«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет81/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88

Мәтін бойынша сурет салып келу
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сырдария ауданы   Шаған ауылы 
№ 37 орта  мектеп Бастауыш сынып мұғалімі 
Сейтаскарова Роза                                                                                                                                     
Коучинг жоспары.                                                                                                      
Тақырыбы:  Жаңаша оқыту үрдісіндегі диалогтік оқытудың тиімділігі
Мақсаты 
Бағдарламаның басты мақсаты мен 7 модуль бойынша қысқаша түсінік беру. 
Мұғалімдердің іс –тәжірибесіне сүйене отырып диалогтің білім беру 
педагогикалық тиімді тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік тәсілдердің түрлерін
тәжірибеде қолданудың тиімділігі туралы бағыт- бағдар беру.
Оқу нәтижелері
Мұғалімдер:
Оқыту мен оқудағы тілдің басты ролін түсінуге, оқу үдерісіне диалогтік 
әдістерді  енгізуге, сыныптағы диологтік әдістерді бағалауға, диалогтік 
әдістердің көмегін түсіндіруге дайын болады.
 Түйінді идеялар
Сыныпта диалогті  қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу  
сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білім мен идеясын анықтауға 
бағытталған шынайы әрекет оларда  оқыту үдерісіне мейілінше тартуға 
көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай сұрау және топтық жұмыс сияқты 
диалогтік тәсілдің балаларды оқытудың сапасын  арттыру үшін әлеуеті бар. 
Дереккөздер 
1. Әңгімелесу факторлары
2.Топтық жұмыс туралы нұсқаулық
3. Топтық жұмыстарды орындау
4.Презентатция. Диалогтік оқыту
5.Үш түрлі бейнежазбалар  
Ресурстар
Компьютер, проектор, экран, презентатция, маркер, стикер, постер
Коучинг барысы
Коучинг кезеңдері
Уақыты
Коучтің іс- әрекеті
Қатысушылардың
 іс -әрекеті
Ұйымдастыру
2 мин
Сәлемдесу. Мұғалімдердің 
көңіл – күйлерін сұрау
Сәлемдеседі 
Заманауи оқыту 
әдістемелерінің жеті 
негізгі модулімен  
таныстыру
3 мин
Слайд қолдану.Түсіндіру  
жұмыстары
Жеті модуль – оқыту 
сапасын арттырудың 
әдістерін екенін біледі
Топқа бөлу.Сергіту сәті
3 мин
Үш түрлі жазба кітапшаларды 
тарату арқылы  5 адамнан 3 
топқа бөлу
Топтарға бөлінеді
Ой қозғау
3 мин
Диалогтік оқыту дегенді қалай 
түсінесіз?
Өз ойларын ортаға салады
Топтық жұмыс
15 мин
1. Әңгіменің қандай түрлерін 
білесіздер?
2. Диалогтік тәсілдерді 
қаншалықты қолданасыз?
Әр топ өз пікірлерін жазып 
қорғайды. 
Коуч бағалайды 
Бейнефильм көру
10 мин
Үш түрлі бейнефильм көрсету
Бейнефильмдерді 
көреді.Топта талқылайды
Тақырыпты ашу
       5 
мин
Презентатция.Диалогтік оқыту.
Әңгіменің үш түрі.
Әңгіменің үш түрін 
анықтайды
Топтық жұмыс
10 мин
Кесте толтыру.Белсенді және 
белсенді емес сынып
Кесте толтырады, 
талқылайды
Қорытынды
10 мин
Ортада талқылау
Бағалау
5 мин
Сауалнама алу. Сауалнамаға 
диагностика жүргізу арқылы 
Сауалнама толтырады


коучинг сабағының сәтті, сәтсіз
өткен кезеңдерін анықтайды 
                                                                                                                                                                      Ауси
нбаева  Марияш  Жалғасбекқызы.
Сырдария ауданы, Шаған ауылы №37 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
               Еңбек өтілі – 24 жыл. Санаты – жоғары.
Оқыту мен   оқудағы  әдістерді  не  үшін  өзгерту  керек?
  Бүгінгі таңда білім беру жүйесі қарқынды даму үстінде. Оның алға қойған міндеттерінің   бірі –
болашақ мамандарды даярлау барысында оқытудың жаңашыл технологияларын   барынша кеңінен
қолданып, бәсекелестікке қабілетті, сауатты, жан – жақты, рухани қазынасы бай, адамгершілігі мол
азаматты   тәрбиелеп   шығару.   Осыған   байланысты   Қазақстан   Республикасының   «Білім   туралы»
Заңында:   «Білім   беру   жүйесінің   басты   міндеті   –   ұлттық   және   жалпы   халықтық   адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдалуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен
инновациялық   әдіс   –   тәсілдерді   енгізу,   білім   беруді   ақпараттандыру,   халықаралық   ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу » - деп көрсетілген. «Инновация» дегеніміз – латынша  - in+noubus
– жаңа, жаңғырту, жаңашылдық, өзгерту деген мағынаны білдіреді. Білім беру жүйесі білім мазмұнын
ұйымдастыруды, қарым – қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде.
Елімізде болып жатқан жаңалықтар, әлеуметтік экономикалық өзгерістер, күннен- күнге үдеп келе
жатқан   үдерісті   ақпараттар   ағымы,   еңбек   нарығындағы   бәсекелестіктің   артуы   білім   саласына
қойылатын талаптарды күшейтеді.
Осы   орайда   оқыту   әдісі,   білім   саласындағы   оқу   әрекеттері   түрленіп,   оқуды   ұйымдастырудың
педагогикалық – психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады. Әр елдің болашағы
мектебінен басталады.
ХХІ ғасыр мектебін қандай қиындық кедергіге мойынсұнбай, алға, даму үдерісіне ұмтылдыру, әрине
тікелей көшбасшы мұғалім құзырында . Білім беру саласында қол жеткізген бүкіләлемдік бітімнің
мәні оқушылар үшін білімнің де дағдыларының  тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды
Заманауи тәсілдің  ең  негізгі  ерекшелігі  оқушылардың  алған білімдерін жай  ғана  иеленіп қоймай,
оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап
етілетін дағдылардың мәні осында [Мұғалімге Арналған  Нұсқаулық.1,5-б]
Әр мұғалім негізгі құзіреттілікті білім беру нәтижесі ретінде көретін болса, ХХІ ғасыр оқушысының
моделін де   айқын көре алар еді. Қазіргі таңда дәстүрлі сабақтар, бірізді, жаттанды жұмыс түрлері
мұғалімнің   де,   оқушының     да   оқуға   деген   ынтасын   төмендетіп,   құштарлық   қабілетін   өшіреді,
қызығушылық ынтасын төмендетеді.
Осы орайда ықпал етуші, дұрыс жолға сілтеуші ол – көшбасшы мұғалім. Қай елдің болсын өсіп –
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына,
даму бағытына тікелей байланысты.
«Келер  ұрпақ   алдында   зор   жауапкершілік   жүгін  арқалап   келеміз»   деген   Елбасы  сөзі   жай   айтыла
салған жоқ.
Бәсекеге қабілетті   тұлғаны қалыптастыру – педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің бірігуін
талап   етеді.   Сондықтан   қазіргі   таңда   мұғалімге,   басшыларға   кең   көлемді   жаңа   инновациялық
технологиялар,   ойлар,   мектептер   мен   бағыттарға   бейімделу   керек.   Жаңа   оқыту   технологияларын
үйреніп  білусіз   –   бүгінгі   күні   салауатты   педагог   маман   бола   алмайды.   Мектептегі   басты   тұлға   –
мұғалім [ctrong].
Қазіргі таңда көшбасшы ұстаздардың  қадамы  нық  ,     мақсаты   айқын.   Ендеше   бізге   қойған   уақыт
талабы: жан – жақты терең біліммен қаруланған, мәдениетті, биік адамгершілікті талап етеді. Қазір
ақпараттар ғасыры. 
Бүгінгі білімді бұдан 20 – 30 жыл бұрынғы уақытпен салыстыра бағалай алмаймыз. Заман талабына
сай оқу қабілеттері қажет. . Әрине, бұрын мен де кесте бойынша ашық сабақ беру тоқсан соңында
бақылау, жазба жұмыстарын алғаннан әріге баспайтынмын. «Көре – көре көсем боларсың» - деп атам
қазақ бекер айтқан ба, осы деңгейлік курстан соң сыни көзқарасты қалыптастыруды үйрендім. Мен
өзім   қазақ   тілі   мен   әдебиеті   пәнінің   мұғалімі   болғандықтан   мектептің   гуманитарлық   бағытта
ақсайтын   тұстарын   сандық,   сапалық   дереккөздер   арқылы   анықтап   алдым     Мектепте   үштік   одақ
(мұғалім   +   оқушы   +   ата   -   ана)   ынтымақтастығын   күшейтуге   баса   назар   аудардым.   Қазіргі   кезде


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау