7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезінде қызметкерге демалыс күндері үшін
далалық жабдықталым ақшасын тӛлеу оны ол қай жерде (далалық
жұмыстар
жүргізілетін объектіде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар
жүргізілетін жерден тысқары) ӛткізуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай тәртіп
еңбекті ұйымдастырудың, еңбек пен тынығу режимінің қабылданған нысандарына
қарамастан қолданылуы мүмкін.
159-бап. Қызметкерлерге жҧмыс берушінің қаражаты
есебінен әлеуметтік жәрдемақы тӛлеу
1. Жұмыс беруші ӛз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша
жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тӛлеуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
әлеуметтік жәрдемақылар тӛлеу үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар
қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті
қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының
есебімен тӛленеді.
4. Әлеуметтік жәрдемақы мӛлшерін, оларды тағайындау және тӛлеу тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жұмыс
берушілер қызметкерлерге
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы
мӛлшеріне қосымша тӛлемдер белгілеуге құқылы.
Ескерту. 159-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.12.19.
N 9
(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды
(зиянды) ӛтеу жӛніндегі міндеттері
1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарына сәйкес ӛтейді.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер
мен жұмыс берушінің
материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.
3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек
шарты тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) ӛтеу жӛніндегі
материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.
161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтіргені
ҥшін материалдық жауапкершілігі басталатын
жағдайлар
1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына ӛзі келтірген
залал (зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының ӛзге заңдарында ӛзгеше кӛзделмесе, құқыққа қарсы
кінәлі мінез-құлық (әрекет
немесе
әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы
кінәлі мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс
үшін басталады.
2. Жұмыс беруші қызметкер алдында:
1) қызметкерді ӛз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру
арқылы келтірілген залал үшін;
2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
3) қызметкердің ӛміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян
үшін материалдық жауаптылықта болады.
3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында:
1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген
залал үшін;
2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал
үшін материалдық жауаптылықта болады.
4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта,
еңбек шартында
белгіленген басқа жағдайларда ӛзара материалдық жауаптылықта болады.
162-бап. Жҧмыс берушінің қызметкерге оны еңбек ету
мҥмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген
залал ҥшін материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына
жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты ӛзгертілген, қызметкер
жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты
негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші
қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған
тиесілі ӛзге де тӛлемдерді оған ӛтеуге міндетті.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер
ӛкілдерімен келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз
айыру арқылы келтірілген залалды жұмыс берушінің ӛтеуінің қосымша жағдайлары
белгіленуі мүмкін.
163-бап. Қызметкердің мҥлкіне келтірілген залал ҥшін
жҧмыс берушінің материалдық жауапкершілігі
Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының,
ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық кӛлемде ӛтеуге міндетті.
164-бап. Қызметкердің ӛміріне және (немесе)
денсаулығына келтірілген зиян ҥшін жҧмыс
берушінің материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның ӛміріне
және (немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге
келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кӛзделген
кӛлемде ӛтеуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында кӛзделген зиян қызметкерде сақтандыру
тӛлемдері болмаған кезде толық кӛлемде ӛтеледі. Сақтандыру тӛлемдері болған
кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мӛлшері
арасындағы айырманы ӛтеуге міндетті.
3. Жұмыс берушілердің қызметкерлердің ӛміріне және (немесе)
денсаулығына келтірілген зиянды ӛтеу тәртібі Қазақстан
Республикасының заңнамасында айқындалады.
165-бап. Қызметкердің жҧмыс берушіге залал келтіргені
ҥшін материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін
материалдық
жауапкершілігі осы Кодексте кӛзделген жағдайларда және мӛлшерде басталады.
2. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды ӛтеуге
міндетті.
3. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті
қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы
үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жӛніндегі міндеттерді орындамауы
салдарынан туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал
үшін жауапкершілігі жойылады.
4. Қызметкерге қалыпты ӛндірістік-шаруашылық тәуекел санатына
жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді.
5. Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты
жұмысы және оларға сеніп
тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар
жасауға міндетті.
6. Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе
аталған мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін
жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің)
жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе