Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет28/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51

қалпына келтіру үшін шығындалуына не артық тӛлем тӛлеуіне деген қажеттілігі 
түсініледі. 
      
166-бап. Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің шегі
 
      Қызметкер келтірілген залал үшін, егер осы Кодексте ӛзгеше кӛзделмесе, 
ӛзінің орташа айлық жалақысы шегінде материалдық жауаптылықта болады. 
      
167-бап. Қызметкердің жҧмыс берушіге келтірілген залал
 
                
ҥшін толық материалдық жауапкершілікте болу
 
                
жағдайлары
 
      Мынадай: 
      1) қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті ӛзіне алу туралы 
жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың 
сақталуы қамтамасыз етілмеген
      2) қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа 
да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 
      3) алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) 
жағдайда залал келтірілген; 
      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (ӛнімдер), оның ішінде 
оларды әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге 
пайдалануға берген құрал-саймандар, ӛлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен 
басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген; 
      5) қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен расталған заңсыз іс-әрекеттерінен залал келтірілген жағдайларда 
жұмыс берушіге келтірілген залалдың толық мӛлшеріндегі материалдық 
жауапкершілік қызметкерге жүктеледі. 
      
168-бап. Толық жеке және ҧжымдық (ортақ) материалдық
 
                
жауапкершілік туралы шарттар
 
      1. Ӛндіріс процесінде ӛзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға, 
ӛңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе ӛзге де 
пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер 
және жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың 
сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық 
жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады. 
      2. Ӛндіріс процесінде ӛздеріне берілген мүлік пен құндылықтарды 
сақтауға, ӛңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе ӛзге де 
пайдалануға байланысты, келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық 
жауапкершілігінің аражігін ажырату мүмкін болмайтын жұмыстарды бірлесіп 
орындайтын қызметкерлер және жұмыс беруші қызметкерлерге берілген мүліктің 
және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін 
қызметкерлердің толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілігі туралы 
жазбаша нысанда шарт жасасады. 
      3. Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы 
шарттар еңбек шартын жасасу кезінде де, еңбек шартына қосымша ретінде де 
жасалуы мүмкін. 
      4. Қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың 
сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) 
материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлер 
атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ 
толық материалдық жауапкершілік туралы үлгілік шарт ұжымдық шартпен (ол бар 
болған кезде) немесе жұмыс берушінің актілерімен бекітіледі. 
      
169-бап. Еңбек шарты тараптарының келтірілген залалды
 
                
(зиянды) ӛтеу тәртібі
 
      Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы 
Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мӛлшерде сот 
шешімінің негізінде не ерікті түрде ӛтейді. 


 
15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
 
      
170-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жӛніндегі органдар
 
      1. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар 
қарайды. 
      2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының ӛтініші бойынша келісім 
комиссиясы қарайды. 
      3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін ӛз қалауы 
бойынша тікелей сотқа жүгіне алады. 
      
171-бап. Келісу комиссиясын қҧру және оның жҧмысын
 
                
ҧйымдастыру
 
      1. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және 
қызметкерлердің ӛкілдерінің бірдей санынан құрылады. 
      2. Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі және 
келісім комиссиясы ӛкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің 
арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпы 
жиналысында (конференциясында) белгіленеді. 
      3. Келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері 
қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу 
комиссиясының жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен 
тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында 
кӛпшілік дауыспен ӛз құрамынан тӛраға мен хатшыны сайлайды. 
      4. Келісу комиссиясы еңбек дауын ӛтініш берген күннен бастап жеті 
күндік мерзімде қарайды. 
      5. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол 
қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ӛтініш иесіне 
беріледі. 
      
172-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жӛніндегі органдарға
 
                
жҥгіну мерзімі
 
      Жеке еңбек дауларын қарау жӛніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай 
мерзімдер белгіленеді: 
      1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек 
шартын бұзу туралы актісінің кӛшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай; 
      2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші ӛз 
құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл. 
      
173-бап. Еңбек даулары жӛніндегі келісу комиссиясының
 
                
қҧзыреті
 
      Келісу комиссиясы, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ӛзге де 
заңдарында қараудың ӛзгеше тәртібі белгіленген дауларды қоспағанда, ұйымдарда 
туындайтын еңбек дауларын қарау жӛніндегі орган болып табылады. 
      Егер қызметкер келіспеушіліктерді жұмыс берушімен арадағы ӛзі немесе ӛз 
ӛкілі қатысатын тікелей келіссӛздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын 
келісу комиссиясы қарайды. 
      
174-бап. Еңбек дауларын келісу комиссиясында қарау
 
                
тәртібі
 
      Келісу комиссиясына келіп түскен ӛтініш аталған комиссияда міндетті 
түрде тіркелуге тиіс. 
      Келісу комиссиясы еңбек дауын ӛтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 
жеті күн ішінде қарауға міндетті. 
      Дау ӛтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген ӛкілдің қатысуымен 
қаралады. Дауды қызметкердің немесе оның ӛкілінің қатысуынсыз қарауға тек 
оның жазбаша ӛтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның ӛкілі 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау