алғашқы қарлығаштарымыз да еліміздің түкпір- түкпіріне осы теорияның негізгі идеялары мен
мақсаттарын жүзеге асыруда.
Сындарлы оқыту теориясының негізгі мақсаты Қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық
тәжірибелерін жетілдіріп, оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен жаңалықтарын ескере
отырып, әлеуметтік сындарлы тұрғыдан оқытуды түсіндіру. Оның маңызы мен мақсатын жай ғана
түсініп қоймай, осы бағыттағы жүргізіліп отырған жұмыстардың негізгі мазмұны жеті модульдің
мұғалім үшін де және оның оқытып отырған оқушысы үшін де оқыту мен оқудағы жетістікке жетудің
тиімді стратегиясы болып табылатындығы. Осыған байланысты еліміздің болашағы зор көркеюі үшін
мұғалім сыни тұрғыдан ойлайтын, өзінің жұмыс тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдана отырып және
бағалау әрекеттеріне сыни көзқараста болғаны абзал. Сондықтан дәстүрлі жүйедегі
бірсарындылықтан арылып, жаңаға, жаңалыққа қарай өзгеру дұрыс болар.
Сындарлы оқыту технологиясында оқыту мен оқудың негізгі аспектісі, мұғалім өзінің
қамқорлығындағы оқушыларды қанаттандырып жаңалықтар ашуға жетелеп, белгілі нәтижелерге қол
жеткізетіндеріне, өз білімдерін қадағалауға және бағалауға ыңғайлы стратегияларды ұйымдастыра
және тиімді пайдалана білетін шебер мұғалім болуы керек. Мұғалімнің оқу үрдісінде оқушыға
беретін ақпараты тың, қызықты ғана емес, сонымен бірге оның сол кезеңдегі даму деңгейіне , оқудағы
қажеттілігіне сай қолжетімді болғаны да үлкен роль атқарады.
Оқытушы мен оқушы арасында сындарлы оқудың жаңа тәсілдерінің бірі, сыныптағы диалогтің орын
алуы да маңызды. Оқушы өзін, өзінің қабілетін танып оқудың не екенін түсіне алады. Яғни, саналы
білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ету. Сындарлы оқыту теориясында оқушының бұл әрекеті
«метатану» термині арқылы сипатталады. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу
деген анықтама беруге болады. [МАН, 44-бет]
Сындарлы оқыту теориясының өзіндік ықпалы зор екені қай қырынан қараса да түсінікті .
Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауға, өздерін бағалауға, диагностикалауға, шығармашылық
табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,
жеке өзінің дарындылығын, талантын, қабілетін ашуға мұғалімге деген сенімі, ертеңгі күнге деген
көзқарасын қалыптастыратын білім саласындағы жаңа серпіліс деуге болады. Бұл теорияда мінсіз
оқушы, құзырлы мұғалім, мәдениет, құндылықтар, көзқарас деген ұғымдар бір-бірімен ұштасып
жатады.
Оқушы мінсіз болуы үшін, оның мұғалімі құзырлы болуы керек, мұғалім құзырл ы болуы үшін оның
ең алдымен ұстанымы, көзқарасы болған жағдайда ғана ол бір шешімге келіп іс-әрекетке көше алды.
Ал осы екі тұлға бір-бірімен үйлесімдік табу үшін мәдениет пен құндылықтар маңызды. Сол себепті
мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру мен кәсіби дамуына, оқытудың биік деңгейіне қол жеткізу
мақсатында сындарлы теорияның ұсынары көп.
Мысалы, «адамдардың қалай оқитынын» түсінудегі ғалымдардың жүргізген жұмыстарының негізгі
бағыттары мен оқу туралы көптеген зерттеулерінің нәтижесінде оқудың ынталандырушы
факторларын көрсеткен Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы мен К.Роджерстің «Мен»
тұжырымдамасының компоненттерінде оқушының адами әлеуеті және оқуға деген ынта-жігеріне
нелер түрткі болатындығы туралы тамаша айтылған.
Оқушымен жүргізілетін сан алуан жұмыстардың ішінде жоғарыда атап кеткен Роджерстің «Мен»
тұжырымдамасының эмоциялық параметрлерін ескере отырып жеке тұлғаның қаншалықты өзіне
сенімді және қаншалықты өзін бағалайтындығы және Бандураның жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін
қалыптастырудағы негізгі факторларын терең ұғына отырып, оқушының оқудағы кедергілерін қалай
жеңу мәселелерін де шешуге болады. Бірнеше әдіс-тәсілдерін өзіміздің педагогикалық тәжірибемізде
қолданып көрдік. Мәселен, оқулықта берілген мәнмәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, есте сақтау тірек
сөздерін пайдалануға , тұжырымдамалық карта дайындау негізінде оқушылардың оқуға деген
ынтасын оятуға, дамытуға болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өзара
үйлесімділік табуы маңызды.
Жеті модульді ықпалдастыра жүргізуде мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет:
2
Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға
деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын
жетілдіру;
2
Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
2
Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;
2
Мұғалім бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатындығын мойындап, әрі қарай
дамытуы керек.
Ол үшін өзі де өзгеруі, әсіресе дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет.
Міне, осындай күрделі де қызықты бағдарламаны жүзеге асыру біздің басты міндетіміз.
К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деп бекер айтпаған. Ал, жаңа форматтағы үш айлық
оқытудың кэмбридждік әдіс-тәсілін үйренгеннен тапқанымыз көп болды. Бұл тұрғыда оқытудың қыр-
сырын үйреткен және жаңашыл ұстаздың шынайы көрінісін көрсеткен тренерімізге мың алғыс.
Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңіссе, білімді де
тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары сөзсіз.
Ал, жастар- еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым болса,
өміріміздің әрі болары анық. Білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс- тәсілдер арқылы ақпараттық
технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін сындарлы оқыту
теориясының берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту әдісін меңгеруден бас
тартпауы тиіс деп есептейміз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
АҒЫЛШЫН ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН
АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің
тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің
фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім
сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық
құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді
білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан
«Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген:
«Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы
заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық
және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы анықтамаға
қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің
түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік
бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде
болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты,
лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең
мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік
ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен
жақындасатынына негізделген.
Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы. Фразеологизмдер мен мақал – мәтелдердің
арақатынасы өте күрделі. Кең мағынада мақал – мәтелдер және оларға жақын қанатты сөздер
фразеологизмдерге жатқызылуы әлі толық шешілмеген мәселе емес. Бұлардың фразеологизмдерге
қатысын түсіну үшін, алдымен мақал – мәтелдердің тілдік сипатын, әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктерін, бір – бірінен айырмасын түсіну қажет. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас
болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес.
Мақал деген – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны
жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі
ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың
көпшілігі екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді. (түстік өмірің болса, кештік
мал жина; ер бір рет өледі, ез мың рет өледі т.б.) Мағынасы жағынан екі компонентті мақалдың
алдынғы бөлімінде әр нәрсенің жайы не әрекетінің жағдайы, шарты байымдалса, кейінгі бөлімінде
соған қатысты қорытынды, түйінді пікір тұжырымдалады (бір кісі таққа отырса, қырық кісі атқа
отырады; ер арыса аруақ, ат арыса тулақ т.б.). Бірақ мақалда айтылатын ойдын өзара шарттылығы
міндетті болмай, логикалық жағынан бір – біріне ұқсас өмірдегі құбылыстар оның екі бөлімінде де
байымдау түрінде берілуі мүмкін.
Мысалы:
Су басынан бұзылады, балық басынан шіриді; адам құлақтан азады, көңілден семіреді т.б.
Мақал дәл мағынасында да, ауыс мағынасында да айтылады.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |