туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас; еңбек ширатады, өмір үйретеді дегендер дәл
мағынасында, ал ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер; адам аласы ішінде, мал аласы сыртында;
иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар дегендер ауыс мағынада жұмсалып тұр. Дегенмен, қазақ тіліндегі
мақалдардың көпшілігіне ауыс мағынада қолданылу тән сияқты.
Мақалдардың арасында да синонимдестік кездеседі.
Мысалы:
кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол – өзге елге ұл болғанша, өз еліңде құл бол; жекен
жерінде көгереді, ер елінде көгерер; әркімнің өз жері – Мысыр шаһары т.б. мақалдар бір – бірімен
синонимдік қатынаста тұр.
Ал мәтелге келсек, жоғарыда мақалға берілген анықтаманы оған да беруге болады. Мәтел де халық
даналығынан туған, мағынасы уағыз, өсиетке негізделген, құрылымы көркем, ырғақты, әрі ықшам сөз
үлгісі. Мәтелдің мақалдан айырмасы – мәтелде айтылатын ой – пікір мақалдағыдай емес, негізінен
жанама түрде астарлау, меңзеу түрінде берілетіндігінде.
Мысалы:
кісідегінің кілті аспанда, естіген құлақта жазық жоқ, сұлуынан жылуы, жаман күйеу қайынсақ,
келегештің тұзы жеңіл, таз әулекі, соқыр әңгүдік деген мәтелдерде мақалдағыдай байымдау, оны
қорытындылау жоқ, тек бір жағдайды жанамалап, меңзеп, тұспалдап білдіру ғана бар. Демек, мақал
мен мәтелдің айырмасы – олардың мағынасына байланысты, білдіретін ой пікірдің (мағынасының)
білдірілу тәсілінде. Ой – пікір, ұғым мақалда неғұрлым анық, ашық айтылса, мәтелде тұспалдап,
жанамалап, меңзеп айтылады. Мәтел құрылымы жағынан көбінесе жай сөйлем іспеттес, бір
құрылымнан тұрады.
Мысалы:
Саудада достық жоқ, қорыққанға қос көрінеді, заманына қарай амалы, бөрік кигеннің намысы бір, ер
кезек үшке дейін, соқыр ат қотыр атқа үйір, тентек шоқпар жинайды т.б.
Қанатты сөздер - тарихи көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ойшылдар мен көркем сөз шеберлерінің,
ғалымдардың шығармаларында немесе фольклорлық, публицистикалық туындыларында кездесетін,
қолданылуы тұрақты, бейнелі, терең мағыналы нақыл сөздер, афоризмдер. Мақал – мәтелдер сияқты
қанатты сөздер де айтайын деген ойды мәнерлеп жеткізу үшін, стилистикалық тәсіл ретінде
жұмсалады.
Мысалы:
Абайдағы – білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез; әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсан
арқалан; тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын; әкенің баласы болма, адамның
баласы бол; еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті
байқамас; адасқанның алды жөн, арты соқпақ; лай суға май бітпес қой өткенге; досы көппен сыйлас,
досы жоқпен сырлас т.б. Ыбырайдағы – кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықылас пен
тоқылық; аурудан аяған күштірек; байлық қанағатта; өзі болған жігіттің аяғынан аямаңыздар т.б.
Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда
қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық
байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем
әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл
(язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет
тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер –
фразеологизмдер мен мақал – мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық, паремеологиялық
жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге
болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін
негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, «сәтсіздіктерге» ұшыратуы әбден мүмкін.
Сондықтан мақал – мәтелдің тіларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, ондағы жалпы
азаматтық, жалпы халықтық мәнділіктер мен заңдылықтар және этностық ерекшеліктерді, сондай –
ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер
қатарына жатады.
Мақал – мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды –
көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал –
мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе
ерекшеліктері А.Байтұрсынов, І.Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Қайдар, С.Нұрышев,
Ғ.Мұсабаев, М.Ғабдуллин, Ғ.Тұрабаева салыстырмалы – салғастырмалы тұрғыдан А.Нұрмаханов,
Э.Мұқышева, А.Дондаева, Д.Беғалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған. Ағылшын тіліндегі
ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал – мәтелдерді
жан – жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар – Н.Барли, А.Дундэс, А.Крикман, М.Куузи, Г.Мильнер,
А.Тэйлер, Г.Л.Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. «Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға
сәйкес, қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерін тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан
қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.
Жұмыстың нысанын туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдерді аударудағы
тілдік ерекшеліктерді талдау құрайды.
«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерін тек тілдік
емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан
да өзекті мәселе қатарына жатады.
Сондай – ақ этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының жалпы тіл білімінде дербес пән
болып қалыптасқан тұсында мақал – мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі (имманентті жүйе)
тұрғысынан қарағаннан гөрі, оларды тілі мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың
(ұлттардың) тілдік бірліктерімен салғастыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы
ерекшеліктері мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ – ағылшын мақал –
мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық
сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен
ерекшеліктерін және себеп – салдарын айқындау.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі
паремиологиялық бірліктерді тіл иелерінің тарихымен, дүниетанымымен, рухани және дәстүрлі
тұрмыстың мәдениетімен сабақтастыра қарастыру нәтижесінде қарастырылған тұжырымдар жалпы
және салғастырмалы тіл білімі, этнолингвистика, фразеология, лингвомәдениеттану ғылымдарын
теориялық тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі негізделіп,
оның мақсаты мен міндеттері анықталды. Қарауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар айқындалып,
жұмыс барысында қолданылған әдіс – тәсілдер сипатталды.
Зерттеу жұмыстың «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдің лингвистикалық және
этнолингвистикалық сипаты» деп аталған бірінші тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп,
өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқындалды. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша
мақал – мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік
бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы
орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Алиханова Айжан Құрбанғалиқызы
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру
үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті білімді
мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып,
тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал, оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-
деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтың жаршысы болуы
керек.Белгілі ғалым А.Маслоу тұлғаның қиындыққа дайын болу, қарым- қатынас, таным, сыйластық,
қауіпсіздік, шығармашылық, өзін- өзі өзектілендіру, өзін- өзі бекіту т.б. қажеттіліқ жүзеге асса, оның
танымдық құрылымының дамитынын, қызығушылығының қалыптасса, тұлғаның белсенділігі
артатыны белгілі. Бұл тұрғыда п.ғ.д.,профессор, қазақстандық педагогикалық технология авторы
Кобдикова Жанар Уажитқызының оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын оқу
үрдісінде енгізудің тиімділігін тәжірибеде көрсетіп отыр.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім
мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын
талап етеді. Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық
әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық
ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын
Достарыңызбен бөлісу: |