінен   реферат   жүктеп   қана   қоймай,   өздерінің   ой-
қорытындыларын көрсетулері қажет. Менің ойымша мұғалім  үйреншікті үй тапсырмаларын беруден
бөлек, оқушылар қысқа зерттеу жұмыстарын жасаулары, нақтырақ айтқанда, ақпарат көздерімен жеке
жұмыс істеп, ақпарат жинап, оны талдап, өз бағасын берулері керек, сондай-ақ, зерттеу жұмысының
қорытындысын   жасап   және   мұғалімдермен   бірге   байланыста   әрекет   жасаулары   қажет   деп
есептеймін . Осындай әдіс арқылы оқушыларды өздігінен ойлауға үйретуге болады.
Екіншіден, білімді оқушылар презентациялармен бір проекті толықтай қорғап, көпшілік алдында жиі
сөз сөйлеулері қажет. Бұл оқушылардың коммуникативті болуларын және өздеріне сенімділіктерін
арттыруға үлкен үлес қосады.
Үшіншіден,   оқушылар   сыныпта   ынтымақтастықпен   топтық,   жұптық   жұмыс   жасай   білуі   керек.
Топтық, жұптық  жұмыстар  барысында  жаңа тақырыпты    бір-  біріне   сұрақ  қоя  отырып,  бір-
бірін     бағалай     отырып   терең     түсінеді.Бұл     тәсіл     оқушының     сабаққа     белсенді     араласуын
қамтамасыз  етеді Оқушы  өзінің  оқуы  үшін  жауапкершілікті  сезінеді. А.Дистервергтің «Сен  маған


шәкіртіңді   көрсет,мен   сені   танимын»   деген   сөзінде терең   түсінік жатыр.Ендеше   біз   өзімізді
жақсы   жағынан   көрсететін   шәкірт   тәрбиелеуіміз   керек. Тәуелсіз   Қазақстанның   келешегі   жас
ұрпақтың  қолында,ал  жас ұрпақ-ұлттың  ұлт  болып қалуының кепілі.
ХХІ ғасыр оқушысы білімді, белсенді, тәртіпті, мақсатқа ұмтылатын, жаңалық жаршысы, полиглот,
экстраверт,   құзырлылықты   ұстанатын,   АКТ   –   ны   жетік   меңгерген,   дені   сау,   бақытты   бала   болуы
керек. 
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылы
№37 орта мектеп Әбілқасым Шолпан
ІІІ денгейлі  биология пәні  мұғалімі
    Уақыты:  12.03.2014 ж.
     Пәні:    биология       Сыныбы:  9 «Б» 
     Сабақ тақырыбы:  §56. Адам эволюциясының кезеңдері.
Сабақтың
мақсаты:
Танымдылық:адамның даму тарихының кезеңдері мен  адам 
эволюциясының факторларын  түсіндіру арқылы дұрыс 
дүниетанымын қалыптастыру.
Эмоциялық:Оқушылардың қызығуы,ынта-қиялы мен қабылдауы 
сияқты танымдық қабілетін дамыту;
Әлеуметтік:Жеке,жұптық,топтық әрекеттер ұсыну арқылы бір-
бірімен қарым-қатынас жасауға жағдай жасау.
Негізгі идеялар:
Сабақ   барысында   оқушыларға   адамның   даму   тарихы   3   кезеңге
бөлінетінін   мысалдар   келтіру   арқылы   ажырата   білуін   ұғындыру.
Тапсырмаларды   орындатқызу.   Оқушылар   бағаны   алуда   өзін   -   өзі
талдауға үйренуін және оқушылардың зерттеу ізденісін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
∙Оқушылар мәтінді түсініп оқу,логикалық талдау арқылы  адам 
эволюциясының кезеңдері туралы баяндайды;
∙Адамның даму тарихының кезеңдерін  саралайды,салыстырады;
∙Топпен жұмыста сыни ойлау дағдысын қалыптастырады.
Қолданыла-тын әдіс-
тәсілдер:
Диалог әдістері, АКТ құралдарын сабақ  презентациясында 
көрсетуде қолдану, Де Бононың қалпақтары,деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі
АКТ  құралдарын сабақ презентацияларын көрсетуде қолдану,плакат,
түрлі- түсті маркерлер, стикерлер, оқулық.  
Мұғалімнің   іс -әрекеті
Оқушылардың  іс-әрекеті
Сабақ барысы:
      Оқушылармен   сәлемдесіп,   журнал   бойынша   оқушыларды
түгелдеу, сынып тазалығына мән беру, оқушы назарын сабаққа
аудару.
Оқушылар
 
мұғаліммен
сәлемдесіп,   сабаққа   дайындық
жасайды. 
 Оқушыларды  «Жұмыр тастың түрлерін таңдау» бойынша 
топтарға бөлу.
(2-3 минут) 
 Оқушылар рет-ретімен (тастың
түрлерін таңдау) арқылы 
топтарға бөлінеді.
 Үй тапсырмасын тексеру үшін топтарға сұрақтар қою.
Де Бононың қалпақтарын пайдалана отырып,оларға суреттер 
жасыру.
  Оқушылар қалпақтардың бірін
таңдап
 
алып
 
берілген
суреттерге сипаттама жасайды
(Интерактивный тақтадан 
шығып тұрады).
 -         
                              
    
            
Электронды оқулықты тыңдату (3 минут)
                                Мәтінмен   жұмыс  (10 минут)
Мәтінді оқу (жеке,жұпта,топта талдау)
          


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау